Материал медицина ғылымының профессоры Алмаз Шарманның АҚШ-тың Ұлттық онкология иститутындағы «Сізге жатыр обыры жайлы не білу керек» атты мақаласының негізінде дайындалды. (What do you need to know about uterine cancer).

Жатыр

659

Жатыр – әйелдердегі өндірістік жүйенің бір бөлігі болып саналады. Бұл мүше алмұрт тәрізді болып келеді, онда - ұрық дамиды. Жатыр – қуық пен тік ішектің арасында, кіші жамбас қуысында орналасқан.

Жатыр мойындығы – жатырдың төменгі бөлігінде орналасқан, тарылған жері. Жатырдың кең бөлігі, мойындықтың үстіңгі жағында орналасқан, оны – жатыр денесі дейді. Жатырдың күмбез тәрізді жоғарғы бөлігі - жатырдың түбі деп аталады. Жатырдан қарама-қарсы екі жақ бетінен Фаллопиев түтікшелері шығады. Олар аналық безге жалғасып тұйықталады.
Жатыр 3 қабаттан тұрады. Ішкі қабатты – эндометрий. Ортаңғы қабатты – миометрий – (бұлшықетті қабат). Сыртқы қабатты – периметрий.

Бала туу жасындағы әйелдердің әр ай сайын эндометриі жуарып тұрады, бұл жатырдың жүктілікке дайындалуына байланысты болатын құбылыс. Егер жүктілік болмаса, эндометрий қабатты сылынып, қынап арқылы қанмен араласып сыртқа шығып кетеді. Оны – етеккір (менструация) деп атайды.

Қатерлі ісік деген не?

Қатерлі ісік тіндерді түзетін, құрылым элементтерінен, жасушалардан басталады. Тіндер мүшелерді түзеді.

Қалыпты жасушалар өседі және бөлшектенеді, ағзаның қажетіне қарай жаңа жасушаларды тудырады. Көнерген жасушалар жойылады, ал олардың орынын жаңа жасушалар басады. Кейде, бұр ретті процесс бұзылады. Ағзаға қажет емес жаңа жасушалар түзіліп, көне жасушалар орын босатпай қояды. Бұл қосалқы жасушалар жаңатүзінді немесе ісік деп аталатын тіндер массасын түзеді.

Ісіктер залалды және залалсыз болып бөлінеді:

Залалсыз ісіктерде қатерлі ісіктің категориялары болмайды.

• Залалсыз ісіктер өмірге көп қауіп төндіре бермейді.
• Әдетте залалсыз ісіктер жойылғаннан кейін қайта пайда болмайды.
• Залалсыз ісіктердің жасушалары ми тіндерінің айналасына өсіп шықпайды.
• Залалсыз ісіктің жасушалары басқа мүшелерге және дененің басқа бөліктеріне таралмайды.

Жатыр обырының залалсыз түрі келесілерді де қамтиды:

Фиброидты ісіктер (жатыр миомасы) жатырдың бұлшықетті қабатында жайылатын кең таралған ісік түрі болып табылады. Бұл арау көбінесе 40 жастан асқан әйелдерде жиі кездеседі. Бұл індетке ұрынған әйелерде бір уақытта бірнеше фиброидты түйіндер пайда болады. Фиброидты ісік обыр түріне ауысып кетпейді. Менопауза кезіне өте бастаған фибройдты ісіктердің барлығының көлемі жиі кішіриеді және кейбіреулері өздігінен жоғалып кетеді.

Әдетте фибройдты ісіктер (жатыр миомасы) ешқандай симптом тудырмайды. Бірақ көлеміне, орналасу мекеніне қарай фиброидты түйіндер қан кетумен, қынап бөлінділерімен және жиі зәр шығарулармен астасып кетіп жатады. Мұндай симптомдары көрініс тапқан әйелдер міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек. Егер көп мөлшерде қан кетулер орын алса, және ісік жақын тұрған ағзаларты басып бара жатса, қатты ауру езімін туындатса дәрігерлер хирургиялық араласулар немесе басқа да түрлі ем-шараларды орындауға кеңес береді.

