Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы


Жалпы ақпарат

Жанаспалы дерматит – бұл ауру қандай да бір затпен тікелей жанасқанның салдарынан туындайды. Ол қабынбалы, жараға түрінде болады, үстіңгі жағы қызарып тұрады.
Жанаспалы дерматиттің екі формасы бар: аллергиядан және тітіркенуден (тиген бір заттың әсерінен) туындаған.

Кейбір өсімдіктер уыт бөледі, одан тері тітіркенеді. Бұл емен ағашының жапырағынан туындаған у болуы мүмкін. Бұл жапыраққа тері тиіп кеткен кезде, түзу жолақтар пайда болады.


Себептері

Бір заттың тиюі салдарынан тітіркенген дерматит, аурудың ең көп таралған формасы болып табылады. Бұл аурудың себепшілері: түрлі қышқылдар, қабыршықты материалдар, сабын сияқты, жуу құралдары, желдеткіштер, ертінділер мен басқа да заттар. Мұндай заттардан тірі күйгендей әсер береді.

Басқа да тітіркендіргіштер мыналар:

• Цемент;
• Шашқа арналған бояқ;
• Жөргектерді ұзақ уақыт ауыстырмау;
• Пестицидтер мен гербицидтер
• Резиналы қолғаптар;
• Сусабын.

Аллергиялық жанаспалы дерматит, егер сіздің теріңізде аллергия немесе гиперсезімталдық болса, онда алерген болып есептелетін кейбір заттың немесе материалдың әсер беруінен туындайды.

Көбінесе аллерген болып табылатындар, төменде берілген:

• Кірпік жапсыратын кілей және шаш жалғайтын құралдар;
• Антибиотиктер, (неомицин секілді) терінің үстіне жағатын;
• Бальза Перу (көптеген арнайы тамаққа арналған қоспалар, бояқтар сондай-ақ көптеген азық-түлік пен сусындар);
• Маталар мен киімдер;
• Ароматикалық заттар, парфюмерлік, косметикалық, азықтық, сабын және дымқылдандырғыш лосьондар;
• Тырнаққа арналған лактар, шашқа арналған бояқтар, кетіруге арналған сертінділер;
• Жапсырғыштар немесе басқа да материалдар (бағалы бұйымдар, сағат баулары, метал түймелер, ішкиімнің темір ілгектері, бекіткіштер, қалта пышақтары, помадалар мен опалардың қаптары);
• Улы шырмауық, емен, сірке ағашы немесе басқа да өсімдіктер;
• Резиналы немесе латекстік қолғаптар мен аяқ киімдер

Кез-келген затмен алғашқы рет байланыс боған кезде сізге еш әсер білінбеуі мүмкін, бірақ ылғи тұрақты түрде оларды қолдансаңыз бойыңыздағы сезімталдықты сезе бастайсыз, міне ол сол заттан сіздің аллергияңыз бар деген сөз.

Кейбір заттардан туындайтын аллергиялық реакция, терімен ұзақ уақыт бойы үйкеліп, күн сәулесімен астасып барып әсер береді. Оларға қырынуға арналған лосьондар, күннен қорғағыш крем, сульфаниламидті жақпа май, кейбір әтірлер, тасты-көмірқышқылды шайырлар мен майлар жатады. Кейбір ауамен әсер ететін аллергендер бар, олар: шаң немесе инсектицті аэрозолдар, сондай-ақ, олар жанаспалы дерматиттің себепкері болуы мүмкін.

Метал, никель дегендер теріні қабындыруы мүмкін (эритема), бөртпе және қышу туындатады.

Никельді дерматит те жеткілікті түрде кең таралған ауру болып табылады. Оның белгілері: артқы жағы құрышты болаттан жасалған сағатты таққанда білектен білінебі, сондай-ақ тағылған никелді сырғалардың әсерінен құлақтан білінеді, немесе темірден жасалған киім түймелерінен белгілерді байқауға болады.


Симптомдары

Симптомдар аурудың пайда болған себептеріне қарай ажыратылады, сондай-ақ, аллергиялық дерматиттің тудырушы аллергендеріне байланысты болады. Әр адамда ауру симптомдары әр түрлі сипатта көрініс беруі мүмкін.

Аллергиялық реакция күтпеген жерден туындауы мүмкін. немесе аллергенге жолағаннан кейін бірнеше айдан кейін байқалуы мүмкін.

Жанаспалы дерматит көбінесе қолда пайда болады. Шаш күтіміне арналған заттардың, косметикалардың, парфюмениялардың салдарынан бет терісінде, баста, мойында аллергиялық реакция жиі байқалып тұрады. Зергерллік бұйымдар да жанаспалы дерматиттің себепкері бола алады. Ондай жағдайлар тек оларды таққан кезде ғана орын алады.

569 1

Жиі кездесетін симпомдары терінің зақымданған ошағының қышуы. Аллергиялық дерматитте қышу симптомы өте күшті болады. Дерматит кезінде берілген әсерден тері тітіркеніп, сондай-ақ күю мен ауру сезімдері мазалауы мүмкін.

