Мазмұны
Аталық бездің бұралуы дгеніміз не?
Аталық бездің бұралуы – ұрықтық түтіктің дертті бұралуы. Оның нәтижесінде аталық безге қан келуінің тежелуі орын алады.
Аталық бездің бұралуының себебі белгісіз. Ауру көбінесе, жыныстық жетілу кезіндегі ұлдар мен жасөспірімдерде болады. Жыл сайын 25 жастан кіші 4000 ердің 1-де аталық бездің бұралуы болады.
Аталық бездерде, немесе ұрықтық түтіктерде ерлердің гормондары және шәует өндіріледі. Бұл ұманың (пенистің артында орналасқан тері-бұлшық еттік қалта тәрізді құрылымның) ішіндегі екі жұмыртқа тәрізді ағза.
Аталық бездің бұралуының симптомдары қандай?
Бұл ауру кезінде науқастар ұмада күшті ауруды сезінеді. Аталық без ісінген немесе сау аталық безге қарағанда үлкенірек болып көрінеді. Жүрек айнуы, құсу, бас айналуы немесе ұрықтық сұйықтықта қан болуы мүмкін.
Аталық бездің бұралуы қалай емделеді?
Емдеуі - ұрықтық түтікті жазу бойынша операция жасау қажет. Сондай-ақ, дәрігерлер аталық безді жанындағы тіндерге бекітуді қамтамасыз етуі мүмкін, болашақта бұралу болмас үшін. Бұл шара – орхипексия аталады.
Аталық бездің бұралуын қаншалықты тез емдеу қажет?
Ұмада ауырсыну болса, шұғыл түрде дәрігерге хабарласыңыз. Егер аталық бездің бұралуы болса, әдетте, 6 сағат ішінде оперативтік араласу болса, оны сақтауға болады. Ұзақ күткен сайын зақымдалған аталық безді алып тастау ықтималдығы артады.
- Ұманың ісінуі аталық бездің бұралуымен байланысты ма?
- Оперативтік емдеу қажет пе?
- Операциядан кейінгі қалпына келу кезеңі қаншалықты ұзақ?
- Операциядан кейін жайлы сезіну үшін не істеуге болады?
- Бала өрбітуге қабілеті болады ма?
- Жыныстық өмірім қалыпты болады ма?
- Бір рет аталық бездің бұралуы орын алса, тағы пайда болуы мүмкін бе?