Бұл не? Бульбоспинальды салдану – бұлшықеттің әлсіздігі және төзімділігінің төмендеуімен сипатталтын өте сирек кездесетін созылмалы ауру. Бұлшықеттің әлсіздігі ақырындап дамиды, бірінші кезекте мимикалық бұлшықеттерді зақымдап, адамда қабақтың төмен түсуі, қосарланып көру, сөйлеу, шайнау және тыныс алу қиындықтары секілді симптомдары пайда болады.

Бульбоспинальды салданудың нақты себебі әлі анықталмаған. Алайда, аурудың дамуы бұлшықеттің тіндеріне қарсы бағытталған аутоантиденелердің түзілуінен болады деп есептеледі. Бульбоспинальды салдану кез келген жаста әйелдер мен еркектерде кездеседі, әсіресе қалқанша безінде проблемасы бар жас әйелдерде көбірек кездеседі.

Бульбоспинальды салдануды емдеу кезінде бұлшықет әлсіздігін жоятын және жұмысын жақсартатын дәрілік препараттар тағайындалады. Кей жағдайларда қалқанша безін алып тастау көмектесуі мүмкін.


Тегтер:

бульбоспинальды салдану
бұлшықеттің әлсіздігі