Эндометриоз жатырдың тағы да бір залалсыз өзгерісінің бір түрі. Ол көбінесе 30-40 жасар, әсіресе жүкті болмаған әйелдерде байқалып жатады. Эндометриоз жатырдағы эндометриальді тіндердің жақын ағзаларға таралуымен сипатталады. Бұл жағдай орын алғанда, етеккір келгенде қатты ауырған сезімдер білінеді, қынаптан потологиялық бөлінділер бөлінеді және бедеулік дамуы мүмкін. Бірақ эндометриоз жатыр обырын тудырмайды. Эндометриозы бар әйелдерге әдетте, гормональді терапиямен емделуге болады деген кеңестер беріледі.

Эндометрия гиперплазиясы – бұл басқа бір залалсыз жағдай, жатыр ішкілік қабаттардағы жасушалардың саны артып кетуімен сипатталады. Эндометрия гиперплазиясы – обыр емес, бірақ ол обырға әкеп соқтыратын жағдай. Эндометрия гиперплазиясы етеккірдің артуымен, етеккір аралық қан кетулермен, сондай-ақ, менопауза кезеңдерінде қан бөлінуімен сипатталады. Бұл жағдай көбінесе 40 жастан асқан әйелдерде жиі кездеседі.

Дәрігер жатыр обырының дамуының алдын алу үшін эндометриялық гиперплазиясы бар әйелдің жатырын алып тастауға (гистерэктомия) кеңес береді. Сондай-ақ, прогестерон гармонының көмегімен емделуге де болады және ылғый гинекологтің бақылауында болуы тиіс.

Залалды ісіктер қатерлі ісікпен тікелей байланысты болып табылады.

• Залалды ісіктер залалсыздарға қарағанда салмақтырақ симптомдармен көрініс береді. Олар науқастың өміріне қауіп төндіруі де мүмкін.
• Залалды ісіктер көп жағдайда жойылады, бірақ қайта пайда болуы да мүмкін.
• Залалды ісіктер өзіне тиесілі мүшелер мен тіндерді зақымдауы мүмкін, немесе оларды ісітеді.
• Залалды ісіктердің жасушалары басқа мүшелер мен дене бөліктеріне таралады (метастазданады). Қатерлі ісік жасушалары таралып, өзімен байланысқан, қан ағымын немесе лимфа түйіндерді ісіте бастайды. Ісік жасушалары басқа мүшелерде дамиды, ол жерде мүшені зақымдайтын жаңа ісіктер түзеді. Басқа мүшелерге таралған қатерлі ісік жасушаларын метастаздар деп атайды, ал олардың таралу процессі метастаздану болып табылады.

Ісіктің жайылуы кезінде және басқа ағзаларға немесе дене бөліктерінде жаңа ісіктердің түзілуі кезінде олар аномальді жасушалар құрайды және олардың барлығын алғашқылық деп атайды. Мысалы, жатыр қатерлі ісігі өкпеге таралса, өкпедегі обыр ісігі – жатыр обырлық ісігі болып саналады. Бұл ауру жатыр обырының метастаздануы болады, өкпенікі емес. Егер ол осындай себептерден індет туындаса, ол жатыр обыры бойынша емделеді, өкпе обыры бойынша емес. Дәрігерлер бұлай туындаған ісіктерді кейде «дистантты» немесе метастатикалық ауру деп атайды.

Жатыр обыры көбінесе «эндрметрия» деп аталатын ішкі қабаттан дамиды. Обырдың мұндай түрі эндометриальді обыр деп аталады, бірақ, оны көпшілік жатыр обыры деп атай береді. Яғни бұдан түйеріміз, обыр эндометриядан басталады деген сөз.

ЖАТЫР ОБЫРЫНЫҢ СИМПТОМДАРЫ

Жатыр обыры көбінесе менопаузадан кейін дамиды. Бірақ ол менопауза кезінде де дами беруі мүмкін. Қынаптан потологиялық қанды бөліндінің шығуы жатыр обырырының барынша кең таралған симптомы болып табылады. Қан кету аздаған қан араласқан сулы бөлінді түрінде басталады. Содан қанды түрі қоюлана түседі. Бұдан кейін «менопаузадан мұншалықты қан кетпеу керек еді ғой» деген күмәнмен текеріліп көргеніңіз дұрыс.

