Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Синонимдері



Жалпы ақпарат

Гипергидроз – терінің көп бөлінуімен сипатталатын ауру. Суық ауа райында да немесе демалыс кезінде гипердирозы бар адамдарда тер бөлінуі байқалып жатады.


Себептері

Тер бөліну ағзаны суытуға көмектеседі. Көп жағдайда бұл қалыпты нәрсе.

Адамдар жылы температураға, физикалық күйзелістерге немесе оларды алаңдататын жағдайларға ұшырағанда, атап айтқанда ашуланғанда, қобалжығанда және қорыққанда терлей бастайды.

Алайда, артық тер бөліну белгілі себепсіз де болу мүмкін. Гипергидрозы бар адамдарда тер бездері гиперактивті (функциясы жоғарылаған) болып келеді. Бақыланбайтын тер бөліну физикалық, сонымен бірге эмоционалдық жайсыздыққа алып келеді.

Егер аяқ-қол және қолтық қатты терлесе, бұл құбылыс алғашқы немесе фокалды гипергидроз деп аталады. Алғашқы гипергидроз халықтың 2-3% кездеседі, бұл ауруы бар 40%-дан кем емес пациенттер медициналық көмекке жүгінеді. Көп жағдайда алғашқы гипергидроз себебі белгісіз болып жатады. Мүмкін бұл ауру ұрпақтан ұрпаққа берілетіндіктігінен шығар.

Егер артық тер бөліну басқа ауру салдарынан болса, онда бұл екіншілік гипергидроз болып табылады.. Артық тер бөліну барлық денеде немесе белгілі бір аймақтарда ғана болу мүмкін. Екіншілік гипергидроз себептеріне мыналарды келтіруге болады:

• Акромегалия
• Үрей жағдайы
• Ісік
• Акромегалия
• Үрей жағдайы
• Ісік
• Карциноидты синдром
• Білгілі бір топ препараттары және оларды артық қолдану
• Қанда глюкоза деңгейінің түсуі
• Жүрек аурулары
• Гипертиреоз
• Өкпе аурулары
• Менопауза
• Паркинсон ауруы
• Феохромацитома
• Омыртқа жарақаттары
• Инсульт
• Туберкулез немесе басқа инфекциялар


Симптомдары

Гипергидроздың негізгі синдромы – ол тершеңдік.


Диагностикасы

Тексеріс кезіңде дәрігер айқын тершеңдік белгілерін байқайды. Артық тер бөлінуді диагностикалайтын көптеген тесттер бар.

Аталмыш тесттердің кейбір түрлері:

• Йод-крахмальды тест (Минор пробасы). Йод ерітіндісі тер көп бөлінетін аймаққа жағылып, кепкеннен соң соло аймаққа крахмал себеді. Крахмал мен йод қосындысы тер көп бөлінген аймақта қосылып қара көк түске боялады.
• Қағаз тесті. Арнайы қағаз терді сіңіру үшін терінің аймағына қолданылады, содан кейін қағаздың салмағы өлшенеді. Неғұрлым қағаздың салмағы ауыр болса, соншалықты тер бөлінгенін білдіреді.

Жоғары тершеңдікке байланысты дәрігер сізге мынадай сұрақтар қою мүмкін:

• Локализация (аймақ)
· Тер көбінесе бетте, алақандарда, қолтықтарда кездесе ме немесе барлық денеде ме?
• Уақыт аралығын анықтау
· бұл түнде болады ма?
· бұл кенеттен пайда болады ма?
• Объективті себептер
· Сізге бірнәрсені есіңізге түсіретін жайт туралы айтқанда (ауыр оқиға болуы мүмкін), сізде тершеңдік пайда болады ма?
• Басқа да симптомдар байқалады ма, мысалға:
· Салмақ жоғалту
· Жүрек соғысының жиілеуі
· Суық немесе жабысқақ қолдар
· Қызба
· Тәбеттің болмауы


Емдеу

Емдеу келесіні қамтиды:

