’’Материал медицина ғылымының профессоры Алмаз Шарманның АҚШ-тың Ұлттық онкология иститутындағы «Сізге ұйқы безінің қатерлі ісігі жайлы не білу керек» атты мақаласының негізінде дайындалды. (What do you need to know about kidney cancer).
’’
Бүйрек
Бүйрек – асқазанның төменгі бөлігінде, омыртқаның екі жағында орналасатын сыңар мүше. Нақты орны - құрсақ қуысының артқы жағы болып саналады. Әр бүйректің көлемі жұдырықтай болады. Бүйректің жоғарғы бөлігінде бүйрек үсті безі орналасады. Бүйрек және бүйрек үсті безі май тінімен және фиброзды капсуламен (Герот фасциясы) қоршалған.
Бүйрек – зәр шығару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Оның қызметі – зәрмен бірге қаннан шлактар мен артық суларды бөліп шығарады. Зәр әр бүйректің орталық бос кеңістігіне жиналады. Сосын, бүйрек пен қуықты жалғастыратын несепағар арқылы қуыққа құйылып, қуықтан зәр шығару түтігі арқылы сыртқа шығады.
Тағы бір айта кетерлігі бүйрек қан қысымын тепе-теңдікте ұстайтын және эритроциттердің түзілуіне әсер ететін химиялық заттарды да өндіреді.
ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕГЕН НЕ?
Қатерлі ісік, құрылым элементтерінен, тіндерден жинақталған жасушалардан бастау алады. Бүкіл ағза да тіннен тұрады.
Қалыпты жасушалар өседі және бөлшектенеді, ағзаның қажетіне қарай жаңа жасушаларды тудырады. Көнерген жасушалар жойылады, ал олардың орынын жаңа жасушалар басады. Кейде, бұр ретті процесс бұзылады. Ағзаға қажет емес жаңа жасушалар түзіліп, көне жасушалар орын босатпай қояды. Бұл қосалқы жасушалар жаңатүзінді немесе ісік деп аталатын тіндер массасын түзеді.
Ісіктер залалды және залалсыз болып бөлінеді:
Залалсыз ісктерде қатерлі ісіктің категориялары болмайды.
• Залалсыз ісіктер өмірге көп қауіп төндіре бермейді.
• Әдетте залалсыз ісіктер жойылғаннан кейін қайта пайда болмайды.
• Залалсыз ісіктердің жасушалары ми тіндерінің айналасына өсіп шықпайды.
• Залалсыз ісіктің жасушалары басқа мүшелерге және дененің басқа бөліктеріне таралмайды.
Залалды ісіктер қатерлі ісікпен тікелей байланысты болып табылады.
• Залалды ісіктер залалсыздарға қарағанда салмақтырақ симптомдармен көрініс береді. Олар науқастың өміріне қауіп төндіруі де мүмкін.
• Залалды ісіктер көп жағдайда жойылады, бірақ қайта пайда болуы да мүмкін.
• Залалды ісіктер өзіне тиесілі мүшелер мен тіндерді зақымдауы мүмкін, немесе оларды ісітеді.
• Залалды ісіктердің жасушалары басқа мүшелер мен дене бөліктеріне таралады (метастазданады). Қатерлі ісік жасушалары таралып, өзімен байланысқан, қан ағымын немесе лимфа түйіндерді ісіте бастайды. Ісік жасушалары басқа мүшелерде дамиды, ол жерде мүшені зақымдайтын жаңа ісіктер түзеді. Басқа мүшелерге таралған қауіпті ісік жасушаларын метастаздар деп атайды, ал олардың таралу процессі метастаздану болып табылады.
Ісіктің жайылуы кезінде және басқа мүшелерге немесе дене бөліктерінде жаңа ісіктердің түзілуі кезінде олар аномальді жасушалар құрайды және олардың барлығын алғашқылық деп атайды. Мысалы, қуық асты безінің қатерлі ісігі сүйекке жайылса, ол қуық асты безінің метастаздануы болады, сүйектің қатерлі ісігі болып саналмайды. Егер ол осындай себептерден туындаса, сүйек ісігі емес, қуық асты безінің ісігі бойынша емделеді. Дәрігерлер бұлай туындаған ісіктерді кейде «дистантты» немесе метастатикалық ауру деп атайды.