Әйелдерде төменде көрсетілген симптомдардың ішінара болмасын бірі кездессе, дәрігерге хабарласуы керек:

• Қынаптан әдеттегіден тыс қан мен бөлінділер шықса;
• Зәр шығарған кезде қиналу, ауру сезімдері болады;
• Жыныстық қатынас кезінде ауру сезімдері мазалайды;
• Шапта ауру сезімі болып жүреді.

Көрсетілген симптомдар қатерлі ісіктің процессін туындатады немесе басқа да күрделі мәселелердің болғанын меңзейді. Дегенмен ондай жағдайдың бәрі бірдей қатерлі ісіктен бола мермейді, бірақ нақты, сенімді диагнозды дәрігер ғана қоя алады.

Жатыр обырының диагностикасы

Егер әйелдерді жатыр обырынан туындаған симптомдар мазаласа, онда оларға «дәрігерге қаралыңыз» деп кеңес берер едік. Себебі дәрігер жалпы тексеру жүргізеді және қан мен несеп талдамасын өткізуді тағайындайды. Дәрігер төменде көрсетілгендей түрлі, қажетті тексерулерді жүргізуі мүмкін:

• Гинекологиялық тексеру – дәрігер төменгі мүшелерге (қынапқа, жатырға, қуыққа және аш ішекке) тексеру жүргізеді. Тексеру аталған ағзалардың көлемі мен құрылымын қарау үшін жүргізіледі. Қынап пен жатыр мойнын тексеру арнайы құрылғының көмегімен жүзеге асырылады.
• Жатыр мойнының жұғындысы – дәрігер потологиялық жасушалардың зертханалық және микроскопиялық жағдайда тексеру үшін жатыр мойнынан және қынаптың жоғарғы бөлігінің жұғындысын жинайды. Бұл тест Папаникалау бойынша жығынды алу (автордың аты берілген) деп аталады немесе оны Пап-тест деп те қысқартып айтса болады. Бұл тест арқылы жатыр мойнындағы обыр жасушасын анықтауға болады, обырды табу үшін сол жатырға биопсия жүргізу керек, яғни жатыр қуысына арнайы құралды кіргізу керек және микроскоппен тексеру үшін тін бөлшегін алу қажет.
• Трансқынапты ультрадыбысты тексеру – дәрігер арнайы құралды қынапқа кіргізеді, яғни, жоғары жиілікті шағылысатын толқынның көмегімен жатырдың ішкі жоғарғы құрылымен қарап шығады. Атап айтқанда, бұл әдіс биопсия жүргізу үшін эндрометрияның потологиялық толысуын анықтауға мүмкіндік беретін негізгі шешіп болып табылады.
• Биопсия – дәрігер жатырдың ішкі жоғарғы жағынан тін бөлшектерін жинайды. Бұл шара жатырды кеңейтуге арналған арнайы құрылғының көмегімен жүзеге асауы мүмкін. Осымен бірге жатырдың шырышты қабатындағы тұнып қалған заттарды қыруды да жүзеге асыруға болады. Одан әрі қарай алынған биопсияның көмегімен тіндерге микроскоптық тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, гиперплазиялық немесе табылған обыр жасушаларын және т.б. потологиялық белгілерді анықтау үшін қырылған материалдар да тексеріледі. Осындай шаралардан кейін белгілі бір уақытқа ішінде әйелдің асқазанының төменгі жағында нашар сезімдер туындауы мүмкін және азғантай қанды бөлінділер көрініс береді.

ЖАТЫР ОБЫРЫНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ

Дәрігер диагноз қойғаннан кейін, дұрыс емдеу шарасын тағайындау үшін, науқаста қандай қатерлі ісіктік процесс жүріп жатқандығын білуі керек. Аурудың сатысын анықтау – обырдың қай сатыда таралып бара жатқанын, және қандай ағзаларға таралғанын анықтау болып саналады.

