Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері



Жалпы ақпарат

Нәрестелердің сары ауруы – қанда билирубин деңгейінің шамадан тыс жоғарылауынан туындайды. Билирубин – ескі эритроциттердің бұзылуынан пайда болатын сары денешік. Билирубин бауырдың ішінде бұзылады, содан, организмнен үлкен дәретпен сыртқа шығады.

Қанда билирубиннің деңгейі көтерілгенде тері мен шырышты қабаттар сарғыштанады. Міне, осы жағдайды, сары ауру деп атайды.

605 1

Нәрестелердің сары ауруы (терісінің сарғаюы) түрлі себептерге байланысты орын алады, бірақ нәрестелердің көпшілігінде бұл жағдай физиологиялық сарғыштану деп те аталады. Бұл – жаңа туған балалар үшін қалыпты процесс, бауыр толығымен дамымағандықтан пайда болатын. Сары аурудың бұл түрі бірнеше күнге дейін ғана созылады. Сары аурумен ауырған бала қандағы билирубин деңгейі қалыпты деңгейге түскенге дейін дәрігердің қарауында болады.


Себептері

Жаңа туған нәрестенің туылғаннан кейін бірден билирубин деңгейінің аздап көтерілуі қалыпты жағдай.

Нәресте анасының құрсағында жетілгенде, баланың жолдасы ағзадағы билирубинді жойып отырады. Баланың жолдасы (плацент) – ол да бір мүше, жүктілік кезінде нәрестемен бірге өсіп, нәрестені қорғап тұрады. Нәресте туылғаннан кейін бұл функцияны бауыр орындайды. Бұл процеске бірнеше уақыт қажет болуы мүмкін.

Терінің сарғыштануы немесе сары ауру көбінесе нәрестелерде пайда болады. Оны “физиологиялық сарғыштану” деп атайды. Бұл жағдай қауіпті емес және ол балаға 2-4 күн болғанда пайда болады. Симптомдары 2 аптаның ішінде қайтады және асқына бермейді.
Еметін нәрестелерде сары аурудың екі түрі болуы мүмкін. Негізінде, екеуі де аса қауіпті емес.

• Омыраумен қоректенгеннен болатын сарғыштану - балалардың өмірінің алғашқы аптасында пайда болуы мүмкін, ол кезде бала нашар емеді немесе анасынан сүт баяу бөлінеді.
• Ана сүтінің әсерінен болатын сарғыштану – бұл, еметін көптеген дені сау балалардың 7-күнінен бастап пайда болуы мүмкін. Ол әдетте баланың 2-3 апталығына дейін созылады, тіпті кейде айға жуық уақыттан кейін бірақ қайтуы да мүмкін болатын жағдай. Баланың мұндай күйге түсуінің себебі, ана сүтінің құрамындағы қоректік заттардың әсерінен бауырдағы билирубиннің ыдырағандығынан болуы мүмкін. Ана сүтінен болатын сарғыштану мен омыраумен емізгеннен болатын сарғыштанудың айырмашылықтары болады.

Егер баланың ағзасында өзгертіп тұратын эритроциттер мөлшері тым көтеріліп кетсе бұл нәресте сары ауруының ауыр формасы болып есептеледі. Онда, төмендегідей жағдайларда орын алады:

• Қанның аномальды жасушалары пайда болады;
• Ана мен баланың қандарының тобы сәйкес келмейді;
• Ауыр босандырылған баланың бас сүйегінің арасында және бас сүйектің сыртқы жоғарғы жағында қан құюлулар (кефалогематома) пайда болады.
• Эритроциттер жоғарғы көрсеткіш көрсетіп тұрады, ол көбінесе шала туған нәрестелер мен кейбір егіздерде кездеседі;
• Инфекция таралады;
• Арнайы қажетті нәруыздардың (ферменттердің) жетіспеуі немесе болмауы.

