Мазмұны
Синонимдері
Жалпы ақпарат
Розацеа (қызғылт безеу) – беттің қызарып ісінуімен сипатталатын, терінің созылмалы ауруы. Сондай-ақ, оның сыртқы түрі безеуге ұқсас ісіктің және жараның пайда болуымен көрініс береді.
Розацеа – беттің айналасы, иек, маңдай немесе қабақтың қабынуымен сипатталатын жағдай. Бұл созылмалы ауру қызарып басталады, безеуге ұқсап келеді де қантамырлар қабынып, теріде бөртпелер мен ісік пайда болады. Сондай-ақ бұл жағдай тек әйелдерге тән болып келеді.
Себептері
Розацеаның пайда болуы себептері белгісіз. Бірақ, болуы мүмкін факторлар қатары бар:
• Жастың 30-50-дің арасы болуы;
• Теріде ашық түсті ісіктің болуы;
• Әйел жыныстыларда (ерлерде бұл аурудың симптомдары айқын түрде көрініс береді).
Розацеа кезінде терінің астында орналасқан қантамырлар қабынады. Бұл терінің басқа ауруларымен байланысты болуы мүкін (безеу, себорея) немесе көз (блефарт, кератит).
Симптомдары
• Беттің қызаруы;
• Қызыл шырайдың пайда болуы;
• Бетте көптеген өрмекшітәріздес қан тамырларынің көрінуі
• Мұрынның қызаруы
• Теріде беті жағы дымқыл қабыршықты безеулі бөртпелердің пайда болуы:,
• Беттің терлеуі мен күйуі;
• Тітіркену, көздің қызаруы, көзден жас ағу
Диагностикасы
Розацеаны диагностикалу үші дәрігер сізді тексеріп, сырқатыңыз туралы арнайы сұрақтар қояды.
Емдеу
Розацеаны емдеу үшін қандайда бір әдіс түрі анықталмаған.
Ем жүргізуші дәрігеріңіз ауру белгілерін асқындыратын факторларды анықтауға көмектеседі. Оларды триггерлер деп атайды. Әр науқастың триггерлері жеке сипатқа ие. Триггерлерді болдырмау арқылы ауру белгілерінің пайда болмауына, немесе белгілерді бәсеңдеуіне ықпал етуге болады.
Төменде ауру белгілерін бәсеңдетуге немесе алдын алуға арналған кейбір кеңестер ұсынылған:
• Күн көзінде жүруден сақтаныңыз. Күнделікті күннен қорғайтын арнайы крем пайдаланыңыз.
• Күннің ыстық кезінде аса белсенілікпен қимылдамаңыз.
• Стресстен сақтаныңыз. Терең тыныс алып, йогамен айналыссаңыз болады немесе басқа релаксация түрімен шұғылданыңыз.
• Тәтті тағамдарды, алкогольді және ыстық сусындарды тұтынудан тыйылыңыз.
Ауруды асқындыратын басқа да фактор түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: жел, ыстық ванна, суық ауа райы, косметикалардың кейбір түрлері, дене шынықтыру.
• Таблетка түріндегі антибиотиктер(мысалы, тетрациклин, миноциклин, доксициклин) немесе жақпамай түрі теріңізде пайда болған мәселелерге көмектесе алады.
• А витаминіне ұқсайтын басқа дәрілер (Изоретинол және Аккутан) барынша күшті дәрілер болып табылады, оны тек дәрігердің тағайындауымен қолдану керек.
• Розацеа – бұл безеу емес, сонықтан безеуге арналған дәрілерді қолдану арқылы сіздің жағдайыңыз жақсармайды.
Ауыр жағдайда қызарғанын басуға лазерлік хирургия көмектеседі. Сондай-ақ сыртқы түрін жақсарту үшін хирургиялық ота арқылы мұрынның қабынған тіндерінің азғантай бөлігін жоюға болады.
Болжамы
Розацеа – негізі зиянсыз жағдай болып есептеледі, бірақ оның әсерінен сыртқы көзден қысылуыңыз мүмкін. Аталмыш жағдай емделмейді, оны тек бақылауда ұстау керек.
Мүмкін болатын асқынулар
• Сыртқы кейіпті нашарлатып көрсетеді (мысалы, мұрынның қызыл ісінген тұсын)
• Өзін-өзі төмен санауға ықпал етеді.
Синонимдері
Қызғылт безеу
Беттің ісінуі, безеулер, аллергиялық серпіліс (ерлерде / әйелдерде)
Тегтер:
розацеа
қызғылт безеу
безеу
акне
терідегі бөртпе
розацеа деген не