Анемия – қанда оттегіні ағзаларға негізгі жеткізушілер - сау қызыл қан жасушаларының тапшылығы болғанда дамитын ауру. Егер қанның қызыл жасушаларында гемоглобиннің мөлшері төмендесе, организм темірдің мөлшерін жеткіліксіз алады. Анемияның симптомдары, мысалы, шаршау оттегінің организмге жеткіліксіз түсуінен пайда болады.

Анемия – қанның кең таралған дерті. Әйелдер және созылмалы ауруға шалдыққан адамдар осы дертке бейім келеді. Келесі факторларды есте ұстау қажет:

· Анемияның кейбір түрлері тұқым қуалайды, сәбилер туғаннан зардап шегуі мүмкін.

· Бала өрбіту жасындағы әйелдер анемияның темір тапшылықты аталатын түріне бейім, бұл етеккір кезінде қан жоғалтумен және жүктілік кезінде қан көлеміне қажеттіліктің артуына байланысты.

· Егде жастағы адамдар да анемияның даму қаупіне бейім, төмен калориялы емдәм және басқа аурулардың болуына байланысты.

Анемияның түрі көп. Олардың бәрінің себебі мен емдеу тәсілі бойынша айырмашылығы бар. Темір тапшылықты анемия - аса кең таралған түрі, темір құрамдас қоспалар мен емдәмді түзету арқылы жақсы емделеді. Анемияның кейбір түрі, мысалы, жүктілік кезіндегі – табиғи саналады. Алайда, анемияның кейбір түрлері адамның өмір бойы денсаулығына мәселелер әкелуі мүмкін.

Анемияның себебі неде?

Анемияның 400 астам түрі бар, оларды үш санатқа жіктеуге болады:

· Қан жоғалтудан болатын анемия.

· Қызыл қан жасушалар санының азаюынан немесе түзілу механизмінің бұзылуынан туындайтын анемия.

· Қызыл қан жасушаларының бұзылуынан болатын анемия.

Қан жоғалтудан болатын анемия. Қызыл қан жасушалары ұзақ уақыт бойы баяу созылған, байқалмаған қан кетуі салдарынан жоғатылуы мүмкін. Мұндай созылмалы қан кетулер әдетте, асқазан ішек жолдарының дертінің нәтижесінде болады, мысалы, ойық жаралар, геморрой, гастрит (асқазанның сілемей қабатының қабынуы) және қатерлі ісік. Созылмалы қан кетулер сондай-ақ, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік препараттарды (НПВП) қолданудан болуы мүмкін, мысалы, аспиринді. Етеккір және босану әйелдерде қанды едәуір жоғалтуға апарады, әсіресе, етеккірдің мол болуында және көп ұрықты жүктілікте.

Қызыл қан жасушалар санының азаюынан немесе түзілу механизмінің бұзылуынан туындайтын анемия. Орақ тәрізді жасушалы анемияда қызыл қан жасушалары орақ тәрізді пішінді болады, (осыдан атауы, ”орақ тәрізді жасушалы”) генетикалық ауқау салдарынан. Олар тез жарылып-жойылады, сондықтан, оттегі ағзаларға жеткізілмейді, бұл анемияға апарады. Орақ тәрізді қызыл қан жасушалары ұсақ қантамырларында тіреліп қалуы да мүмкін, бұл ауырсынуды туындатады.

