Мазмұны
Диализ – бұл бүйректердің өз функцияларын дұрыс атқармаған кезде қолданылатын емдеу әдісі. Бұл процедура арқасында бүйректердің өздігінен атқара алмаған жағдайларда зиянды заттар қаннан алынады.
Бүйрек диализінің әр түрлі түрлері бар. Аталмыш мақала гемодиализге арналған.
ГЕМОДИАЛИЗ ДЕГЕН НЕ?
Гемодиализ кезінде қан уақытша ағзадан шығарылып, арнайы мембраналық аппараттан өткізіледі. Қандағы қалдықтар (несепнәр, тұздар және басқа да заттар) мембрана арқылы сыртқа шығып алып тасталынады, ал формалық элементтер, жасушалар және қан ақуыздары ағзаға қайта оралады.
Егер сіге гемодиализ жасалатын болса, медицина қызметкерлері сіздің қан тамырларыңызға жету жолын табуы қажет. Бұл процедура қол жеткізуді қамтамасыз ету деп аталады. Ол біраз уақыт (уақытша) немесе ұзақ уақыт (тұрақты) болуы мүмкін.
Уақытша қол жеткізуді қамтамасыз ету - үлкен венаға, әдетте мойнын, кеуде немесе шап аймағындағы аяқтың веналарына қуыс түтікті (катетер деп аталады) енгізеді. Бұл көбіне қысқа мерзім ішінде төтенше жағдайларда жасалады. Алайда, кейбір катетерлер бірнеше апта немесе бірнеше ай бойы қолданылуы мүмкін.
Тұрақты қол жеткізу хирургиялық әдіспен артерияны венаға жалғау арқылы жасалады, әдетте қолдағағы тамырларға. Оны қалыптастырудың екі әдісі:
• Артерия мен вена тікелей бір-біріне байланыстырылады. Бірнеше айдан соң олар артериовенозды фистула түзеді (АВФ). Байланыстыру бұл типі инфицирленудің қаупін төммендетеді және ұзақ уақытқа сақталады.
• Жасанды мост (артериовенозды графт – АВГ) артерия мен венаны бірге байланыстырудың тағы бір әдісі. АВГ диализді бірнеше апта жасау үшін қолданылады.
• Диализ жасаған кезде, бір немесе екі ине қол жеткізу аймағында орналасады.
ДИАЛИЗ ҚАЙДА ЖАСАЛАДЫ?
Гемодиализ жиі арнайы диализ орталықтарындаф жасалады. Пациенттер, әдетте аптасына үш процедурадан алып тұрады. Әр процедура 3-4 сағат уақыт жасалынады. Көптеген пациенттер диализден бірнеше сағаттан соң шаршау сезінеді. Кейбір жағдайларда диализ үй жағдайында орындауға болады. Үй жағдайында диализ мына екі схеманын біреуімен жасаланады:
• Аптасына кем дегенде 5-7 күн өткізетін қысқа процедуралар (2-3 сағаттан),
• Аптасына 3-6 түн ұйқы кезінде өткізетін ұзақ, түнгі процедуралар,
Диализ процедурасы артериальды қысымның төмендеуіне септік болады. Көптеген пациенттер артериальды қысымды түсіретін препараттарды, бұл процедурадан кейін қажет етпейтін болады. Түнгі процедуралар кезінде токискалық заттар жақсырақ шығарылады. Олар баяу жасалынады, сол себепті жүрекке және қол жеткізу орнына жүктеме түспейді.
Диализдік мейірбике пациенттерге диализді үй жағдайында жасауға үйрете алады. Пациенттер гемодиализға қажет аппаратты сатып алмауы керек. Ол аппараттар пациенттерге берілуі керек. Егер процедура үй жағлайында орындалатын болса, онда пациент өзі немесе оның бір көмекшісі мына нәрсені үйренуі шарт:
• Аппаратпен қолдану
• Қол жеткізу орнына инені сала білу
• Ем кезіңде аппарат пен артериальды қысымды тексеріп отыру
• Нәтижелерді сақтау
• Аппаратты тазалау
• Шығын материалдарға тапсырыс беру
ГРАФТ ПЕН ФИСТУЛАҒА КҮТІМ
Қол жеткізу орнынан қысым түсуден аулақ болыңыз. Егер графт пен фистула тромбталса, онда жаңасын орнату қажет болады.
• Қол жеткізу аймағы бар қолдан қан қысымын тексеруге ешкімге рұқсат бермеңіз.
• Қол жеткізу аймағын немесе қолыңызды қысып тұратын киім кимеңіз
• Ұйқы кезінде қол жеткізу аймағы бар қолды қысып қалмаңыз
• Қолдарға ауыр заттарды көтеруде артық физикалық жүк түсірмеңіз
• Қол жеткізу аймағынан қан кетуден сақтаңыңыз
• Қол жеткізу аймағына крем немесе лосьондар қолданбаңыз
Қол жеткізу орнында шаншу сезіліп тұру керектігін біліңіз. Ол сол аймақтың дұрыс істеп тұрғанын білдіреді. Егер ол сезім жоқ болып кетсе, міндетті түрде дәрігерге хабарласыңыз.
Диализдің бір де бір сеансын өткізбеңіз. Уақытында келіп тұрғаңдығыңзыды қадағалаңыз. Көптеген орталықтарда жұмыс уақыты тығыз болады. Егер кешігіп қалсаңыз, уақытыңызды қайтара алмайтыңызды ұмытпаңыз.
Қол жеткізу орнында ісіну, қан кету немесе инфицирлеу белгілеріне мән беріп тұрыңыз. Егер де сізде қызба немесе инфекцияның басқа белгілері болса дәрігерге хабарласыңыз.
Бүйректік диализ кезінде міндетті түрде диетаны ұстанып тұрыңыз.
Бүйректің негізгі қызметі – қандағы токсиндерді шығару болып табылады. Токсиндердің жиналуы өлімге алып келуі мүмкін.
Бүйрек тағы да мынадай қызмет атқарады:
• Ағзада су мөлшерін реттейді
• Натрий, калий, фосфор және басқада минерал мен витаминдердің тұрақтығын реттейді
• Сілтілі-қышқылды балансты сақтайды
Диализ бүйректің созылмалы аурулары бар науқастарға қолданылады. Диализ жасау алдында, дәрігеріңіз және мейірбикеңіз сізбен осы процедура тағайындау тұралы сөйлеседі.
Бүйректің жедел жетіспеушілігі кезіңде де диализ қолдану мүмкін.
Кейбір жағдайларда гемодиализ организмнен у немесе наркотиктерді тез арада шығару үшін қолдану мүмкін.
Гемодиализ жасау қауіптері:
• Қанға кішкентай аув көпіршігінің түсуі, ол өз кезегінде ауалық эмболия шақыру мүмкін.
• Қол жеткізу аймағынан қан кету
• Тырысу
• Электролитті дисбаланс
• Инфекция
• Жүрек ырғағының бұзылысы
• Төмен артериалды қысым
• Құсу және лоқсу
Тізім әлі толық емес.
Жасанды бүйрек; Гемодиализ; Алмастырушы бүйректік терапия
Тегтер:
гемодиализ
жасанды бүйрек аппараты
қан тазалау
диализ орталығы
медициналық процедура
емдеу