Дәрігер бұл сұрақтар төңірегінде жауап іздеу үшін қан және несеп талдамасын зерттеуді тағайындайды, сонымен қатар рентгенологиялық зерттеуде қалыс қалмауы мүмкін. Бұларған басқа, компютерлі томография, ультродыбыстық зерттеу, ядерлі-магнитті резонанс, сигмоидоскопиялық немесе колонскопиялық зерттеулер жүргізілуі мүмкін.
Көп жағдайда қатерлі ісіктің сатысын анықтауға арналған сенімді жол жатырды жою болып табылады (гистеректомия) және қатерлі ісіктік процесстің даму сатысы визуалды түрде, яғни қарапайым көзден көру арқылы анықталуы мүмкін. Көбінесе жатырдың бұлшықеттік тіні зақымданды ма, зақымданбады ма, және лимпфатикалық түйіндерге сондай-ақ, жақын тұрған шап ағзаларына таралды ма соны анықтау аса маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, обыр жасушалары бар алынған тінге микроскоптық зерттеу жүргізіледі.

Жатырдың сатылануы төменде келтірілген белгілердің незізінде қойылады:

• І Сатысы- қатерллі ісіктің процессі жатырды ғана зақымдайды және жатыр мойнына таралмайды;
• ІІ сатысы – қатерлі ісіктің жатыр мойны мен денеге таралау процессі;
• ІІІ сатысы – қатерлі ісік жатыр маңына таралады, бірақ, шап маңына шықпайды (бірақ, ол қуық пен тік ішекті зақымдамай тұрған кезде) жүретін процессі. Шаптағы лимфатикалық түйіндерде жатыр ісігі құралады.
• IV сатысы – қатерлі ісіктің қуық пен тік ішекке немесе шап жақтағы басқа да ағзаларға таралатын процессі

ЖАТЫР ОБЫРЫН ЕМДЕУ

«Жатырында қатерлі ісігі бар» деп диагноз қойылған көптеген әйелдер емдеу әдістеріне қажетті шешімдердің бәрін қабылдап, емделуге белсенді түрде кіріседі. Бірақ кейбіреулер қойылған диагносын естігенде есеңгіреп, күйзеліп аурудың адеквантты мағлұматтарын ескере алмай қалып жатады. Мысалы, науқастар өзіне білуі керек көптеген сұрақтарды дәрігерге қоя алмай қалады. Осындай себептерге байланысты науқастар дәрігер қабылдауына барған кезде қасына туысын немесе досын ертіп алғаны абзал, олар ауруға өздігінше көмек болады.

Дәрігер ауруды арнайы мамандарға бағыттауы мүмкін, мысалы, гинекологқа (әйелдердің осындай мәселелерімен айналысатын маман), немесе онкологқа (қатерлі ісіктерді емдеумен айналысатын маман).

Емдеу әдістері

Жатыр обырын емдеу әдітері ісіктің көлеміне, ауру сатысына, сондай-ақ, ісіктің ісіуіне әйелдік гормонның қай атысы әсер ететіндігіне байланысты жүргізіледі. Сондай-ақ обыр жасушасының дифференциация сатысы маңызды фактор болып табылады. Яғни, бұл жасушалар қай сатысында қалыпты жаушалардан ерекшеленетініне қарасты ажыратылады. Айырмашылығы қанша көп болса, ісік соншалықты тез дамиды. Бұдан басқа, емдеу әдісіндегі шешім қабылдауға мәжбүр ететін фактор әйелдің жалпы денсаулық жағдайы болып табылады.

Жатыр обырын емдейтін бірнеше қатарлы емдеу түрлері бар. Жатыр обыры бар әйелдеерге көбінесе хирургиялық ем жүргізіледі. Кейбіреулерге радиациялық терапия тағайындалады. Кейде, гормональді терапия деп аталатын ем түрін қабылдауға кеңес беріледі. Ал аурулардың енді біреулеріне біріктірілген ем түрі тағайындалады.
Жатыр обыры бар көптеген әйелдердің жатырын алыптастау (гистерэктомия) мақсатында жирургиялық араласулар орындалады. Операция құрсақ қуысының қабырғасын тілу арқылы жүзеге асырылады. Хирург әдетте жатырмен бірге қос фаллопиев түтіктерін және аналық бездерлі алып тастайды, яғни, билатеральді салпиго-оофоректомия деп аталатын ем түрі жүргізіледі.

Сондай-ақ хируруг, егер обыр жасушалары лимфатикалық түйіндерде құралса, ол түйіндерді де алып тастайды. Егер обыр жасушасы лимфатикалық түйіндерде орналасса, онда обырлану процессі ағзаың басқа бөліктеріне де таралды деген сөз. Егер обыр эндрометрияда шектелсе, әйелге хирургиялық операциядан басқа, емдеудің қосымша түрлері қажет болмайды.

