Адам тістері сүйек типтес мықты материалмен толықтырылған. Тістің ішінде жүйке және қан тамырлары бар. Тіс адамға көптеген қажеттіліктерді өтеу үшін қажет. Мысалы, тамақтану үшін, сөйлеу үшін және тімті күлу үшін де. Тіске қатысты аурулар тіс жегі, инфекция және жарақаттан туындайды.

Бұл аурудың жиі кездесетін симптомы, осы мәселе жайында бірден-бір белгі беруші жағдай ол – тістің ауруы. Сонымен қатар мұнда тістің шытынау мен түсуін де кіргізсе болады. Тіс ауру мәселелері туындағанда уақытылы тіс дәрігеріне барып тексерілген жөн. Қуанышқа орай тіс ауруларының барлығын дерлік емдеуге болады, ол үшін алдымен тістің таза тұруына аса мән беріңіз.

Ауыз қуысын таза ұстау үшін және тістеріңіздің сау болғанын қаласаңыз, төмендегі кеңестерді оқыңыз:
• Күн сайын фтор жиналған тісті тіс пастасымен жуып тұрыңыз;
• Күн сайын тістеріңіздің арасын тіс жібімен тазалап тұрыңыз;
• Тәтті тағамдарды тым көп жемей, енді шектеңіз;
• Шылым шекпеңіз және табак шайнамаңыз;
• Тіс дәрігеріне және гигиенистке жиі тексеріліп тұрыңыз.

Тегтер:
қызыл иек
қызыл иектің ауруы
тіс жегі
қанау
қабыну
ауру