Тырнақ түсінің өзгеруі көптеген себептерге байланысты болады.
• Жарақат алған кезде тырнақтың қараюы.
- Жарақаттанған тырнақтың астының қанағымы немесе қанталауы тырнақтың қаралайды немесе оған шымқай қызыл түс береді. Тырнақтың астындағы ұйыған қанды дренаждау керек. Тырнақтың қарайғанының жазылуына бір апта уақыт кетуі мүмкін.
- Кейде жарақаттанған тырнақ астының қараюы – тырнақ орнының (тырнақ қалыптаса бастайтын аймағының) жарарақатын білдіреді. Бұл жағдайда тырнақты алып тастап, тырнақ ернеуін емдеу қажет.
- Меленома жарақаттанған тырнақты қарайтып, оған тегіс емес түр беруі мүмкін.
• Тырнақтың көгеруі дәрілік препараттардың жанама әсерінен пайда болуы мүмкін.
• Көгерген тырнақтар қанның құрамында оттегінің төмендеуіне байланысты проблемалардан да туындайды. Мысалы, демікпе мен өкпенің обструктивті ауруы, қатты қаназдық, салқындау, теңіз үстінен көтерілгендегі биіктік деңгейінің әсер етуі, перифериялық артериялар ауруы немесе шок (естен тану).
• Қараторы адамдарда қоңыр жолақтар көп кездеседі. Егер олар жаңадан пайда болып немесе ауыса бастаса, онда алаңдауға негіз бар. Дұрыс тамақтанбау немесе дәрі-дәрмекті дұрыс пайдаланбау қоңыр жолақтарға әкеп соқтырады
• Жасылдану саңырауқұлақ инфекцияларынан немесе бактерияларынан туындайды.
• Өңсіз, боз тырнақтың пайда болуы дұрыс тамақтанбау, қаназдық,
• денуіне, бозаруына
• Тырнақтың өңсізденуі, бозаруы дұрыс тамақтанбаудан пайда болуы мүмкін. Атап айтқанда, қаназдық немесе цинктің жетіспеушілігі және басқа да медициналық проблемалардың әсері.
• Тырнақтағы ақ дақтар немесе лейконихия әдетте жеңіл жарақаттанғанда, тіпті білінбей қалуы да мүмкін. Бұл тырнақтың дақтануы бір аптада, бір айда ешқандай емдеусіз кетіп қалады.
• Тырнақтың сарғаюы тырнақтың тырнақ орнынан ажыраған кезінде (онихомадезис) туындайды, жарақат алғандағы терінің күйі немесе зақымдануы болып табылады. Сондай-ақ, ол өкпенің созылмалы ауруы немесе қатерлі ісік секілді медициналық проблемалардан туындайды. Кейбір бояуды әсіресе қызық түсті лакты дұрыс пайдаланбаған кезде немесе шылым шегу салдарынан тырнақтар сарғаюы мүмкін.