Түзілетін қызыл қан жасушалар санының азаюынан туындайтын анемия. Темір тапшылықты анемия организмдегі органикалық емес темірдің жетіспеуі салдарынан дамиды. сүйек кемігі (сүйектің орталық бөілігі) оттегіні ағзаларға тасымалдайтын қызыл қан жасушаларының құрамбөлігі – гемоглобинді өндіру үшін қажет. Темірдің мөлшері сәйкес болмағанда, организм қызыл қан жасушалары үшін гемоглобинді жеткілікті мөлшерде өндіре алмайды. Нәтижесі - темір тапшылықты анемия.
темірге жұтаң емдәм темір тапшылықты анемияның себебі болады, әсіресе, сәбилерде, балаларда, жасөспірімдер мен өсімдік тектес емдәм ұстанатындарда. Жүктілік және бала емізу кезеңіндегі метаболизм қажеттілігі, етеккір де әйел организміндегі темірдің қорын тауысады. Жиі қан тапсыру, ауыр дене жүктемесі организмдегі темірдің қорын тауысуы мүмкін. Кейбір адамдар тағаммен темірдің мөлшерін жеткілікті тұтынады, алайда, асқазан-ішек жолдарындағы дерттік өзгерістердің салдарынан ол сіңірілмейді, мысалы, Крон ауруы, немесе асқазанның , аш ішектің бөлігі хиургиялық түрде жойылған болса. Кейбір препараттар, тамақ пен кофеин құрамдас сусын да темірдің сіңу үрдісіне әсер етуі мүмкін.

B-12 дәрумені және фолий қышқылының жетіспеуінен болатын анемия (мегалобластық анемия) – анемияның бір түрі, себебі, организмдегі В12 дәруменінің тапшылығы. Қызыл қан жасушаларын түзу үшін организмге В12 дәрумені және фолий қышқылы қажет, егер олардың бірі немесе екеуі де организмде жетіспейтін болса, мегалобластық анемия дамиды.

Кейде организмде В12 дәрумені тағамнан сорылмайды, бұл пернициоздық анемия аталатын жағдайға апарады. В12 дәруменінің жеткіліксіз сіңуі Крон ауруының, ішектің паразитарлық инфекциясының, асқазан мен ішектің бөлігінің хирургиялық жойылуының, АИТВ(ВИЧ) - инфекцияның салдары болуы мүмкін. Етті аз жейтін немесе мүлде жемейтін, қатаң өсімдік тектес емдәмді ұстанатындар тамақпен В12 дәруменін жеткілікті мөлшерде алмайды.

Фолий қышқылының тапшылығы құрамында фолий қышқылының мөлшері аз тағамды тұтыну салдарынан дамиды, мысалы, фолий қышқылының мөлшері аз көкөністерді немесе олардың термиялық өңделуі салдарынан. Белгілі бір препараттарды қабылдау кезінде немесе алкогольді шамадан артық тұтынуда, организмге фолий қышқылының қосымша мөлшері қажет болса (мысалы, жүктілік кезінде) тапшылық дамуы мүмкін. Екі ішек ауруы - тропикалық афталар мен глютенге сезімталдық энтеропатия (целиакия) –
организмде В12 дәруменінің және фолий қышқылының тапшылығына апаруы мүмкін. Жүктіліктің ерте кезінде организмде фолий қышқылының жеткілікті мөлшері ұрықта жүйке түтігінің омыртқаның жырығы секілді ақауының дамуының алдын алады.

Сүйек кемігінің қызметіне және діңгекті жасушаларға байланысты пайда болатын анемия. Кейде организм сүйек кемігіндегі «діңгекті жасушалар» аталатын қарапайым жасушаларға (олар кейіннен қызыл жасушаларға дамиды) байланысты қызыл қан жаушаларының жеткілікті мөлшерін өндіре алмайды. Бұл қажетті жасушалардың мөлшері оларда ақау пайда болса немесе метастаздық қатерлі ісік жасушаларымен алмасуынан азаюы мүмкін.

Aпластикалық анемия – діңгкекті жасушалар санының едәуір азаюында немесе олардың болмауында пайда болатын күрделі ауру. Апластикалық анемия тұқым қуалауы мүмкін, себепсіз немесе сүйек кемігінің дәрілік препараттармен, радиациямен, химиотерапиямен немесе инфекциямен зақымдануынан дамуы мүмкін.

