Бұл деген не? Амнезия – бас жарақаты, Альцгеймер ауруы,алкогольдік ішімдіктерді және есірткіні қабылдау немесе ауыр эмоциялық жағдайды бастан кешу (мысалға, төбелес, жол апаты) салдарынан адамның жадынан айырылуы немесе есте сақтау қабілетінің жоғалуы.

Амнезияның шығу себептеріне байланысты уақытша және тұрақты болады.Сонымен қатар амнезия антероградты және ретроградты келеді.Антегроградты амнезия жарақатттан немесе ауруға шалдыққаннан кейінгі окиғаларды, ал ретроградты амнезия кезінде ауруға немесе жарақатқа дейінгі оқиғаларды есте сақтамайды.

Амнезия кезінде төменде көрсетілген көрсеткіштердің біреуі немесе бірнешеуінің болуы адамның толықтай есте сақтау қабілетінің жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін:

• Адамдарды танымау
• Болған оқиғаларды және оның мән-жайын ұмыту
• Белгілі уақыт күнін ұмыту
• Толыққанды өз өмірін ұмыту

Себептеріне байланысты амнезия тез және баяу дамиды. Бірте-бірте дамып келе жатқан есте сақтау проблемалары ақыл-ойдың ауытқуының бір бөлігі болуы мүмкін

Амнезияның емдеу әдісі мен емдеудің нәтижелерін бағалау оның себебіне байланысты болып келеді.


Тегтер:

амнезия
амнезияның емі
амнезияның симптомдары
есте сақтаудың жоғалуы
есте сақтаудың жоғалуының себептері
есте сақтаудың жоғалуының емі
кәрілік кездегі есте сақтаудың жоғалуы
алкогольден кейінгі есте сақтаудың жоғалуы
Альцгеймер ауруы