Бұл не? Афтозды стоматит – ауыз қуысында ақ-қызыл түсті дөңгелек дақтардың пайда болуын айтады. Мөлшері 1-2 мм-ден басталып 1 см-ге дейін жетеді.Көбінесе афтозды жаралар тілде, ұрттың және еріннің ішкі бетінде, таңдайда пайда болады.Герпес вирустарынан айырмашылығы бұлар жұқпалы емес.
Афтозды стоматиттер әр түрлі жастағы әйел адамдар да көбірек кездеседі.Жараның пайда болу себептері толыққанды белгілі емес, бірақ ауыз қуысына инфекцияның түсуі, күйзеліс, тұқым қуалау және әйелдік гормондар әсерінен пайда болуы мүмкін. Жара қалыпты жағдайда 7-10 күн ішінде жазылады, егер жараның мөлшері 1 см-ден үлкен болатын болса, онда жазылуы 2-4 аптаға дейін ұзаруы мүмкін.
Емдеу. Афтозды стоматиттің арнайы емі жоқ, алайда үй жағдайында жағымсыз әсерді жою үшін ауыз қуысын ащы және ыстық тағамдардан сақтау керек.Ауырсынуды төмендету үшін ауыз қуысын антибактериальды ауыз шайғыштар мен немесе әлсіз тұзды сумен шаю керек. Кейде жергілікті ауырсыну басатын жақпа майлар қолданылады.
Афтозды стоматиттер көбірек қайталанатын болса,онда вирусқа қарсы препараттар және жергілікті кортикостероидтар қолданылады.
Тамақтағы проблемалар (ерлерде / әйелдерде)
Ауыз қуысындағы проблемалар (ерлерде / әйелдерде)
Балалардың тамақтарындағы проблемалар
Тегтер:
афтозды стоматит
жара
ауыз қуысындағы жара
афтозды стоматиттің емі
кортикостероидттар