Талассемия – анемияның тұқым қуалайтын түрі, бұл кезде қан жасушаларының дұрыс қалыптасуы және өсуі мүмкін болмайды. Талассемия – Жерорта теңізінің, Африканың, Орта және Оңтүстік Азияның өңірлерінен шыққан адамдарға тән келетін, тұқым қуалайтын дерттік жағдай. Бұл жағдайдың ауырлығы орташадан өмірге қатерліге дейін болуы мүмкін; аса ауыр түрі – Кули анемиясы аталады. Қорғасын сүйектің кемігіне уытты, онымен жанасу анемияның дамуына апаруы мүмкін. Қорғасынмен улану ересектерде жұмыста және балаларда, болған чипсілерді жегенде орын алуы мүмкін. Керамикалық ыдыстардың әйнекейі дұрыс болмауы да тамақты қорғасынмен улауы мүмкін.

Басқа дерттік жағдайларға қосарланатын анемия. Бүйрек ауруы дамыса және гипотиреоидизмде организм қанның қызыл жасушаларының түзілу үрдісіне қажетті сәйкес гормондарды өндірмейді. Басқа созылмалы аурулар – аутоиммундық бұзылыстар, мысалы, қызылжегі немесе ревматоидты артрит, қатерлі ісік немесе инфекциялар да түзілетін қанның қызыл жасушаларының санын азайтуы мүмкін.

Қанның қызыл жасушаларының мезгілінен бұрын бұзылуынан туындайтын анемия. Қанның қызыл жасушалары сынғыш және айналым жүйесіндегі әдеттегі жүктемелерге шыдай алмаса, олар мезгілінен бұрын бұзылуы мүмкін, бұл гемолитикалық анемияны туындатады. Гемолитикалық анемия адамда туа бітуі немесе кейін дамуы мүмкін. Бірқатар дерттік жағдайлар, мысалы, орақ тәрізді жасушалы анемия, қанның қызыл жасушаларының осы ақауларына апаруы мүмкін. Түзілетін жасушалардың санын азайтатын тұқым қуалайтын кейбір аурулар, мысалы, талассемия да сынғыш жасушалардың түзілуіне ықпал етеді.

Гемолитикалық анемия кенеттен немесе инфекциялар, дәрілік препараттар, жыланның немесе бүйеннің уыты, немесе тағамның белгілі бір түрлері секілді күйзелісті факторлардан дамуы мүмкін. бауыр мен бүйрек ауруларының дамыған түрінде де қанның қызыл жасушаларының тіршілігі қысқаруы мүмкін.

иммундық жүйе кейде қызыл жасушаларды бөгде ретінде қабылдап, қате шабуылға алады, бұл анемияға апарады. Жүкті әйелдің иммундық жүйесі ұрық қанының қызыл жасушаларына қатысты теріс ықпалды болса, балада анемияның телімді түрі – сәбилердің гемолитикалық ауруы дамиды.

Тамырларды алмастыру, жүрек клапандарын протездеу, жаңа ісіктер, ауыр дәрежелі күйіктер, химиялық заттектердің әсері, ауыр дәрежелі гипертензия, қан ұюының бұзылысы қанның қалыпты қызыл жасушаларының зақымдануына апаруы және оларды жеңіл бұзылатын етуі мүмкін. Сирек жағдайларда ұлғайған көк бауыр қанның қызыл жасушаларының тежеуі мүмкін және олар айналым ағымына түскенге дейін бұзуы мүмкін.

Симптомдары қандай?

Анемияның симптомдары оның түріне, себебіне және денсаулықтың жағдайына байланысты әр түрлі. Анемия басқа дерттік жағдайлармен байланысты болуы мүмкін, мысалы, қан кетуі, ойық жаралар, етеккір мәселесі, немесе қатерлі ісік – алдымен осы ауруларға тән симптомдар байқалады.

Организмнің анемияның симптомдарын ерте сатысында жоятын ерекше қабілеті бар. Егер анемияның ауырлығы орта дәрежелі болса, немесе ұзақ уақыт бойы дамыса, оның симптомдарын байқамауыңыз мүмкін.

Анемияның көптеген түрлеріне жалпы тән болатындар:

· Тез шаршау және жұмыс қабілетін жоғалту.