Аллергиялық дерматит кезінде аллерген тиген жердегі тері қызарып, жолақты немесе дақ секілді бөртпелер шығады. Көп жағдайда аллергиялық реакция, аллергенмен жанасқаннан кейін , 24-48 сағаттан кейін бөртпе түрінде басталады. Бөртпелер мынадай болуы мүмкін:

• Үстіңгі жағы дымқыл, күлдіреуік түрінде түзілген томпиған қызылдар бірігуге бейім болады;
• Сипалағанда ыстық болады және ауырсындырып тұрады;
• Сипалағанда жабысқақ, дымқыл болады немесе қабыршықтанып тұрады;
• Беті аршылып-аршылып тұрады, жара болып кетеді немесе үлкейеді.

Дерматит кезінде әсер еткен тітіркендіргіштердың дамуы барысында, тері құрғауы мүмкін, ерін де қызарып кетеді. Қолдарда тіліктер (шытынау секілді) пайда болады. Егер тітіркенудің алды алын баса қабынуы да мүмкін.

569 2


Диагностикасы

Диагнозы терінің сыртқы бетінің негізіне және тітіркендіргішпен немесе аллергенмен қашан жанасқанына байланысты қаралып, тексеріліп қойылады.

Аппликационды аллергологиялық тесттердің (патч-тесттер) өткізу жолдарымен терінің реакциясын тудырған аллергеннің себебі анықталуы мүмкін. Бұл тексеру дерматиттен ұзақ уақыт бойы зардап шегіп жүрген науқастарға қолданылады.

Бұл шараны өткізу үшін, дәрігерге үш мәрте барып-тұруға тура келеді. Оны кәсіби біліктілігі бар және бұл шараны жақсы талдап бере алатын дәрігер жүргізеді.

Теріге емдеу шараларын жүргізу барысында аллерген болуы ықтимал аппликация таңылады. Олардың 48 ағаттан кейін шешіп, терінің пайда болған реакциясын бағалайды.
Үшінші жолығу аппликацияны алып тастағаннан кейін 2 күн өткен соң тағайындалады, енді бұл, өте күрделі реакцияны бағалау үшін қажет болады.

Егер сіз терінің азғантай бөлігіне қандай да-бір материалды тестілеуден өткізген болсаңыз, аллергиялық реакцияны байқасаңыз, онда ноы өзіңізбен бірге алып келгеніңіз жөн.
Басқа да аурулардың туындау мүмкіндігі бар деген күмән болса, онда сізге басқа тексеру жолдары тағайындалады.Мысалы, тері теліміне биопсия жүргізу немесе зақымдалған телімге бактериологиялық зерттеу жүргізіледі (см. бактериологиялық зерттеу тері үлгісіне немесе шырышты қабықа биопсия жасалады).


Емдеу

Теріге тітіркендіргіш тисе, оны толығымен жою мақсатында алдымен терінің зақым алған жерін көп мөлшердегі сумен жуу керек. Кейін ол белгілі болған аллерген немесе тітіркендіргішке қайталап, жуымай-ақ қойған жөн.

Кейбір жағдайда, ең тиімді шешіім, зақымдалған жерге қол тигізбей-ақ қою болып табылады.

Жұмсартқыз заттар немесе ылғалдандырғыштар теріні ылғалдандырып тұруға көмек береді, сондай-ақ, терінің қайта қалпына келуіне жағдай жасайды. Олар терінің қайта қабынудан қорғайды. Аталмыш заттар алдын алу шарасының және жанаспалы дерматит емінің алғашқы қадамы болып саналады.

Құрамында терінің қабынуын төмендететін кортикостеройдтары бар жақпа майлар мен кремдер айтарлықтай көмен беруі мүмкін. Бұл жақпа майлар мен кремдерді қолданарда, оның қолданулы тәсіліне аа мән берген абзал. Аталмыш дәрілерді шамадан тыс қолданса, олар болашақта тері ауруларына соқтыруы мүмкін.

Дәрігер терінің сыртына жағу үшін картикостеройдтармен бірге такролимусті жақпа майларды немесе пимекролимусты кремдерді қолдануды тағайындауы мүмкін.

Ауыр жағдайда кортикостероидты дәрілік препараттар тағайындалуы мүмкін. Дәрілердің жоғары дозалы терапиясы 12 күндік қабылдаулармен жүзеге асады. Сондай-ақ сізге кортикостероидтармен пульс-терапия тағайындалады.

Басқа да симптоптарды жеңілдету үшін тыныштандырғыш және терінің қышуына қарсы кетіргіш лосьонды дымқыл таңғыш байлау тағайындалады.


Болжамы

Жанаспалы дерматит әдетте , асқынбаса, 2 немесе 3 аптаның ішінде жазылады. Дегенмен ауру қиындауы да мүмкін, аллергенді немесе қатысты заттың элиминациясы табылмаса аурудың бетін қайтару қиынға соғады.

Дереккөз: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000869.htm