Бүйрек обырының бірнеше түрі бар. Ең көп таралған түрі бүйрек аденокарциномасы деп, кейде, гипернеформа деп те аталады.
Бүйрек обырының басқа формасы өтпелі жасушалы карцинома болып табылады. Ол негізінен бүйрек астауын зақымдайды. Бүйрек обырының бұл формасы қуық обырын еске түсіреді, сондықтан бұл формадағы обырды емдеу жолдары да ұқсас болып келеді.
Балалардағы барынша кең таралған бүйрек обырының формасы Вильмс ісігі болып табылады. Қатерлі ісіктің бұл формасы бүйрек обырынан басқаша, және басқа түрлі емдеу жолдарын талап етеді.
Бүйрек обыры тұрғылықты лимфатүйіндерге таралады. Ол сондай-ақ, өкпеге де, сүйекке де, бауырға да таралады. Сонымен қатар бұл обыр түрі бір бүйректен екінші бүйрекке шауып кете береді.
Бұл қатерлі ісік түрі таралған кезде (метастазданғанда), обырлы ісігі жаңа орындарда дүмпу тудырады, яғни тиіп кеткен жасушасын обыр ісігіне айналдыра береді. Мысалы, бүйрек қатерлі ісігі өкпеге метасстазданса, өкпенің обыр жасушалары бүйрек обыр жассушаларына айналып шыға келеді. Содан кейін бұл ауру, өкпе обыры емес, бүйректің метастазданған ауруы болып есептеледі. Дәрігерлер мұны кейде метастазданған ісік дейді немесе «жасырын» ауру деп атайды.
БҮЙРЕК ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
Бүйрек обыры көбінесе 40 жатан асқаннан кейін дамиды, бірақ, кейбір себептерінің неден туындайтыны белгісіз. Бір түсінуге қиын соғатын мәселе, кейбір адамдар қатерлі ісікпен жеңіл ауырады, ал кейбіреулері ауырмайды. Бір белгілісі бүйрек қатерлі ісігі жұқпалы ауру емес.
Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, кейбір адамдарда басқалардан қарағанда бүйрек обырын дамытатын қауіп факторлары бар екен. Ондай қауіп факторларын төменде тізімдеп шықтық:
• Шылым шегу: Темекі шегу бүйрек обырын дамытатын бірден бір негізгі қауіп факторы болып табылады екен. Көп шылым шегетіндер, шекпейтіндерден қарағанда екі есе бүйрек обырын дамытатын қауіп факторына жатқызылатын көрінеді. Сигара тарту да қауіп факторының қатарында.
• Артық салмақ: Семірген немесе тым көп артық салмағы бар адамдар, қалыпты адамдарға қарағанда бүйрек обырын дамытатын факторлардың ішінде ерекше бой көрсетіп тұр.
• Қан қысымының көтерілуі: Қан қысымының көтерілуі де бүйрек обырын дамытатын қауіп факторларына жатады.
• Узақ уақыт бүйрек диализінде жатқандар: Диализ – бүйрек қызметі бұзылған науқастарды емдеуге арналған әдіс. Диализдің көмегімен қандағы артық заттар жойылады. Көп жылдар бойы диализбен емделіп жүргендер бүйрек обырына шалдығып қалуы да мүмкін екен.
• Фон Хиппель-Линдау синдромы (ФХЛС) – бұл сирек кездесетін, тұқым қуалайтын геннің бұзылысын анықтауға негізделген ауру. ФХЛС өзгерген гені бүйрек обырына шалдығу қаупін тудырады. Бұдан өзне бүйрек, мұндай түрі өзгерген ген көз, ми, және басқа да мүшелердің қатерлі ісіктерінің қаупін арттырады. ФХЛС өзгерген гені бар отбасы мүшесінің бойынан аталмыш синдормның туындап қалуы ғажап емес. Ондай гені бар адамдарға бүйрек обырына және басқа да аурулардың алғашқы симптомдарына дейін ертерек диагностика жасатқаны дұрыс болмақ.
