Көрудің өзгерістері көз алмасының (көздің торлы қабығы) артқы жағын жауып тұратын тіндерде, көру жүйкесінде немесе көздің қан тамырларында нақты проблемалардың барын көрсетеді. Егер жоғарыда аталған көрудегі өзгерістер кенеттен пайда болған болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.
• Жарық жарқылы (фотопсия). Фотопсия - бұл қысқа, бірақ та қайталанатын жарықтың жытылдауы немесе сызықтар мен жарқылдар болып табылады. Әсіресе басты немесе көзді жылжытқанда байқалады. Жарық жарқылын қараңғы фонға қараған кезде оңай көруге болады. Қысқа жарқылдар торлы қабықтың ажырауынан пайда болуы мүмкін.
• Жылжымалы объектілер – көру аумағында пайда болатын қараңғы объектілер немесе көлеңкелер. Жылжымалы объектердің кенеттен пайда болуы торлы қабықтың ажырауының белгісі болуы мүмкін.
• Көру аумағындағы қараңғылық пен бұлдыраулар. Бұл жағдай торлы қабықтың ажырауынан болуы мүмкін.
• Бір немесе екі көзде көрудің ішінара немесе толық жоғалуы. Бұл торлы қабықтың ажырауынан болуы мүмкін.
Тегтер:
көрудің өгерістері
көрудегі бұзылыстар
көздегу ауру сезімі
соқырлық
торлы қабықтың ажырауы
глаукома
көру жүйкесінің атрофиясы