Радиоактивті терапия обыр жасушаларын жоя алаиын жоғары экергиялы радиоактивті сәулені қолданумен сипаттлады. Хирургиялық араласулар мен радиотерапия ұқсас түрде емдеудің жерлігікті түрімен астасады, әрине ол, өз айамғында қаншама обыр жасушаларын жойғандығына байланысты.

Кейбір әйелдер жатыр обырының І, ІІ немесе ІІІ сатысында хирургиялық араласулар мен радиациялық терапияның біріккен түрін қажетсінеді. Оларға алдымен ісіктің көлемін кішірейту үшін радиотерапия жүргізіледі, одан кейін хирургиялық операция орындалады. Бірақ, кейде радиотерапия қалып қойған ісіктерді кетіру үшін хирургиялық операциядан кейін жүзеге асырылады. Бұдан басқа, радиотерапия хирургиялық операция жасай алмайтын әйелдерге жүргізіледі.

Жатыр обырын емдеу үшін радиациялық терапияның екі түрі қолданылады:

• Сыртқы терапия: сыртқы радиотерапия үшін радиацияның сыртқы көзі қолданылады (арнайы аппарат), бұл сәуле ісіктің орналасқан жеріне бағытталады. Мұндай ем бірнеше аптаның ішінде, аптасына 5 күн жүргізіледі. Бұлай істеу арқылы қатерлі ісіктің жасушаларын жинастыруға болады.
• Ішкі радиотерапия: ішкі радиотерапия үшін қынап арқылы арнайы радиациялық шағын түтікше енгізіледі (импланттанады) және ол бірнеше күнге дейін іште қалдырылады. Алдағы емделулерде әйелге туыстарымен және достарымен қарым-қатынас жасауына шектеу қойылады. Бұл әдісті орындағаннан кейін осы шешім барынша қауіпсіз болып саналады. Кейбір әйелдер үшін ррадиотерапияның ішкісінің де, сыртқысының да біріктірілген түрі ыңғайлы болып келеді.

Гормональді терапия арнайы дәрілерді қолдануды қамтиды. Яғни ол дәрілер гармонмен бірге обыр жасушаларына торалғы бола тұрып бақылауға мүмкіндік туғызады. Гормондар арнайы рецепторлар арқылы обыр жасушаларымен бірлесе дамиды. Гормональді терапияны бастамас бұрын, гормональді рецепторларға тестілеу жүргізіледі. Ол әсіресе, жатырдың эстрогенді және прогестеронды рецепторларына жүргізіледі. Егер рецепторлар қатыстырылса ісік жасушалары гормональді терапияға жол берген болып саналады.

Гормональді терапия, ағзадағы обыр жасушаларына қаншалықты әсер еткендігіне қарай жүйелі терапияның категорияларымен байланысады. Әдетте гормональді терапияда сапасына қарай, құрамында прогестерон бар таблеткалер қабылданады.

Кейде хирургиялық араласулар мен радиотерапияны қолдануға келмейтін әйелдерге гормональді терапия жүргізіледі. Бұдан басқа жағдайда, дәрігер науқастардың бойындағы ісік өкпесіне немесе басқа ағзаларына таралса гормональді терапияны тағайындайды. Сондай-ақ гормональді терапия жатыр қатерлі ісігі қайталанған ауруларға тағайындалады.

ЖАТЫР ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ

Хирургиялық емнің жанама әсерлері

Гистеректомиядан кейін әйелдерде әлсіреу және ауру сезімдері байқалады. Көптеген әйелдердің қайта қалпына келуі үшін 4-8 аптадай уақыт қажет. Алайда, кейбір әйелдерге оданда артық уақыт қажет болады қайта қалпына келуі үшін.

Кейбіреулері жедел араласулардан кейін жүрек айну, құсу жағдайлары орын алаиындығын айтады. Сондай-ақ, қауық пен ішектерде де мәселелер туындауы мүмкін. Сол үшін дәрігер бірқатар тамақтар мен сұйықтықтарды пайдалануды доғара тұруды талап етеді. Кейін ақырындап, қалыпты тамақтануына да болады.

