Өттегі тас – бұл өтте түзілген, кішкентай бөлшек тастар. Өт асқорытуға мүмкіндік жасайды; ол бауырдың астында орналасқан, өт қабында жиналады. Өттің түйіршікті тастары, өт қабында немесе өттің аш ішекке баратын жолдарында түзіледі.

Өттегі тас құм ұнтағындай да болуы мүмкін, немесе гольф добының көлеміндей болуы да ғажап емес. Негізінде, ол мәселе туғызбайды, егер ол өттің басқа мүшелерге баратын жолдарын бекітіп қалмаса. Егер ол күтпеген жерден туа қалса асқазанды ауыртады және басқа да симптомдар кездеседі.

Өттегі тас – жиі кездесетін кесел. Ол өтте холестерин бөлінсе және өт қабы өттен дер кезінде босай алмай қалған кезде түзіледі. Өттегі тас әсіресе әйелдерде көптеп кездеседі, сондай-ақ, толық адамдарда, кәрі кісілерде, орақтәрізді-жасушалы аурумен ауыратан адамдарда, тез семіретін адамдарда, сонымен қатар, белгілі бір дәрілерді қабылдайтын адамдарда көптеп кездесіп жатады.

Өттерінде түйіршікті тастарыд бар адамдардың көпшілігінде ешқандай да симптомдар білінбейді, және олар аса бір емделуді де қажетсінбейді.

Егер симптомдар пайда бола қалғанның өзінде, ол әдетте асқазанның үстіңгі жағы ауырып тұрғандай сезіп туғызады. Симптопдардың өмірге қауіп төндіретін кездері сирек кездеседі. Өттегі тастан берілетін аурулар түрлі қарқында болады және одан құсы жағдайы туындауы мүмкін. Өттегі тас туындаған симптомдар, әдетте өт қабын алып тастау үшін жасалған операция арқылы емделуі мүмкін (холецистэктомия).

Тегтер:
өттегі тас
өттас ауруы
сарғыштану
жүрек айну
құсу
асқазанның ауруы.