· Жүректің әдеттегі емес жиі соғуы, әсіресе, дене жүктемесінде.

· Тыныс алудың қысқаруы және бас ауыруы, әсіресе, дене жүктемесінде.

· Зейінді шоғырландыру мәселелері

· Бас айналуы

· Терінің солғындығы

· Аяқтың құрысуы

· Ұйқысыздық.

Әрі қарай анемияның белгілі бір түрлеріне тән симптомдар келтіріледі:

Темір тапшылығынан болған анемия:

· Қағазды, мұзды немесе топырақты жегісі келу (тәбеттің өзгерісі аталатын жағдай).

· Тырнақтың жоғары қарай қисаюы - коилонихиаз.

· Ауыз сілемей қабатының ауырсынатын сезімталдығы, ауыз шетінде сызат пайда болуымен.

B-12 дәруменінің тапшылығынан туындайтын анемия:

· Алақан мен табандағы «шымшу», «ине» қадалу сезімі.

· Дәм сезімін жоғалту.

· Жүрістің бұзылуы.

· Қол-аяқтың қозғалысының икемсіздігі.

· Естің қалыпты болмауы.

· Елестеу, сандырақ және естен ауысу.

Қорғасынмен созылмалы уланудан туындайтын анемия:

· Қызыл иекте болатын қошқыл көк жолақ, қорғаныс сызығы аталады.

· Іштің ауырсынуы

· іш қатуы

· құсу

қанның қызыл жасушаларынының созылмалы бұзылуынан туындайтын анемия:

· Сары ауру (тері мен көздің сарғаюы)

· Несептің қоңыр немесе қызыл болуы

· Аяқтағы жаралар

· Сәби шақта әлсіз даму

· Өт – тас ауруының симптомдары

Орақ тәрізді жасушалы анемия:

· Шаршау

· Жұқпаға аса бейімділік

· Балалық шақтағы өсудің және дамудың баяулығы

· Күшті ауырсынулар, әсіресе, буында, іште, қол-аяқта.

қанның қызыл жасушаларынының кенеттен бұзылуынан туындайтын анемия:

· Іштің ауырсынуы

· Несептің қоңыр немесе қызыл болуы

· Сары ауру (терінің сарғаюы)

· Тері астындағы шағын қанталаулар.

· Ұстамалар

· бүйрек жеткіліксіздігінің симптомдары .

Дәрігерге көрініңіз, егер:

· Балаңызда немесе өзіңізде ұдайы шаршау сезімі болса, тыныс алу бұзылса, жүрек соғуы жиілесе, тері солғын тартса, немесе анемияның басқа симптомдары байқалса.

· Балаңыз немесе өзіңіз аз тамақтанатын болсаңыз, немесе организмге дәрумендер мен минералдар жеткіліксіз түсетін болспа.

· Етеккір ауыр өтетін болса, немесе ойық жараның, гастриттің, геморройдың немесе коло-ректалдық қатерлі ісіктің симптомдары пайда болса.

· Сіз қоршаған ортада бар қорғасынмен уланудан қауіптенесіз.

· Отбасында тұқым қуалайтын анемия бар, және бала көтеруді жоспарлау алдында генетикалық кеңес алғыңыз келеді.

· Сіз жүктілікті болуды қарастыратын әйел болсаңыз, дәрігер тағамдық қоспаларды қабылдауды ұсынады, тіпті ұрықтануға дейін, әсіресе, фолий қышқылының туындыларын. Бұл қоспалар ана мен балаға пайдалы.

Бар екендігін қалай білуге болады?

анемия диагнозын қою үшін дәрігер сырқатнаманы, денеңізді қарайды, зертханалық талдау өткізеді. Симптомдарыңыз, отбасындағы сырқатнама, емдәм, қабылдайтын препараттар, алкоголь қабылдау және этникалық тегіңіз туралы туралы толық жауап беру арқылы сіз дәрігерге көмектесе аласыз. Дәрігеріңіз анемияның симптомдары болуын және оның себебін нұсқайтын басқа дене көрсеткіштерін анықтайды.