Гистеректомиядан кейін әйелдерде етеккір жоғалып кетеді, және олар ешқашан бала көтере алмай қалады. Ондай әйелдерде климакстің пайда болатындығы жайында нақты мәліметтер бар. Ондай жағдайда, кейде терапияны эстроген-құрамды препарат ауыстыруы мүмкін. олар жағдайды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бірақ кейбір дәрігерлер бұған кереғар пікірде, яғни олардың айтуы бойынша, «кімде қашан бір жатыр қатерлі ісігі болған болса, оларға эстроген берудің қажеті жоқ» дейді.

Радиациялық терапияның жанама әсерлері

Радиациялық терапияның жанама әерлері, әсіресе радиоактивті сәуленің қолданылған дозасы мен әсер еткен орнына байланысты болады. Кең таралған жанама әсерлер: құрғау және әсер еткен жерінің терісінің қызаруы, қышу және қынап ішінің күю сезімі. Бұлардан басқа, радиотерапиядан диарея, сондай-ақ, зәр шығарудың жиілеуі мен шығарар кезде ауру сезімінің мазалауы пайда болады. Радиацияның әсерінің нәтижесінде, сондай-ақ инфекциядан қорғайтын қанның ақ түйіршіктері ( лейкоциттер) азайып кетеді.

Дәрігерлер радиациялық терапиядан өткен әйелдерге жыныстық қатынаста болмай тұру керектіні жайында кеңес береді. Бірақ, аталмыш терапиядан кейін бірнеше апта өткен соң, әйелдер төсек қатынасын жалғастыра берсе бола береді.

Гормональді терапияның жанама әсерлері

Прогестероны бар таблеткаларды қабылдайтын әйелдердің организмдері сұйықтық жиналуға бейіп келеді. Сондай-ақ, гормональді терапияның жанама әсері тәбеттің төмендеуі және салмақтың түсуі болып табылады. Әйелдерің сақталған етеккірлі функциясы бұзылуы мүмкін.

ҚОСЫМША ЖӘНЕ АЛЬТЕРНАТИВТІ МЕДИЦИНА

Кейбір қатерлі ісікке шалдыққандар қосымша және альтернативті медицинаның әдістерін оңтайлы деп санайды:

Қосымша әдістер хмиотерапия және радиотерапия сияқты ми ісіген емдеуге арналған стандартты емдеу түрлерімен қатар қолданылады. Альтернативті әдіс – стандартты емдеу әдістерінің орынына қолданылады.

Акупунктура (инетерапиясы), емдік массаж, шөп өнімдері, дәрумендер немесе арнайы диета, сонымен қатар, визуализация, медитация және түрлі рухани емдер қосымша немесе альретнативті медицинаға жатады.

Кейбір онкологиялық аурулар қоссымша немесе альтернативті терапияның арқасында өздерін едәуір жақсы сезініп қалатындығын айтып жүр. Және бір айта кетерлігі, қосымша және альтернативті медицина химиотерапия мен радиотерапияның кейбір механизмдерінің әсерін өзгертеді. Бұл өзгерістер ауруға айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін. Бұдан басқа, қосымша және альтернативті медицина, тіпті жеке қолданылса да өздігінен зиянын тигізіп қоюы да ғажап емес. Кейбір қосымша және альтернативті медицинаның түрлері қымбат тұратын болып келеді.

Аурулардың күтіміне қолдау көрсету

Қатерлі ісік секілді күрделі аурумен өмір сүру оңай емес. Кейбір адамдарға бұл аурумен байланысты эмоционалдық және практикалық мәселелерін шешу үшін көмек қажет. Ондай жағдайда ауруға қандай жағынан болсын көмек қолын созса да пайдалы болмақ. Бұл ұйғарым әсіресе батыс жақта жақсы дамыған. Қатерлі ісікпен ауыратындар мен аталмыш топтар бас қосып тұрады, әрқайсысы өз жағдайымен бөлісіп, кейбіреулері емделу үшін өзіне пайдалы кеңес алып қайтып жатады.