• Кәсіптегі зияндылықтар: кейбір адамдар бүйрек обырын дамытатын қауіп факторларымен қатысты жұмыс істейді. Мысалы ондай адамдар жұрыста ылғый белгілі бір химиялық заттармен байланысста болуы мүмкін. Айталық, болат құю өндірісіндегі домна ошақтарында жұмыс істейтін қызметкерлер бүйрек обырымен зақымдалып қалуы мүмкін екен. Басқа да қауіп факторлары болып асбест және кадми есептеледі.
• Жынысына қатысты: Бүйрек обырына әйелдерден қарағанда ерлер жиі ұшырайды екен.
ЕСКЕРТУ! Көптеген қауіп факторларына жататындар, бүйрек обырына шалдықпай жүре беруі мүмкін. Дегенмен, керісінше, тіркелген бүйрек қатерлі ісіктері ешандай қауіп факторымен байланысы болмаған жандар аталмыш індетке тап болып жатады. Егер сіз, қандайда бір фактормен зақымданып қалдым деп ойласаңыз, дәрігерге ескертіп, не болмаса, уақытылы бүйрек обырына қарсы тексеріліп қойсаңыз болады.
БҮЙРЕК ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ СИМПТОМДАРЫ
Бүйрек қатерлі ісігінің симптомдары:
• Несептің қан араласып шығуы (гематурия), несеп қою-қызыл түсті болып кетеді.
• Белде ылғый толастамайтын ауру пайда болады.
• Асқазанның шет жақ бөлігі үлкейіп кетеді.
• Салмақ түседі.
• Дене қызуы түседі.
• Шаршау сезімі мазалайды, жалпы денсаулық жағдай төмендейді, адам дел-сал күйге түседі.
Көрсетілген симптомдардың барлығы қатерлі ісікке байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, бүйрек жылауығында (кистасында) инфекция болса немесе басқа ауру бойда туындаса, осыған ұқсас симптомдар көрінуі мүмкін. Онымен қоса, егер сізді осыған ұқсас симптомдар мазаласа, уақытысымен диагностика жасату үшін, ауруды ерте бастан қолға алу үшін дәрігерге көрінгеніңіз дұрыс болады.
БҮЙРЕК ОБЫРЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Егер науқас өңеш обырына күміндену секілді белгілі бір шағыммен емханаға келсе, дәрігер оған диагностика жасау үшін төменде көрсетілгендей зерттеулерді тағайындайды.
• Жалпы тексеру: дәрігер аурудың белгілерін анықтау үшін науқасқа тексеру жүргізеді, көбінесе дене қызуының көтерілуі мен қан қысымының жоғарлау себебін анықтауға тырысуы мүмкін. Сондай-ақ ісіктің бар-жоқтығын анықтау мақсатында қарын жақты сипалап қарап шығады.
• Несеп зерттеуі. Несеп зертханада тексеріледі, құнамында қан бар ма, әлде басқа белгілер көрініп тұр ма оны анықтацды.
• Қан тексеруі. Зерханада қан құрамын тексеріп, бүйрек қызметін реттейтір заттардың бар-жоқтығын тексереді. Мысалы, бұл мақсатта, қандағы креатин мөлшері анықталуы мүмкін, себебі ол бүйрек тазартқыш функциясының бұзылғандығы жайында ақпар береді.
• Вена ішілік пиелография. Бұл әдіс венаға бояғыштар енгізу арқылы жүзеге асады. Бояғыш қан тамырлық арнаға өтеді және бүйрекке барып тоғытылады. Бояғыш рентгендік сәулеге сіңеді де бүйректің құрылымын рентген кескіндемесінен көрінуіне мүмкіндік туғызады, және көбінесе, бүйректегі бояғыштың жүруімен несептамыр мен қуық та көрінеді.