Белгілі жағдайында бала ағзаның билирубинді шығару қиынға соғады, оның салдарынан сары ауырыдың салмақты түрі туындауы мүмкін. Бұл жағдайларға:

• Кейбір препараттарды қолдану;
• Қызамық, сифилис және басқа да туа пайда болған инфекциялар.
• Бауыр мен өт жолдарының зақымдайтын аурулар. Муковисцидоз немесе гепатит
• Оттегінің төмен деңгейі (гипоксия)
• Инфекциялар, (мысалы сепсис)
• Көптеген генетикалық немесе тұқымқуалайтын аурулар


Симптомдары

Сары ауру кезінде тері сарғады. Сарғыштану бет терісінен басталып, содан төменге қарай кеудеге, құрсақ жаққа, аяққа және табанға түседі.
Кейде балалар сары ауруға шалдыққанда тез шаршағыш келеді және тәбеті нашарлайды.


Диагностикасы

Дәрігерлер, медбикелер және жанұя мүшелері сәбиді перзентханада және үйге шығарғаннан кейін сары аурудың белгілерін қадағалап отырады.

Сары ауруға шалдыққан әрбір баланың бірден билирубин деңгейін тексерту керек. Ол үшін қан талдамасы алынады.

Көптеген ауруханаларда барлық нәрестелердің бірінші 24 сағатында жалпы билирубин деңгейін тексереді. Ол үшін арнайы зонд арқылы нәрестенің терісіне тигізіп билирубин деңгейін анықтайды. Егер жоғары көрсеткіш байқалса, онда қан талдамасын міндетті түрде алу қажет болады.

Міндетті тексерулер:

• Жалпы қан талдамасы;
• Кумбс сынамасы;
• Ретикулоциттердің деңгейін анықтау;
Ары қарай балалар үшін ем қажет болса немесе жалпы билирубин деңгейі күрт жоғарылап кетсе ғана тексеру жүргізіледі.


Емдеу

Негізінде бұл жағдайда аса бір ем шаралар жасаудың қажеті жоқ.

Тек, дәрігер ем тағайындаған кезде мыналарды ескеру қажет:

• Нәрестедегі билирубин деңгейін;
• Билирубин деңгейінің жоғарлау жылдамдығын;
• Нәресте уақытынан ерте босанды ма;
• Тексеру кезіндегі нәресте жасы;

Егер билирубин деңгейі өте жоғары болса міндетті түрде емделу қажет.

Баланы емшек сүтімен немесе сүтті қоспаларымен жиі қоректендіріңіз. Жиі тамақтандыру (күніне 12 ретке дейін) ішек функциясын арттырады, билирубиннің дәретпен жеңіл бөлінуіне жағдай жасалынады. Сүтті қоспаларға тағы не қосу керектігі жайында дәрігермен кеңесіп алсаңыз жөн болады.

Кейбір нәрестелер перзентханадан шықпай түрып емдеуді қажет етеді. Кейбіреулері ауруханаға бірнеше күнге қайта жатуға мәжбүр болады. Дегенмен, емделудің ұзақтығы 1-2 күн ғана болуы мүмкін.

Кейде билирубин деңгейі жоғары нәрестелерге ультракүлгін сәулесі емі қолданылады. Бұл ем-шара фототерапия деп аталады. Ультракүлгін сәулесі терідегі билирубиннің ыдырауына көмектеседі.

Нәресте арнай жасанды жарық түсіретін шам астында жатады. Балаға тек қана жөргекше және көзіне арнайы көзілдірік кигізеді. Педиатрлар, егер мүмкіндік болса, фототерапия кезінде емізудің пайдасы тиетінін айтады. Сирек жағдайларда нәрестеге тамырішілік сұйықтық енгізу қажет болуы мүмкін.

Егер билирубин деңгейі өте жоғары болмаса, онда фототерапияны үй жағдайында қолдануға болады. Ол үшін арнайы оптикалық-талшықты көрпеше қолданылады.