Онкологиялық ауруы бар адамдар өз отбасы жайлы көп ойлайды, өзінің жұмыс орнының сақталуын, күнделікті тұрмыс-тіршілігін жиі уайымдап жүреді. Ондай ауру адамдарға барынша сабыр сақтап жүрген дұрыс, оларға емделетіні жайында, емханада алаңсыз болуы керектігі жайында, медициналық көмекті барынша дұрыс қолдану керектігі жайында әңгімелесіп тұрған жүрген жөн. Онкологиялық аурулардың көптеген сұрақтарына әдетте медицина қызметкерлері жауап береді.

Дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік

Онкологиялық аурулардің өзін өзі күтінгені аса маңызды болып табылады. Ол үшін жақсы тамақтанып, жеткілікті түрде белсенді қозғалыс жасау керек. Онкологиялық аурулар салмағын тұрақты ұстап тұру үшін нәуызыға бай тағамдармен қоректенуі керек. Әсіресе ағуызы мол тағамдарды пайдаланғаны абзал. Жақсы тамақтану арқылы өзін-өзі жақсы сезінеді және көп энергия жинайды.

Онкологиялық аурулар көбінесе емделген кезде немесе емделгеннен кейін тәбеті нашарлап кетеді. Олар өзін делсал сезінеді немесе шаршаңқы жүреді, не болмаа, дәм сезуі өзгеріп кетеді. Бұдан басқа, емдеудің жанама әсерлері (тәбетінің нашарлауы, жүрегі айнуы, құсуы немесе аузының қышуы сияқты) салмақты мәселелерді туындатуы мүмкін. Дәрігер, диетолог немесе басқа да медициналық қызметкерлер тамақтануға байланысты мәселелерді шешуге көмектесуі мүмкін.

Көптеген адамдар салауатты өмір салтын сақтау арқылы өзін кәдімгідей жақсы сезініп жүреді. Жүру, йогамен айналысу, жүзу, және осындай спорттардың біраз түрлері күштің сақталуына және энергияны тұрақты ұстауға және өмірлік тонусты көтеруге ықпал етеді. Жаттығулар емделу процесінде жүрек айну, ауру секілді жағдайларды жеңілдетеді. Олар сондай-ақ, күйзелістен айығуға да көмек береді. Десе де, физикалық жүктеме жайында дәрігермен кеңесіп алудың маңызы зор болмақ. Егер физикалық жүктемеден ауру немесе басқа да мәселелер туындап жатса, ол жайында міндетті түрде дәрігерге хабарлау керек, дәрігер аталмыш жаттығулардың басқаша түрлеріне бағыттауы мүмкін.

АЛДАҒЫ УАҚЫТТАҒЫ КҮТІМ

Емделгеннен кейін тұрақты күтімілдену өте маңызды. Дәрігерлер ісіктіктің қайталанбайтынына көз жеткізу үшін егжей-тегжейлі тексерулер жүргізеді. Уақытылы тексерулер жүргізіліп тұрса, аталмыш өзгерістірді анықтауға болады. Ол үшін уақытымен гинекологиялық тексерулерден өтіп, зертханалық тесттер жүргізіп, рентгенологиялық зерттейлерден өтіп, т.б. тексерістерден қалмай қаралып тұрған дұрыс.

ҒЫЛЫМИ ӨҢДЕУЛЕР

Қазіргі уақытта ғалымдар жатырдың хирургиялық жолмен ауырпай алыну әдістерін қарастыруда. Негізінде, жатырды алып тастау әдісі қынап арқылы енгізілетін лапароскоптың көмегімен өңделеді. Бұл жол арқылы құрсақ қуысын аса үлкен көлемде кесілуінен сақтануға болады және қатерлі ісіктің таралған жерлеріне, яғни құрсақ қуысына ауыртпай зерттеу жүргізуге мүмкіндік туады.

Тағы бір зерттеушілер тобы хирургиялық араласудан кейін радиациялық терапияның ұтымды жолын меңгеруде, сондай-ақ, біріктірілген хирургияны қабылдауда, яғни, химиотерапия мен радиотерапияны қоса қолдану жолдарын меңгеруде. АҚШ-та және басқа елдерде биологиялық терапияны (жаңа дәрілер мен біріктірілген клиникалық сынама) қолданылуда. Бұл зерттеулердің кейбіеуі жанама әсерлерді төмендетуге және ауру жанның кейінгі өмірін сапаландыруға бағытталады.


Тегтер:

касер,
эндометриум.