Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Алдын алу

Дәрігерге қашан қаралу керек

Синонимдері


Жалпы ақпарат

Адам папиллома вирусы (АПВ) кең таралған вирус болып табылады, ол, кондиломалардың түзілуімен сипатталады. АПВ-ның 100-ден астам түрі бар. Көбісі қауіпті емес, бірақ 30 жуық түрі қатерлі ісікке соқтырады. АПВ жыныс мүшелерін зақымдайды және инфекцияланған адаммен жыныстық қатынас жасағанда таралады. Вирустар қатерлі ісікті тудыруы мүмкіндігі жағынан жоғарғы және төменгі дәрежемен бағаланады. АПВ –ның төменгі қаупті түрі сүйір ұшты кондиломаның түзілуіне жағдай жасап береді. АПВ-ның жоғары қауіпті түрі жатыр мойның, вульваның, қынаптың және әйел адамның анал тесігінің қатерлі ісігін туындатады. Ер адамдарда бұл аурудың салдарынан тік ішекте және жыныс мүшесінде ісік пайда болады.

Көп адамдарда АПВ сүйір ұшты кондилома түзе бермейді, кейде пациенттер ешбір симптом байқамағандығын айтып жатады. Дәрігер сүйір ұшты кондиломаны емдейді немесе жояды. АПВ бар әйелдерді Папаниколау жағындысы бойынша тексергенде ісікке алып келетін жатыр мойының өзгерісін байқауға болады.

Мүшеқаптарды дұрыс қолданғаннан АПВ-ны жұқтыру немесе тарату қаупі азаяды, бірақ одан ауру толығымен тоғытылмайды. Вакциналар АПВ-ның кейбір ісік тудыратын түрлерінен қорғауы мүмкін.

Сүйір ұшты кондилома

Сүйір ұшты кондиломалар – жыныс мүшелерінің терісінде және шырышты қабаттарында пайда болатын, жұмсақ түзіліс. Олар жыныс мүшесінде, вульвада, уретрада, қынапта, жатыр мойында және тік ішектің айналасында орналасу мүмкін.
Сүйір ұшты кондиломалар – жыныстық қатынас жолымен таралатын инфекция.


Себептері

Сүйір ұшты кондиломаны түзетін вирусты, адам папиллома вирусы (АПВ) деп атайды. АПВ-ның 70-тен астам түрі бар. Кейбір түрлері жатыр мойының ісікалды өзгерістерін, жатыр немесе тік ішектің ісіктеріне алып келу мүмкін. АПВ-ның бұл түрлері, ісік тудыратын жоғары қауіпті вирустар болып табылады.

АПВ-ның барлы түрінен сүйір ұшты кондиломдар туындамайды. Кейбір АПВ түрлері адамның басқа дене бөлігінде папиллома түзу мүмкін. Мысалы, қол терісінде. Дегенмен, біз бұл мақалада жыныс мүшелерінде пайда болатын кондиломалар туралы әңгіме қозғаймыз.

АПВ инфекциясы жыныс мүшелері аймағында таралған. Адамдардың көпшілігінде симптомсыз дамиды. Әйелдерде АПВ вирусы қынаптың ішкі қабырғасына қарай және жатыр мойнына таман таралуы мүмкін. Арнайы тексеру әдістерінсіз бұл өзгерістерді көру мүмкін емес.

• АПВ инфекциясы жыныс жолымен таралып, тік ішек, ауыз немесе қынапты зақымдайды. Сіз егер өзіңізде кондиломаны байқамасаңыз да басқаларға таратуыңыз мүмкін.
• Кондиломалар инфекция жұқтырғаннан кейін 6 аптадан – 6 айдай аралықта көзге көрінбейді. Сіз бірнеше жылдар бойы байқамай жүруіңіз мүмкін.
• АПВ және үшкірбасты кондиломалармен қатынаста болған адамдардың барлығында бұл ауру пайда бола бермейді.