Антиперспиранттарды қолдану. Шамадан тыс тершеңділік антиперспиранттармен қадағалауға болады, олар тер бездерін бітейді, соның салдырнан тершеңділікті басады. Қолтық тершеңділігін емдеудегі бірінші топқа 10-20% алюминий хлоридті гексагидрат қамтитын препараттар болып табылады. Кейбір пациенттерге дозасы жоғары препараттар тағайындалу мүмкін. Дезодоранттар терінің тітіркендіруіне әкеліп, ал аллюминий хлоридінің жоғары дозалары киімді құрту мүмкін. Ескерту: дезодоранттар терлеуді толықтай жоймайды, алайда жағымсыз иісті азайтуға көмектеседі.
Дәрілік препараттар. Тер бездерінің стимуляциясын тоқтату үшін антихолинергиялық препараттар қолданылады. Мысал ретінде гликопирролатты алуға болады. Кейбір пациенттер үшін олардың тиімділігіне қарамастан, бұл препараттар соңына дейін зерттелмеген.Бұл дәрі-дәрмектерді қабылдағанда ауыздың кебуі, бас айналу, зәр шығару қиындықтары сияқты жанама әсерлер болуы мүмкін. Бета-блокаторлар немесе бензодиазепиндер стресске байланысты тершеңдікті басуға көмектеседі
Ионофорез (гальванизация). Бұл FDA-мен (АҚШ-тың Азық-түлік жəне дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасымен) мақұлдаған, электр тогының әсерінен тер бездерінің уақытша азайтылуына бағытталған емдеу əдісі. Қол мен аяқтың терлеудің алдын алудың ең тиімді жолы болып табылады. Қолдар немесе аяқтар суға салынып, әлсіз электр тогы өтеді. Пациент кішкене тітіркенуді сезгенше дейін электр тогы бірте-бірте күшейеді. Терапия 10-20 минутқа созылады және бірнеше сеансты қажет етеді. Сирек жағдайларда терідегі жарықтар мен қабыршақтардың пайда болуы сияқты жанама әсерлер пайда болуы мүмкін.
Ботокс. Қолтықтың қатты терлеуін (алғашқы аксиллярлы гипергидроз) емдеу үшін FDA-мен (АҚШ-тың Азық-түлік жəне дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасымен) мақұлдаған, А типті ботулинді токсин (Botox) болып табылады.Аз дозада тазаланған ботулин токсинің қолтыққа салыны, препарат уақытша тер бездерін белсендіретін жүйкелерді бұғаттайды. Жағымсыз әсерлер ретінде инъекция аймағында ауырсыну және тұмауға ұқсас белгілер болуы мүмкін. Егер сіз Ботоксты дененің басқа бөліктеріне енгізуді қаласаңыз, өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңескеніңіз абзал. Алақандағы тер бөлінуді емдеуде қолданылатын ботокс уақытша әлсіздік пен ауыр ауруды тудыруы мүмкін.
Эндоскопиялық торокальды (кеуде) симпатэктомиясы (ЭТС). Егер жоғарыда көрсетілген емдік тәсілдердің көмегі болмаса, онда ауыр жағдай кезінде минимальды-инвазивті хирургиялық ем тағайындалады, яғни симпатэктомия. Бұл процедура тер бездеріне импульс беруді тоқтатуға негізделген. Әдетте бұл операцияны көбінесе алақандары қаттырақ терлейтін пациенттерге тағайындалады. Және де бұл әдіс бет аймағында тершеңдік болатын адамдарда да қолданылуы мүмкін. Эндоскопиялық торокальды (кеуде) симпатэктомиясы (ЭТС) аксиллярлы гипергидроз (қолтықтың тершеңдігі) кезіңде өте сирек жасалынады.


Болжамы

Аллюминий хлориді: Бастапқы кезеңде пациенттер бұл препаратты аптасына үш реттен бастап жеті рет қолдана алады. Тер бөлінудің қалыпқа келгеннен соң үш аптада 1 рет тағайындалады. Терінің қабынуы кезінде дәрігер стероидты кремдер тағайындайды.
Ботокс: Ісіну бірнеше апта ішінде қайтады. Бір инъекцияның әсері бірнеше айға дейін сақталу мүмкін. Кейбір пациенттер қосымша инъекцияларды қажет етеді.

Ионофорез: тер бөлінудің азаюы 6-10 сеанстан кейін байқалады. Содан кейін сеанс азаяды, 4 аптада 1 рет болады.


Мүмкін болатын асқынулар

Гипергидроз пайда болу себептері өте ауыр болу мүмкін. Егер сізде қатты тершеңділік байқалса, онда міндетті түрде емдеуші дәрігерге хабарласыңыз


Дәрігерге қашан қаралу керек

Мынадай симптомдар болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз:
• Ұзақ, себепсіз, шамадан тыс көп тер бөліну
• Тершеңділік кеуде тұсындағы ауру сезіммен және артериальды қысымның көтерілуімен бірге жүреді
• Тершеңділікпен қатар сізде салмақ жоғалту байқалады
• Тершеңділік көбінесе түнде, ұйқы кезіңде болады
• Тершеңділік қызбамен, салмақ жоғалтумен, кеуде тұсындағы ауру сезімімен, ентігу немесе тахикардия (жиілеген жүрек ырғағы) бірге жүрсе, онда ол басқа ауру симптомдары болу мүмкін. Мысалы, гипертиреоз.


Синонимдері

Шамадан тыс терлеу; артық терлеу; тершеңділік


Тегтер:

тершеңдік
гипергидроз
тер бездерінің функциясының артуы
алғашқы гипергидроз
екінші гипергидроз