Бұл не? Қарашықтың көлемінің әр түрлі болуы, тұқым қуалаушылықтың белгісі болуы мүмкін, бірақ сонымен қатар түрлі аурулар мен жарағаттардың салдарынан да туындап жатады. Егер бұл жүре пайда болған және тұқым қуалайтын белгі болса, онда қарашықтың түрлі көлемі, қалыпты болып саналадды, және одан мазасыздық туындамайды.
Себептері. Қарашықтың көлемі мен пішінінің өзгеруі ішкі қан кетудің, ісіктің, абцесстердің, аневризмдер мен басқа да бұзылыстырдың нәтижесінен болуы ықтимал. Негізінен көптеген себептер жарақаттардан туындайды. Жарақат алғанда, көздің бұлшықеттері зақымдалуы мүмкін, ол кезде игеруші бұлшық еттерге зақым келсе, олар қарашықтың көлемі мен пішініне әсер етеді. Көздің бұлшықеттері қарашықтың көлемі мен оның домалақ формасының қалпын сақтауға ықпал етеді. Жарақат алған кезде көз алмасы зақымдануы мүмкін, көздің мөлдір бөлігі (нұрлы қабығы), оның салдарынан домалақ пішін өзгеріп кетуі мүмкін. Көздің зақымдануы қарашықтың жарық пен мөлшерді басқаша қабылдауына себеп болуы мүмкін
Қандай шара қолдану керек. Егер қарашықтың көлемі мен пішіні өзгерсе, және ол басмилық жарақатпен немесе қабынумен байланысты болса, сондай-ақ бас ауру, жүрек айну, құсу, бұлдырау немесе қылилық, дене қызуының көтерілуі, мойында ауырсыну мен қысымның болуы, денені еңкейткен кезде бас ауыруының күшейгені сияқты симптомдар білінсе – ДӘРІГЕРГЕ ДЕРЕУ ҚАРАЛЫҢЫЗ!
Ары қарай диагностикалауға сізге мынадай әдістер қолданылуы мүмкін: жалпы қан талдамасы, компютерлі томография, электроэнцефалография, ядролық магниттік резонанс (ЯМР), бас сүйекті рентген, мойын бөлігіне рентген, көз ішкілік қысымды өлшеу (су қараңғылыққа күмән болса), жұлын сұйықтығына тексеру жүргізу
Тегтер:
қарашықтың көлемі мен пішінініңөзгеруі,
су қараңғылық,
МРТ,
бас мидың зақымдануы,
көздің бұлдырауы,
екі бейненің көрінуі