Сіз де сүйір ұшты кондиломаның дамуына және оның таратуына бейім болуыңыз мүмкін, егер, сіз:

• Көп адаммен жыныстық қатынас жасассаңыз;
• Өзіңіздің қатынасқа түсіп жүрген серігіңізде инфекцияның бар-жоқтығын нақты білмесеңіз;
• Ерте жастан бастап сексуальды қатынасқа бейім болсаңыз;
• Ішімдік ішіп, шылым тартсаңыз;
• Герпес сияқты вирусты инфекцияңыз бар болса;
• Жүкті болсаңыз;
• Аурудан немесе емнің әсерінен иммунитетіңіз төмендеп кетсе.

Егер кондиломалар жас балада пайда болса, онда сексуалды зорлық-зомбылықтың алдын алу керек.


Симптомдары

Сүйір ұшты кондиломалар өте ұсақ болғандықтан, оны байқау қиынға соғады.
Кондиломалардың түрі мынадай болуы мүмкін:

• Тері түсіне ұқсайтын дақтар секілді, терінің үстіне томпиып шығды немесе шықпай, сол күйінде тұрады.
• Жаңа пайда болған түзілістің жоғарғы жағы түрлі-түсті қырыққабатқа ұқсайды

Әйелдерде кондилома орналасуы мүмкін жері:

• Қынапта немесе тік ішекте;
• Қынап сыртында немесе тік ішекте, бірақ айнала орналасқан аймақтарда;
• Жатыр мойнында;

Ер адамдарда кондилома орналасу мүмкін жерлер:

• Жыныс мүшесінде;
• Ұмада;
• Шап жақтарында;
• Жамбаста;
• Тік ішектің ішінде немесе сыртында.

Сүйір ұшты кондиломалар және де мынадай жерлерде орналасуы мүмкін:

• Ерінде;
• Ауыз жақта;
• Тілде;
• Тамақта.

Сирек жағдайда мынадай симптомдар туындауы мүмкін:

• Жыныс мүшесіндегі кондилома аймағындағы терінің мацерациясы пайда болады;
• Қынаптан бөлінділердің шығу мөлшері артады;
• Генитальды қышу мазалайды;
• Жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін қынаптқы қан кетуі мүмкін.


Диагностикасы

Диагностикалау үшін дәрігердің тексеруі қажет болады.
Әйелдердің кіші жамбас мүшелеріне тексеру жүргізеді. Көзге көрінбейтін кондиломаны іздеу үшін кольпоскопия жасалады. Дәрігер зақымдалған аймаққа сірке қышқылын себу мүмкін. Ол көрінбейтін кондиломаны табуға көмектеседі.

Кондилома тудыратын вирусты Папаниколау жағындысы арқылы анықтауға да болады. Егер сізде кондилома болса, онда бірнеше уақыт аралығында сіз жиі Папаниколау жағындысын тапсырып тұрасыз.

Аталмыш вирус болжам бойынша жатыр мойны ісігін тудыра ма, соған байланысты АПВ-на қарсы ДНҚ зерттеу жүргізіледі. Бұл тест жасалу мүмкін:

• 30 жастан асқан әйелдерде скрининг-тест ретінде өткізіледі;
• Кез-келген жастағы әйелдерде Папаниколау жағындысында өзгерістер білінеді


Емдеу

Сүйір ұшты кондиломаны дәрігер ғана емдеуі керек. Өздігіңізден емделуге тырыспаңыз және дәрігердің тағайындаусыз қандайда бір препараттарды қабылдамаңыз.

Тек дәрігеріңіз тағайындаған, үйде жүріп, аптасына бірнеше рет қабылдайтын дәрілік препараттармен ғана емделуіңіз мүмкін.

Кондиломалар хирургиялық әдіспен жойылуы мүмкін. Ол үшін бірнеше әдістер бар:

• Криохирургия;
• Электрокаутеризация;
• Лазерлік терапия;
• Хирургиялық тілу.

Егер сізде кондилома болса, онда сіздің барлық жыныстық серіктестеріңіз дәрігерге тексеріліп, емделуі қажет. Тіпті ауру симптомсыз өткен жағдайда да, сіз емделу курсын алып, алдағы асқынулар мен инфекция таралуының алдын-алуға тиіссіз.

Емдеу курсынан кейін сіздің, кондиломаның жойылғандығына көз жеткізу үшін қайта тексерістен өткеніңіз абзал.

