Мазмұны

Жалпы ақпарат

Не істемеу керек

Дәрігерге қашан қаралу керек

Жалпы ақпарат
Демікпе және аллергия жайында толығырақ мына сілтемеден оқыңыз: http://www.zdrav.kz/node/233

Астан болатын аллергия жайында мына сілтемеден оқыңыз: http://www.zdrav.kz/node/9591

Төменде аллергиялық реакция туындағанда қандай алғашқы көмек көрсету керектігі жайында ақпарат берілген.
Аллергияның жеңіл және салмақты ауыртпалығы болады:

Алдымен өзіңіз сабыр етіңіз, және осы жағдайға тап болған адамды тыныштандырыңыз. Адам абыржығанда симптомдар көтеріліп кетуі мүмкін.
Аллергенді теңестіріп көріңіз және мұндай аллергендерден алдағы уақытта аулақ жүруге тырысыңыз. Егер араның шаққанынан аллергиялық реакция пайда болса, қатты заттың көмегімен оның инесін алып тастаңыз. Мысалы, тырнақпен немесе пластикалық кредит картасымен. Қысқыш қолданбаңыз. Теріге қадалған жәндіктің инесін сығып жіберсе, одан у таралуы мүмкін.

1. Егер адамда бөртпе немесе қышу пайда болса, салқын компресс басыңыз және гидрокартизонды жақпа май жағыңыз;
2. Қатерлі симптом пайда бола ма, бақылау керек;
3. Медициналық көмекке көңіл бөліңіз. Жеңіл аллергиялық серпіліс болса, дәрігер сізге антигистаминді дәрілік препаратты қабылдауды тағайындайды.

Аллергиялық реакцияның ауыр түріне тап болған адамның тыныс алу жолдарын тексеріңіз, сонымен қатар, тыныс алу мен қанайналымның ағымын да бақылаңыз. Қауіпті белгі болып – кеңірдектің ісуі есептеледі. Ол кезде, дауыс қысылады, жіңішкеріп не болмаса жуарып шығады, және тыныс алуы қиындай түседі. Онадй жағдай орын алса жасанды дем беретін жүрек-өкпелік реанимациясын өткізу керек.

1. Кешіктірмей жедел жәрдемге хабарласыңыз;
2. Сабыр сақтаңыз, зардап шеккен адамды да сабырға шақырыңыз;
3. Егер аллергиялық серпіліс ара шаққаннан болса, оның теріге қадалған инесін тырнақпен немесе қатты бір затпен итеріп, алып тастаңыз. Қысқыш қолданбаңыз. Инені сықса, уы одан сайын денеге таралуы мүмкін.
4. Егер зардап шекен адамның қолының астында аллергияға қарсы дәрісі болса, оны алып беріңіз. Ауыз арқылы, тыныс алу жолдарына әсер ететін дәрілерді мүлдем қолданбаңыз.
5. Есеңгіреудің шамамен өлшемін анықтаңыз. Егер адам жатса, онын аяғын 30 см биіктікке көтеріп қойыңыз, пальто немесе көрпемен жабыңыз үстін. Мына жерлері зақымданған адамдарды мұндай күйде жатқызып кетпеңіз: басы, мойны, арқасы, аяғы немесе жайсызданып тұрған кезде.

Не істемеу керек
• Адам аллергияға қарсы бір иньекцияны қабылдап алса болды, барлық қауіп-қатерден құтылады деп ойлап қалмаңыз;
• Демі қысылып жатқан зардап шегушінің басының астына жастық төсемеңіз. Ол оның тыныс алуына едәуір кедергі жасауы мүмкін;
• Демі қысылып жатқан адамға аузынан ешнәрсе ішкізбеңіз.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Төмендегідей жағдайлар орын алса көп күттірмей медициналық көмекке жүгініңіз:
• Зардап шеккен адамда аллергиялық реакцияның ауыр формасы болса. Симптомдардың білінуін күтпеңіз;
• Егер зардап шеккен адамда бұрін ауыр формадағы аллергиялық серпіліс болса.

Дереккөз: АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институтарының дерекқорынан алынды: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000005.htm
Беттің ісінуі, безеулер, Аллергиялық реакцияс (ерлерде/әйелдерде)

Тегтер:
аллергия
аллергиялық реакция
аллергияға алғашқы көмек
денедегі бөртпелер