Қан талдауы диагнозды растауымен қатар себебін де анықтауға көмектеседі. Негізгі талдаулардың бірі – жіктелген қан талдауы, оның барысында қанның қызыл жасушаларының саны, өлшемі, көлемі және олардағы гемоглобин мөлшері анықталады.

Егер аурудың басында темірдің тапшылығы анықталса, дәрігер қандағы темір деңгейін және организмдегі темірдің жалпы қорының үздік көрсеткіші - қан плазмасындағы ферритиннің деңгейін анықтайды. Дәрігер сонымен қатар, қандағы В12 дәруменінің және фолий қышқылының деңгейін өлшейді. Тек сирек жағдайда дәрігер анемияның себебін анықтау үшін сүйек кемігінің үлгісін алады.

Қанның арнайы талдаулары сирек кездесетін анемияның түрлерін анықтайды, мысалы, қанның қызыл жасушаларына иммундық шабуыл, қанның қызыл жасушаларының сынғыштығы немесе ферменттердің, гемоглобиннің және ұю жүйесінің ақаулары.

Дәрігер гемолитикалық анемияға күмәнданса, талдаулар қанның қызыл жасушаларының ыдырау өнімдерінің қан мен несепте болуын көрсетеді.


Емдеу әдістері қандай?

Дәрігер анемияны емдеп жазуы үшін оның себебін анықтауы тиіс. Анемияның бір түрін емдеу басқа түрі үшін орынсыз немесе қауіпті болуы мүмкін.

Қанды жоғалтудан туындаған анемия. Кенеттен қанның үлкен көлемін жоғалтуда сізге сұйықтық, қан құюмен, оттегі берумен көмектеседі, және қанның жаңа қызыл жасушаларын құру үшін темір препараттарын беру қажет болуы мүмкін. Қанды созылмалы жоғалту алдымен, қан кету көзін анықтаумен, оны тоқтатумен емделеді, қажет болса, темір тапшылықты анемияға емдеу тағайындалады.

Қанның қызыл жасушаларының түзілуінің төмендеуіне байланысты туындайтын анемия. Темір тапшылықты анемияда дәрігер құрамында темірі организмге жеңіл сіңетін темірлі түрде болатын тағамдық қоспаларды ұсынады. Белгілі бір уақыт ішінде босатылатын темірі бар қоспалар көпшілік үшін жақсы таңдау емес, себебі, темір ас қорыту жолдарының көбінесе жоғарғы бөлігінде сіңеді.

Сақтандыру: темірі бар қоспаларды қолдану алдында әрдайым дәрігермен кеңесу қажет. Темірдің организмдегі артықшылығы зиянды болуы мүмкін. Темір препараттарының артық мөлшерін тұтыну симптомдары - шаршау, құсу, диарея, бас ауыруы, ашушаңдық және қосарланатын нашар сезіну.

Сақтандыру: темірі бар қоспалар, басқа да қоспалар мен дәрілер секілді – балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс. темірі бар препараттармен улану – кішкентай балалардағы уланудың жиі себебі. Кейбір таблеткаларды қолдану бірнеше сағат ішінде өлім-жітімге апаруы мүмкін. Балалардағы улану симптомдары – бас айналуы, естің қалыпты болмауы, жүрек айнуы, құсу, іш өтуі. Шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет.

Жанама әсері: темірі бар қоспаларды бір жылға дейін қабылдауыңыз мүмкін. Бұл қоспаларды тамақпен бірге қабылдау жиі кездесетін жанама әсерлерінің алдын алуға көмектеседі: жүрек айнуы, диарея, іш қатуы және асқазандағы ауырсыну. Дәрігерге хабарлаңыз, егер жанама әсерлері ұзақ уақыт бойы сақталса. Құрамы бойынша әр түрлі препараттар болады.