Сүйір ұшты кондиломасы болған әйелдер тұрақты түрде Папаниколау жағындысын тапсырып тұруы керек. Егер жатыр мойнында кондилома болса, онда бірінші емделу курсынан кейін жағындыны әрбір 3-6 ай сайын тапсырып отыру керек.

Жатыр мойнында АПВ-нан туындаған ісікалды өзгерістері бар әйелдер, алдағы уақытта да емделуі мүмкін.


Болжамы

Көптеген сексуалды қатынасқа бейім жас әйелдер АПВ вирусын жұқтырып алады. Дегенмен көп жағдайда бұл ауру симптомсыз өтеді.

Көптеген ерлерде АПВ ауруы симптомсыз дамиды. Алайда олар вирусты өзінің жыныстық серіктеріне жұқтыру мүмкін.

Ем курсын аяқтағаннан кейін де, сіз, басқаларға зардап шеккізуіңіз мүмкін.


Мүмкін болатын асқынулар

Кейбір АПВ вирустары жатыр мойны мен вульваның ісіктеріне алып келеді. Жатыр мойнын қатерлі ісігінің негізгі себебінің бірі осы.

Сүйір ұшты кондиломаны тудыратын АПВ ерлердің жыныс мүшесі ауруының немесе тік ішегінің қатерлі ісігінің негізгі себебі бола алмайды.

Кондилома көп және жеткілікті шамада үлкен болу мүмкін. Мұндай жағдайда ауқымды емдеу қажет болады.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Мынадай жағдайларда дәрігерге қаралыңыз:

• Сіздің қазіргі немесе бұрынғы сексуалды серігіңізде сүйір ұшты кондилома бар болса;
• Сіздің жыныс мүшесінде кондиломаның сыртқы белгісі, қышыну, бөлінділер немесе аномальды қынаптық қан кетулер байқалаы. Ескеретін бір нәрсе, үшкір кондилома инфицирленген партнермен қатынасқаннан кейін бірнеше жылдар бойы симпмтодар білінбей, содан соң барып көрініс беруі мүмкін.

21 жастан асқан әйелдерге тұрақты түрде Папаниколау жағындысын тапсыру керек.


Алдын алу

Жыныстық қатынастан бас тарту АПВ алдын-алу үшін жалғыз ғана әдіс емес. Егер сіз бір ғана дені сау жыныстық серігіңізбен қатынас жасасып жүрсеңіз, бұл аурудың таралуының алдын алған болып саналасыз.

Ерлерге және әйелдерге арналған мүшеқаптар сіздерді инфекциядан толық қанды қорғай алмайды. Себебі вирус немесе кондилома жыныс мүшелеріне жақын басқа терілерге орналасып алуы мүмкін. Дегенмен, мүшеқаптар жұқтыру қаупін төмендетеді, сондықтан сіз оны соңғы мүмкіндікте де пайдаланғаныңыз абзал. Кондилома және симптомдар болмаған сәтте де АПВ вирусын жұқтырып алу қаупі бар. Жыныстық қатынасты қауіпсіздендіру арқылы АПВ вирусынан сақтана аласыз.

АПВ төрт түрінен қорғайтын 2 вакцина бар. Егу үш рет жасалады. Бұл вакцина 9-26 жас аралығындағы қыздар мен әйелдерге тағайындалады.

Бұл вакцинаның бір түрі ерлер мен балаларды генитальды және анальды кондиломалардан қорғайды. Егу шарасы үш рет жүзеге асырылады. Бұл вакцина 9-26 жас аралығындағы балалар мен ерлерге жасалады.
АПВ қарсы вакцина сізге келе ма, оны дәрігерден кеңес алыңыз.


Синонимдері

Сүйір ұшты кондиломалар; Ерлердің жыныс мүшесіндегі кондиломалар; Адап папиллома вирусы (АПВ); Венериялық сүйелдер; Кондилома; АПВ-ға ДНҚ тест; Төмендифференцацияланған АПВ дисплазиясы

__
Тегтер:__

адам папиллома вирусы
АПВ
дерматовенерология
кондилома
сүйір ұшты кондиломалар
жыныс жолымен берілетін инфекциялар
әйел мүшелері
ерлердің денсаулығы