Мазмұны

Жалпы ақпарат

Алдын алу шаралары


Жалпы ақпарат

Жануарлардан жұғатын ауруларды - зоонозды инфекциялар деп атайды. Жануарлардан немесе жануарлардан алатын өнімдерден адамдарға жұққан көптеген аурулар өте қауіпті болып келеді. Сіз тікелей жануардан немесе жанама, яғни қоршаған орта арқылы ауру жұқтырып алуыңыз мүмкін.

Ауыл шаруашылық жануарлары да аурулардың негізгі көзі болу мүмкін. Егер сіз оларды немесе олар сүйкенген нәрсені, мысалы қоршауды, шелекті ұстасаңыз, онда міндетті түрде жақсылап қолыңызды жуыңыз. Ересек адамдар ферма немесе хайауанаттар бағына барып келген балаларының қолдарын жуғызуы керек.

Жануарлар қаншалықты сүйкімді болғанымен де, олар микробтар, вирустар және паразиттердің көзі болып табылады. Бұғы және тышқандар кенені тасымалдайды, ал олар Лайм ауруын тудырады. Кейбір жабайы жануарлар құтыру ауруын тасымалдаушылар болып табылады. Жабайы табиғатты қашықтықтан тамашалаған абзал.


Алдын алу шаралары

Үй жануарлары да сізді ауру жұқтыруы мүмкін. Өте үлкен қауіп төндіретіндер бауырымен жорғалаушылар. Тасбақалар, жыландар және кесірткелер қожайындарына сальмонелла бактериясын жұқтыруы мүмкін. Сіз инфицирленген иттен құтыруды, ал мысық дәретханасын тазалағанда токсоплазмозды жұқтырып алуыңыз мүмкін. Әрине, ит пен мысықтан аурудың жұға қоюы екіталай. Егер сіз гигена ережелерін сақтап жүрсеңіз, онда түрлі жұқпалардан қорғануыңызға мүмкіндік туады.

609 1

Бруцеллез тұмауға ұқсас симптомдармен басталатын ауру. Ол асқынса: артрит, жүрек аурулары және ми зақымдалуларына апарып соқтырады.


Тегтер:

зоонозды инфекциялар
жануарлар
жануар тістеуі
сальмонелла
токсоплазмоз
құтыру
бруцеллез