Темір препараттары басқа да қабылдайтын дәрілермен әрекеттесуі мүмкін, сондықтан, басқа ауру бойынша қабылдайтын дәрі туралы дәрігерге міндетті түрде айту қажет. Кальций препараттары темірдің сіңуіне кедергі келтіреді, сондықтан оларды әр түрлі уақытта қабылдау қажет.

Сондай-ақ, дәрігер емдәм құрамындағы темірдің мөлшерін арттыруды ұсынуы мүмкін. Темірдің жақсы көздері – қызыл ет, бұршақ тұқымдастар, жұмыртқаның сарысы, өңделмеген дәнді дақыл өнімдері, жаңғақтар, теңіз өнімдері.

Дәрігер емдеу барысында қанның қызыл жасушаларының көрсеткіштерін бақылайды: гематокрит, гемоглобин, ферритин деңгейлерін. Егер темір құрамдас қоспаларды қолданудан жағдай жақсармаса, анемияны туындатқан басқа себепті іздеу қажет. Сирек жағдайда дәрігер темір препараттарының инъекциясын немесе темір препараттарын көктамыр арқылы енгізуді тағайындайды. Сирек жағдайда темір тапшылықты анемия өмірге қауіп төндіретін болса, қан құю қажет болады.

В12 дәруменінің және фолий қышқылының тапшылығынан туындаған анемия. Егер организмде В12 дәрумені жетіспесе, дәрігер B-12 дәруменінің инъекциясын тағайындайды, сонымен қатар, В12 дәрумені бар қоспалардың үлкен мөлшерін немесе В12 дәрумені бар мұрынға арналған спрейді ұсынуы мүмкін. Организмде В12 дәруменінің қажетті мөлшері болғанда тапшылықтың көптеген симптомдары азаюы ықтимал.

В12 дәруменінің тапшылығы болатын адамдардың көпшілігі В12 дәруменін ұдайы сіңіре алмауы мүмкін, оларға әр ай сайын немесе әр үш ай сайын инъекциялар, немесе күнделікті таблеткалар қабылдау қажет болуы мүмкін.

Дәрігер емдәм құрамындағы В12 дәруменінің мөлшерін арттыруды ұсынуы мүмкін. В12 дәруменінің жақсы көзі: ет, бауыр, бүйрек; балық, устрицалар, моллюскілер; сүт, сыр, жұмыртқа.

Фолий қышқылының тапшылығында дәрігер ол құрамдас қоспаларды тағайындайды және емдәм құрамында фолий қышқылының мөлшерін арттыруды ұсынады. Фолий қышқылының жақсы көздері: жасыл жапырақты балғын жемістер мен көкөністер, айқас гүлділер тұқымының көкөністері (гүлді қырыққабат, брокколи, брюссель қырыққабаты), бауыр, бүйрек, сүт өнімдері, өңделмеген дәнді дақыл өнімдері. Көкөністерді шикі күйінде немесе сәл ғана қыздырып тұтынған жөн.

Сүйек кемігі қызметінің бұзылуынан және діңгекті жасушаларда мәселелер болуына байланысты пайда болатын анемия.

Сүйек кемігінің немесе діңгекті жасушалардың қызметінің бұзылысынан болатын анемия тұрақты сипатты келеді және күрделірек емделеді. Тұқым қуалайтын анемияны, мысалы, талассемияны, емдеу әдістері көп және нақты жағдайға және аурудың симптомдарына байланысты. Бірқатар жағдайларда емдеу мүлде қажет болмайды, ал басқа жағдайларда көп реттік құйылымдар және басқа шұғыл күрделі шаралар қажет болады. апластикалық анемия кейде кенеттен жазылу сатысына көшуі мүмкіндігіне қарамастан, бұл ауруға шалдыққандар сүйек кемігін алмастыруға мұқтаж.

