Мазмұны

Миопия дегеніміз не?

Миопияның жоғары сатысы дегеніміз не?

Рефракция дегеніміз не?

Рефракцияның қателіктері дегеніміз не?

Миопия қалай дамиды?

Миопияның дамуы мүмкін топтарға кімдер жатады?

Миопияның симптомдары қандай?

Миопияның диагнозы қалай анықталады?

Миопия қалай түзетіледі?


Миопия дегеніміз не?

Миопияға (жақыннан көре алмау) ұшыраған адамның көзі жақын объектілерді анық көре алады, бірақ алыста орналасқан затты – бұлыңғыр көреді.

635


Миопияның жоғары сатысы дегеніміз не?

Миопияның жоғарғы сатысы - аурудың ауыр түрі болып саналады. Миопияның ауыр түрі кезінде көз алмасы созылып, ұзын болып созылады. Бұл көз торларында тесіктердің пайда болуына, жарылуына сондай-ақ оның қабаттанып кетуіне соқтыруы мүмкін. Көз торының астынан көру қабілетінің нашарлауына соқтыратын жаңа тамырлар түзілуі мүмкін. Миопияға ұшыраған адамдар медициналық тексеруден жиі өтуге мұқтаж. Ерте анықтау және уақтылы емдеу көрудің жоғалуын болдырмауға көмектеседі.


Рефракция дегеніміз не?

Рефракция - жарықтың сыну процесі, ол кезде жарық бір нысаннан екінші бір нысанға өтіп кеткендей көрінеді. Көз жанарынан және шынайнадан нысанның көрінісі жарық сәулеге жағылысып шытынап, бұлдырап көрініп тұрады. Содан жарық көз торына сақталып қалады. Көз торы жарық сәулелерді сигналдарға түрлендіреді. Олар миға көру жүйке арқылы беріледі. Миында сигналдар біз көретін кескінге айналады.


Рефракция қателіктері дегеніміз не?

Рефакция бұзылған кезде көздің пішіні жарықтың көз торына шоғырлануына кедергі жасайды. Көздің ұзындығы (ұзын немесе қысқалығы), шынайнаның кейпінің өзгеруі, көз жанарының тозуы рефракцияның бұзылуына алып келуі мүмкін.


Миопия қалай дамиды?

Миопия бейненің көзге көрінбеуін емес, көз торының бұлдырап, нысанды дұрыс көрете алмай қалуымен сипатталатын ауру. Бұл жүре дамитын жағдай. Көз алмасы тым ұзарып алға қарай шығып кеткенде, көз торы көрген бейнелерді сақтай алмай қалған жағдайда дамиды. Сондай-ақ, ол шынайна мен көз жанарының формасының өгеруіне де байланысты дамитын ауру болып саналады.


Миопияның дамуы мүмкін топтарға кімдер жатады?

Миопия ересектер арасында да, сонымен қатар балалар арасында да кездесуі мүмкін. Ауру барша адамның шамамен 25 пайызына зиянын тигізетін көрінеді. Миопияның диагнозы әдетте 8-12 жастағы балаларға қойылады және жасөспірімдердің ішінде де дамуы мүмкін. Шағын өзгерістер 20 жастан 40 жасқа дейінгілер арасында болуы мүмкін. Бірақ кейде миопия жас ұлғая дамуы мүмкін. Ата-анасы осы аурумен ауырған балалардың да миопияға шалдығу қаупі бар.


Миопияның симптомдары қандай?

Миопияның кейбір белгілері:

• Бас ауруы
• Көзде шамадан тыс қысымның болуы
• Көзді сығырайту
• Жол белгілері сияқты қашықтықтағы объектілерді көре алмау


Миопияның диагнозы қалай анықталады?

Көз дәрігері миопия және басқа да рефракция бұзылуларын толық, жан-жақты тексеру кезінде анықтауы мүмкін. Науқас адамдар көбінесе көрудегі ыңғайсыздықтар немесе бұлыңғырланып көрінулер бойынша маманға барып тексерілуге жүгінеді.


Миопия қалай түзетіледі?

Миопияны көзілдіріктермен, контактілі көзілдіріктермен немесе хирургиялық емдеумен түзетуге болады.

Көзілдірікті таңдау миопияны түзетудің ең қарапайым және қауіпсіз әдісі болып табылады. Дәрігер сіздегі проблеманы шешетін және жақсы көруге көмектесетін көзілдіріктерді таңдап бере алады.

Контактілі көзілдіріктер көзге түсетін жарық сәулелер үшін бірінші сыну линзасы негізінде жұмыс істейді, осылайша жақсы сынумен және сақтаумен қамтамасыз етеді. Көптеген жағдайларда байланыс линзалары көру аймағын кеңейтіп, жайлылықты қамтамасыз ететін айқын көрініс береді. Олар дұрыс қолданылса және дұрыс орнатылған жағдайда қауіпсіз және тиімді болмақ. Алайда контактілі линзалар барлық адамдарға оңтайлы бола бермейді. Бұл мәселені маманмен бірлесе отырып талқылау керек.

Рефракционды хирургия рефрагмент процесін жетілдіру кезінде, шырышты қабықтың түрін өзгертуге бағытталған. Хирургиялық өңдеу көзілдірікті немесе контактілі линзаларға тәуелділікті төмендетуі немесе жоюы мүмкін. Рефракционды операциялар мен хирургиялық тәсілдердің көптеген түрлері бар, оларды дәрігермен ақылдасып қабылдауға болады.

Дереккөз: https://www.nei.nih.gov/health/errors/myopia


Көруді бұзылуы немесе әлсіреуі (ерлерде / әйелдерде)


Тегтер:

миопия
алысты көре алмау
көз
жаксы көре алмау
миопияны емдеу
линзалар
көзілдіріктер