Кейбір іс әрекеттерді қайталағанда, мысалы, үйді әктегенде қолға, саусақтарға және білезікке артық күш түсіп, соның әсерінен уақытша ауырсыну сезімі, ісіну немесе сіресуі пайда болады. Егер сіз жұмыс барысында қалыпты өзгертіп немесе үзіліс жасайтын болсаңыз, симптомдары ақырындап кетеді. Егер артық жүктеме үзіліссіз болса, оның салдары мынадай асқынуларға алып келуі мүмкін:

• Білезіктегі ортаңғы нервтің қысылуынан білезік каналы синдромы пайда болады. Симптомдарына қолдағы немесе саусақтардағы шаншып ауырсыну сезімі, саусақтардың бір-біріне байлануы, әлсіз қимылдауы жатады.
• Қол сіңіріңің аймағындағы тіндердің жыртылуынан ауырсыну сезімі болады (негізгде бұл тендинит симтомы болып саналады). Ауырсыну және сезімталдықпен қоса, сіңірдің шағын жарақатының симптомдарына зардап шеккен аймақтың әлсіреуі мен қозғалысының шектелуі жатады.
• Бір қимылды қайталай беру синдромы пайда болады (аталмыш термин ауырсынуды, ісунуді және сезімталдықты сипаттауда қолданылады).
• Жазу кезінде қолдың құрысуы (қолдың, саусақтың, білезіктің бір кимылды қайталай беруінен пайда болады, мысалы, жазғанда немесе арнайы құрылғымен тергенде).

Қолдағы,саусақтағы, білезіктегі ауырсыну сезімдері мынаның әсерінен болуы мүмкін.

• Дюпюитрен ауруы – қолдың, алақанның кей жағдайда аяқтың тері асты қабаты қалыптан тыс қалыңдап кетуі. Қалыңдаған тері мен сіңір қолда, саусақтарда ауырсыну сезімі және қимылдың шектелуіне себеп болуы мүмкін.
• Сыртылдақ саусақ немесе бақай. Саусақ бүккішінің сіңірі ісінгенде немесе қалыңдағанда болады.
• Ганглиозды цистит. Ганглий – саусақта, білезік сүйекте,тізеде, иықта пайда болатын сырты қабықпен қапталған, іші мөлдір сұйықтыққа толы киста.
• Остеоартрит – буынды қорғайтын және амортизациялық қызмет атқаратын тіннің өршімелі түрде зақымдалуы. Осының салдарынан қимылдың шектелуі, ауырсыну болуы мүмкін.
• Ревматоидты артрит – қолдағы қимылдың шектелуіне әсер етеді,уақыт өте келе қол саусақтарының деформациясына алып келеді.
• Жүйелі қызыл жегі – иммундық жүйе қалыпты тінді қарсы дене ретінде көріп зақымдайтын аутоиммунды ауру.Көбінесе буындарда ауырсыну сезіледі.
• Подагра –ауырсыну сезімі және ісінумен сипатталатын буынның қабынулық ауруы. Бұл ауру кезінде зәр қышқылының кристалоидтары буынның аймағында жиналып калады, көбінесе аяқтағы бас бармақ зақымдалады.
• Вибрациялық ауру (діріл ауруы) – саусақ пен бақайдың суыққа немесе стресске байланысты ауырсыну сезімінің болуы .Осы кезде зақымдалған аймақтарда қан мен қамтамасыз етілу бұзылады,ісіну,шаншу болады.
• Білезік аймағындағы тіндердің инцекциялануы қызару мен ісінуді, ол өз кезегінде дене қызуының көтерілуіне, онымен жанасқан кезде сезімталдықтың жоғарлауы немесе ауырсынудың өршуіне әкеп соқтырады.


Тегтер

саусақтың ауырсынуы немесе сіресуі
сіресу
білезіктегі мәселелер
сіңірлердегі ауырсыну сезімі