Тіс протездері – импланттанып, жоғалған тістердің орнына қойылған жасанды тістер. Тіс протездері толық және ішінара болып келеді. Толық протездер астыңғы немесе үстіңгі жаққа толығымен киіледі. Ішінара протездер бір немесе бірнеше тістің орын жауып туру үшін киіледі.

Заманауи дамудың нәтижесінде тіс дәрігерлері протездердің сапасын жақсартуда. Қазір олардың сыртқы түрлері барынша табиғи тіске ұқсатылды, онымен қоймай олар өте ыңғайлы. Бірақ протездерді салған адамдар өздерін бастапқыда бірүрлі сезінеді. Алғашында сізге тіс дәрігеріне жиі баруға тура келеді, ал ол жасанды тістердің қалай тұрғандығын, дұрыс орналасқанын қадағалайды. Уақыт өте келе ауыз қуысы да өзгеріке үйреніседі, сол кезде емін-еркін жасанды тістерді салып жүре аласыз. Тіс дәрігерінің өзгерісті қалай игеретініне мән беріңіз.

Протездерді салғанда сіз бірнеше түрлі өзгерістерді байқайсыз, мысалы сөйлегенде, тамақ ішкенде. Ыстық тамақ пен сусындарды қабылдағанда протезді абайлаңыз, мүмкін болса, алып қойсаңызда болады. Бірақ тамақ арасында кездесіп қалған кішкентай түйіршіктерге мән бермей-ақ қойсаңыз да болады.

Тегтер:
тіс
тістің түсуі
протез
Алматыдағы тіз протездерін салу орындары,
протездеу
стоматология