• Фототерапия кезінде баланы әрбір 2-3 сағат сайын тамақтандыру қажет, (күніне 10-12 рет);
• Медқызметкер сіздің үйіңізге келіп, сізге көрпешені қолдануыңызды, баланың жағдайын қалай бақылау керектігін үйретеді.
• Медқызметкер күн сайын келіп, баланың салмағын өлшейді, оның қалай қоректеніп жатқанын тексереді, терісі мен билирубин деңгейін бақылап тұрады.
• Сіз дымқыл және кір жөргекшелерді санап тұруыңыз керек.

Сары ауру өте салмақты ауыртпалық түсірген кезде ауыстырылмалы қан құю қажет болуы мүмкін. Бұл ем-шараның көздегені бала қаны плазмасының басқа, жаңа плазмаға ауыстырылуымен орындалады. Сары аурудың ауыр түріна шалдыққан балалардың билирубин деңгейін түсіру үшін иммунглобулинді ішке енгізсе жақсы әсер беруі мүмкін.


Болжамы

Әдетте нәрестелердің сары ауруы қауіпті емес. Әдетте бұған шалдыққан көптеген балалар емделмей-ақ 1-2 апта ішінде сауырып кетеді.

Билирубиннің өте жоғары деңгейі миды зақымдауы мүмкін. Бұл жағдай ядролық сары ауру деп аталады. Алайда бұл жағдайдың барлығы дерлік, дамымай тұрып анықталады.
Әдетте, ем-шаралардың барлыңы оң нәтие береді.


Мүмкін болатын асқынулар

Билирубин деңгейінің шамадан тыс көтерілуі, аурудың асқынуы сирек кездеседі, егер кездесе қалса мынадай болуы мүмкін:

• ДЦП (балалдағы церебральды паралич)
• Кереңдік
• Ядролық сары ауру – мидың билирубиннің өте жоғары деңгейінің салдарынан зақымдануы


Дәрігерге қашан қаралу керек

Барлық нәрестелер өмірінің 5-күніне дейін, сары ауруды анықтау үшін дәрігерге тексеруі керек.

• Перзентханада 24 сағаттан аз болған нәрестелер, 72 сағатқа дейін тексерілу керек
• 24-48 сағат аралығында перзентханадан шығарылғандар, 96 сағатқа дейін тексеріледі.
• 48-72 сағат аралығында перзентханадан шығарылғандар, 120 сағатқа дейін тексеріледі.

Егер балада қызба (дене қызуы көтерілсе) болса немесе тәбеті нашарласа, сары ауру болу қаупі бар деген сөз. Белгіл бір топтағы балалар үшін сары ауру қауіпті болып есептеледі.

Әдетте сары ауру аса ҚАУІПТІ ЕМЕС. Бірақ, мына жағдайларда педиатрға қаралыңыз:

• Сары ауруың ауыр ағымы бала қалса (терісі ашық сары түске оранса)
• Сары ауру 2 аптадан артық болса немесе басқа симптомдар пайда болса.
• Әсіресе аяғы және өкшесі сарғайса.


Алдын алу

Нәрестелердің сары ауруы қалыпты болғандықтан оны алдын-алу мүмкін емес. Даму қаупін түсіру үшін баланы жиі ана сүтімен тамақтандырып жүру керек. Жоқ дегенде, күніне 8-12 рет.

Барлық жүкті әйелдер қан тобы мен аномальды антиденелрге қарсы тексерілу керек. Егер анасында резус теріс болса, онда нәрестені тексеру қажет. Егер анасында O(I)Rh+ қан тобы болса тексеру қажет болу мүмкін.

Баланының өмірінің бірінші 5 күнінде жақсылап тексеріп жүрсе, онда көптеген асқынуларды алдын алуға болады.


Синонимдері

Нәрестелер сарғыштануы; Неонатальды гипербилирубинемия


Тегтер:

билирубин
тері сарғыштану
нәрестелер
эритроциттер
емізу
сары түс
бауыр