Қорғасынмен улануды емдеу қорғасынмен жанасуды жоюға және организмнен қорғасынды байланыстырып, шығаратын препараттарды тағайындауға негізделеді. Анемия созылмалы ауру нәтижесінде дамыған адамдарға анемияны жеңілдетудің жақсы тәсілі – оны туындатқан ауруды емдеу. Қанның қызыл жасушаларының түзілуін ынталандыратын гормон – Эпоген инъекциялары тиімді болуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігінен болған анемияда сәйкес диализ, Эпогенді қабылдау, сондай-ақ, бүйрек алмастыру қажет болуы мүмкін.

Қанның қызыл жасушаларының бұзылуының күшеюінен болатын анемия. Гемолитикалық анемияны емдеу оның себебіне байланысты тағайындалады. Орташа гемолитикалық анемияда емдеу қажет болмауы да мүмкін. Қоршаған ортадағы тітіркендіргіш факторды – химиялық заттекті анықтау мүмкін болса – осы заттекпен жанасуды дереу тоқтату қажет. Гемолитикалық анемиясы бар адамдарға жүректің зақымданған клапандарын алмастыру, ісікті алып тастау немесе дертті өзгерген қантамырларын түзету үшін хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін.

Сондай-ақ, қолдайтын емдеу тағайындалады, мысалы, сұйықтықты көктамыр арқылы енгізу және ауырсынуды басу. Бірқатар жағдайда қан құю қажет болуы мүмкін. Стероидтық препараттар организмнің өзіндік қанның қызыл жасушаларына иммундық серпінін кідіртуі мүмкін. Белгілі бір зиянды факторларды плазмаферездің көмегімен қаннан жоюға болады.

Гемолитикалық анемия емдеуге қарамастан сақталатын болса, дәрігер соңғы шара ретінде- спленэктомияны –көк бауырды хирургиялық жолмен алып тастауды ұсынады. Көптеген адамдар көк бауырсыз да қалыпты өмір сүреді.

Өт қабын алып тастау қажет болуы мүмкін, егер анемия бұрыннан орын алса және өт тас ауруының симптомдары болса. Гемолитикалық анемия бүйректі зақымдаса, диализді өткізу қажет болуы мүмкін. Аса сирек жағдайда сүйек кемігін алмастыру - Гемолитикалық анемияны емдеудің барысында жалғыз жарамды шешім болуы мүмкін.

Орақ тәрізді жасушалы анемияны емдеу болмауына қарамастан, дәрілік препараттар ауырсынуды азайтуы мүмкін. Гидроксиуреа аталатын препарат гемоглобиннің баламалы, ауруға шалдықпаған түрінің түзілуін ынталандырады.

Қалай алдын алуға болады?

Темір тапшылықты анемияның алдын алу үшін тағамды дұрыс үйлесімді емдәм бойынша тұтыну қажет, оған темірдің көздері, В12 дәрумені мен фолий қышқылы енуі тиіс.

· Егер вегетариандық емдәмді тұтынатын болсаңыз, тағамтану бойынша маманмен немесе дәрігермен қажетті қоспалар мен емдәмді талқылаңыз.

· тағамтану бойынша маманнан немесе дәрігерден С дәруменін тұтыну қажеттілігін сұраңыз. C дәрумені асқазанның қышқылын күшейтеді және емдәмнің өнімдерінен темірдің сіңуін жақсартуы мүмкін.

· Кофеин мен шәйді тұтынуды азайту қажет. Бұл заттектер темірдің сіңуін басуы мүмкін. Темірдің басқа да тежеушілері EDTA сақтауыштары, талшықтар, кальцийдің үлкен мөлшері, кейбір көкөністерде болатын фитаттар.

· Темірмен байытылған жармалар мен нанды таңдаңыз.

· Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықты қадағалаңыз, егер жұмысыңыз қорғасыны бар материалдармен жанасуға қатысты болса, мысалы, гальваникалық элементтер (батарейкалар), мұнай немесе бояулар.

· Дәрігерден немесе жергілікті денсаулық сақтау органдарынан тамақ немесе сусын әзірлейтін керамикалық ыдыста қорғасынның мөлшері болуын анықтайтын тестілерді сұрастырыңыз.