Латекске аллергиялық реакция деген не?

Латекс дегеніміз - каучук ағашынан (гевея - Hevea brasiliensis) алынатын табиғи өнім. Кейбір адамдардың аллергиялық реакциясы латекспен қайталап үйкеліскенде, әсіресе латекстік қолғаптардан дамиды. Латекске аллергия беру бүгінгі таңда медицинада өзекті мәселеге айналып келеді.

Оның симптомдары қандай?

Латекске қарсы аллергиялық рекция әр түрлі дамиды – ол білінбей басталып, өмірге қауіп төніретін ауыр жағдайға дейін алып келуі мүмкін. Мысалы:

• Терілік реакциялар: Жанаспалы дерматит, есекжем немесе жаппай қышынуға алып келеді
• Тыныс алуға әсері. Науқастың тыныс алу жүйесіне жеңіл әсер етсе-жөтел,түшкіру немесе мұрыннан көптеген бөлінділер бөлінеді,ал ауыр жағдайда-ентігу,тамақтың ісінуі немесе қатты естілетін сырылмен тыныс алу пайда болады.
• Анафилаксиялық шокта кездеседі.

Кандай адамдарда латекске қарсы аллергиялық реакция болады?

Латекске қарсы аллергиялық реакция көбінесе резинадан жасалған заттар шығаратын мекемеде істейтіндерде, медицина қызметкерлерінде және операциясына латекстен жасалған құралдар көп қолданылған науқастарда дамиды.

Латекске қарсы аллергияны не дамытады?

Банан, каштан, киви, авокадо және қызанақ секілді азық-түлікке аллергиясы бар адамның латекске де аллергиясы басым болады. Латекске аллергиясы бар адамдардың бұл аталмыш азық-түлікке аллергиясының басым болуының себебі, олардың құрамында да көп мөлшерде ағуыз кездеседі. Латекске қарсы аллергиясы бар адамдар, сондай-ақ, анамезінде атопиялық дерматиті бар адамдарда да дамуы мүмкін. Өйткені, бұл тері ауруы да қызарып, қышиды, сонымен қатар теріде бөртпелер пайда болады.

Латекстен жасалған заттар қай жерде кездеседі?

Құрамында латекс бар медициналық бұйымдар:

• Медициналық қолғаптар, әсіресе латекс ұнтақтары себілгендер;
• Дренаждар, жгут,катетер және бинт
• Операцияны таңуға арналған жабысқақ ленталардың құрамында.

Құрамында латексі бар жеке немесе үйде қолданылатын заттар:

• Контрацептивтар мысалы: мүшеқап немесе диафрагмалар
• Төсемелер және гигиеналық жастықтар
• Сәбилерге қолданылатын емізіктер және құтыға кигізілетін резина емізіктер;
• Шарлар және резинадан жасалған ойыншықтар;
• Компьютер тышқанына арналған төсемеде.

Латекстен болатын аллергияны қалай диагностикалайды?

Латекске қарсы аллергиялық реакция бар екенін білу үшін аурудың негізі анамнезін мұқият түсіне отырып, ауруды обьективті түрде тексеріп, зертханалық жағдайда зерттеу жүргізу керек. Талдамалар арасындағы қан талдамасынан латекске қарсы антидене анықталуы мүмкін. Сонымен қатар латекстен жасалған қолғапты кигізіп көру және аллергиялық тері астылық сынама жасалады. Осы сынамаларда білікті дәрігер жасайды себебі рекция болған жағдайда дер кезінде көмек көрсете білу керек.

Емделуі

Бірқатар дәрілік препараттар аллергияның симптомдарын азайтуға көмектесуі мүмкін, бірақ барынша оң әер беретін емдеу түрі – латекспен байланысты оның қиындығына қарамастан, мүлдем тоқтату керек. Егер салмақты реакция орын алса оны реанимациялық бөлімде емдеуге тура келеді.

Егер сізде осыған дейін латекске қарсы салмақты ракция туындаған болса, сіз аллергияға қарсы дәрілер салынған қорапшаны өзіңізбен бірге алып жүріп, оларды дұрыс қолдана білуіңіз керек. Мысалы, оның ішінде адреналинмен шприц болуы мүмкін.

Егер аллергия болған жағдайда латекстен қалай сақтану керек?

• Латекс өнімдерінің теріңізге жанасуына жол бермеу керек ,егер денсаулық сақтау қызметкерлері болса онда гипоаллергенді қолғаптарды қолданған жөн.
• Латекс ұнтақтары себілген қолғаптардың қасында тыныс алып, оны ауамен бірге жұтып алудан сақтаныңыз. Әдетте латекстік қолғаптар жүгері крахмалына салынып тұрады. Соның салдарынан сіз жүгері крахмалын сорып алып, өкпе рекциясын тудырып алуыңыз мүмкін.


Тегтер:

аллергия
аллергиялық реакция
аллерген
латекске қарсы аллергия
резинадан жасалған қолғаптарға аллергия
латекске қарсы аллергияның емі