Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу




Жалпы ақпарат

Гипопитуитаризм – гипофиздің бір немесе бірнеше гормондарының қажетті мөлшерде өңдірілмеуінен туындайтын ауру.


Себептері

Гипофиз – бас миының негізінде орналасқан кішікентай анатомиялық құрылыс. Ол аяқшалар көмегімен гипоталамусқа (оның функцияларын қадағалайтын ми аймағына) бекінеді.

Гипофиз бөлетін гормондар және олардың функциялары:

• Адренокортикотропты гормон (АКТГ) – бүйрек үсті бездерінің кортизолды босатуын ынталандырады; кортизол қан қысымын және қант деңгейін сақтауға қатысады.
• Антидиуретикалық гормон (АДГ) - организмде судың бүйректерден шығарылуын реттейді.
• Фолликулостимульдеуші гормон (ФСГ) – ерлердің және әйелдердің сексуальды функциясы мен ұрықтандыруды реттейді.
• Өсу гормоны (ӨГ) - тіндер мен сүйектің өсуін реттейді.
• Лютеиндеуші гормон (ЛГ) - ерлердің және әйелдердің сексуальды функциясы мен ұрықтандыруды реттейді.
• Окситоцин - босану кезіңде жатыр қабырғаларының жиырылуын, сүт жолдарын қоршайтын жасушалардың жиырылуын реттейді.
• Пролактин - әйел емшектерінің дамуын және емшек сүтінің продукциясын реттейді.
• Тиреотропты гормон (ТТГ) – организмдегі зат алмасуға әсер ететін қалқанша безінің гормондарын өндіруін ынталандырады.

596 1

Гипофиз –бас миының негізінде орналасқан, жыныстық қатынас, жыныстық даму және репродуктивтік функцияны реттейтін гормондар шығаратын без болып табылады.

Гипопитуитаризм кезінде бір немесе бірнеше гипофиз гормондары жеткілікті түрде бөлінбейді. Қанда гормондар деңгейінің төмендеуі, жұмыс атқаратын ағзалардың функциясының бұзылысына әкеліп соғады. Мысалы, ТТГ деңгейінің төмендеуі қалқанша безінің функциясының бұзылысын шақырады.

Гипопитуитаризмге себепші болу мүмкін:

• Мидағы хирургиялық араласу
• Бас миының қатерлі ісігі
• Бас жарақаты
• Миды қоршайтын тіндердің инфекциясы
• Радиация
• Паралич
• Субарахноидальды қан құйылу (аневризманың жарылуынан)
• Гипофищ немесе гипоталумус ісігі

Кейде гипопитуаризм иммундық жүйедегі бұзылыстарға немесе метаболикалық ауруларға байланысты, мысалы:

• Гемохроматоз
• Гистиоцитоз Х
• Лимфоцитарлы гипофизит
• Саркоидоз

Сондай-ақ, гипопитуитаризм жүктіліктің сирек асқыну түрі болып табылады. Ол Шихан синдромы деп аталады


Симптомдары

• Іштегі ауру сезімі
• Тәбеттің жоғалуы
• Сексуальды қызығушылықтың төмендеуі (ерлерде)
• Сүттің шығуының бұзылуы (әйелдерде)
• Шаршағыштық
• Бас ауруы
• Бедеулік (әйелдерде)
• Жыныстық қатынасқа қызығушылықтың жоқ болуы (әйелдерде)
• Қолтықта немесе қасағада шаштың түсуі
• Денеде немесе бетте шаштардың түсуі (ерлерде)
• Төмеңгі артериальды қысым
• Суыққа сезімталдық
• Ересектерде бойдың төмен болуы (152 см кіші)
• Жыныстық дамудың тежелуі (балаларда)
• Менструацияның болмауы (әйелдерде)
• Көру нашарлауы
• Әлсіздік
• Салмақ жоғалту

Ескерту: Симптомдар баяу даму мүмкін және де айтарлықтай өзгеруі мүкін. Ол мынаған байланысты:

• Синтезделмеген гормондардың және олар әсер ететін органдар саны
• Аурудың ауырлығына
Аталмыш ауруда кездесетін басқа да симптомдар:
• Беттің ісінуі
• Шаштың түсуі
• Дауыстың өзгеруі
• Салмақ қосу (әдейі емес)



Диагностикасы

Гипопитуитаризм диагнозын қою үшін қандағы гипофиздың қай гормоның деңгейі төмендегенің анықтау қажет. Сонымен қатар сол гормон әсер ететін ағзаның ауруларын жою қажет.

Тексеру әдістері:

• Бас миының компьютерлік томографиясы (КТ)
• Гипифиздің магнитті-резонансты томографиясы (МРТ)
• Қандағы АКТГ құрамын анықтау
• Қандағы кортизол деңгейі
• Қандағы фолликулстимульдеуші гормонның (ФСГ) деңгейі
• Қандағы эстрадиол (эстроген) деңгейі
• Қандағы инсулинтәрізді өсу фактор 1 (ИФР-1) деңгейі
• Қандағы лютиндеуші гормон деңгейі
• Қандағы тестостерон деңгейі
• Қандағы тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейі
• Қандағы қалқанша без гормон (Т4) деңгейі

Гипофиз ісігі болған жағдайда, сол немесе басқа гормоның көп мөлшерде синдездеуіне байланысты, қанда сол гормон дейгейі жоғары болады. Ісік гипофиздің басқа жасушаларын зақымдайды, сол себептен басқа гормондар деңгейінің төмендеуінеәкеліп соқтырады.


Емдеу

Егер гипопитуитаризм ісіктен дамыса, онда оперативті ем,сәулелік терапиямен немесе сәулелік терапиясыз емдеу қажет болады.

Ары қарай сізге өмір бойы гормон алмастырушы терапия қажет болады. Оған мыналар жатады:

• Кортикостероидтар (кортизол)
• Өсу гормоны
• Жыныс гормондары (тестостерон ерлерге және эстроген әйелдерге)
• Қалқанша без гормондары
• Әйелдер мен ерлердегі бедеулікті емдеуде қолданылатын препараттар.


Болжамы

Гипопитуитаризм әдетте өмір бойы емді қажет етеді. Алайда, оған қарамастан сіз қарапайым өмір сүре аласыз.


Мүмкін болатын асқынулар

Дәрі-дәрмек терапиясының жағымсыз әсерлері дамуы мүмкін. Ауыр ауру кезінде кортикостероидтердің қосымша дозасын қолданудың мүмкін еместігі өмірге қауіпті болуы мүмкін.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Егер сізде гипопитуитаризм симптомдары бар болса дәрігерге қаралыңыз.


Алдын алу

Көп жағдайда бұл аурудың алдын алу мүмкін емес. Бұл аурудың пайда болу қаупін білу – ерте диагностикаға және емделуге ықпал етуі мүмкін.


Тегтер:

гипопитуитаризм
гипофиз гормондарының жеткіліксіздігі
гипофиз
гормондар деңгейінің төмендеуі
беттің ісінуі
шаштың түсуі