Мазмұны
H1N1 тұмауы (шошқа тұмауы) – бұл H1N1 тұмауы вирусынан туындаған мұрын, тамақ және өкпе инфекциялық ауруы.
Тұмау – тыныс жолдарының вирусты инфекциясы болып табылады. Ол жөтел, тыныс алудың қиындығы, қызба, бас ауруы, бұлшық еттердегі ауру мен әлсіздік симптомдарымен сипатталады. Вирус адамнан адамға ауа-тамшылары арқылы таралады.
H1N1 вирусының ерте формалары шошқаларда анықталған. Уақыт өте вирис өзгеріп (мутацияланып), адамдарға да жұға бастады. H1N1 жаңа вирус болып табылады, оны алғаш рет адамнан 2009 жылы анықтады. Ол дүние жүзіне тез таралып кетті.
2010 жылы тұмау мерзімінде H1N1 вирусы жаппай инфекция шақырмаған болатын. Арнайы вакцина қажет болмады, алайда H1N1 вирусы әлгі күнге дейін үнемі (мерзімдік) вакциналау бағдарламасына кіретін 3 вирустын бірі болып табылады.
H1N1 вирусы құрамында шошқа еті бар және басқа да тағамдарды, ауыз суын қабылдау арқылы, сонымен бірге бассейнде, саунада, моншада шомылу арқылы берілмейді.
Кез-келген вирус адамнан адамға мына жағдайларда беріледі:
• Тұмаумен ауыратын кез келген адам жөтелсе немесе түшкірсе, ал қоршаған адамдар сол ауамен дем алса
• Тұмау вирусы орналасқан жердегі есік тұтқасын, жазу үстелін немесе компьютерді қолмен ұстап, кейін өз көзын, ауызын немесе мұрынын ұстағанда
• Тұмаумен ауырып жатқан баланы немесе ересек адамды күтім жасағанда, өзіннің шырышты қабаттарын ұстаса
Шошқа тұмауы; А тобындағы H1N1 тұмауы
Тегтер:
шошқа тұмауы
H1N1вирусы
тыныс алудың қиындауы
қызба
вакцинация