• Компьютерлі томография. Бұл диагностикалау әдісі бүйректің рентгендік кескіндемелерінің компьютерленген түсірілімі сериясына негізделген. Бұл кезде сәуле бүйрек құрылымын көру үшін және ісіне бастаған ісіктерді анықтау үшін ренгенконтрасты зат ішке ендіріледі.
• Ультрадыбысты зерттеу. Диагностикалаудың бұл әдісі біз естімейтін дыбыстық толқынға негізделген. Мұндай толқын ультродыбысты аппаратқа бағытталады да бүйрек жаққа және бүйрек тіндеріне шағылыстырылады. Толқындардың шағылысуы тіркеледі және компьютердің көмегімен сонограммлар деп аталатын арнайы суреттер кейпіне өзгереді. Бірақ сонограммадан тек қатты ісіктер мен жылауықтар (киста) көрінуі мүмкін.
• Биопсия. Бұл әдіс обыр жасушаларын микроскопиялық зерттеумен анықтау үшін тін бөлшегін кесіп алуға негізделеді. Бүйрек биопсиясын жүргізу үшін тері арқылы бүйрек тініне арнайы ине кіргізіледі, содан бүйрек тінінің кішкентай бөлшегі алынады. Бұл кезде нысанаға дәл түсу үшін бүйрекке ультродыбысты немесе рентгендік сурет қолданылуы мүмкін.
Көп жағдайларда жоғарыда көрсетілген диагностикалық тексерулердің түрлері: компьютерлі томография, ультрадыбысты зерттеу және рентген сияқтылар дәрігерге хирургиялық жолдың қай түрін таңдау керектігіне ықпал етеді. Мысалы, бүйректің қажетті бөлігін ғана кесіп алу керек пе, әлде, барлық бүйректі алып тастау керек пе? - деген сұрақтарға жауап тауып береді. Соңғы нақты шешім биопсиялық материалға микроскоптық тексеру жүргізгеннен кейін белгілі болады. Яғни содан кейін барып, соңғы диагноз қойылады және ісіну процесінің сипаты анықталады.
Бүйрек обырының сатылары
Бүйрек обыры бар науқасты дұрыс емдеуді жоспарлау үшін дәрігер, аурудың қай сатыда тұрғанын білуі керек. Бүйрек қатерлі ісігінің даму сатысы ісіктің көлемінің негізінде анықталады. Яғни, ісік таралды ма, жоқ па немесе таралса, дененің қай бөлігіне таралуы мүмкін деген сияқты сұрақтар төңірегінде тексеріледі.
Бүйрек обырының белгілі бір сатысы мынадай диагностикалық әдістерді қолдануммен орындалады, мысалы компьютерлі томография жіне ультродыбысты зерттеу секілді. Кейде ядролы-магнитті-резонанстық зерттеу (ЯМР немесе МРТ) қолданылады. Бұл диагностикалау шаралары радиотолқын және адам тіні мен ішкі мүшелердің кескіндерін дәл көрсету мақатында компьютерлі магнит негізінде іске асырылады. Мұндай суреттің көмегімен ауруды диагностикалауға болады. ЯМР мүшелер мен жұмсақ тіндердің суретін алу үшін бақа да техникалы сканерлеу әдістерімен (КТ және рентгенологиялық зерттеулермен) салыстырғанда, әлеқайда оңтайлы диагностикалау әдісі болып табылады.
Төменде бүйрек қатері ісігінің сатылары көрсетілген:
• І сатысы – бүйрек обырының алғашқы сатысы. Бұл сатыда ісік көлемі 7 см-ге дейін (теннис добынан үлкен емес) үлкейеді. Обыр жаушалары тек бүйректе кездеседі.
• ІІ сатысы – бұл да бүйрек обырының алғашқы сатысы болып саналады, бірақ ісік 7 см-ден аса үлкейіп кетеді.
• ІІІ сатысы төменде көрсетілген талаптармен қарастырылады:
o Ісіктің өзі бүйректің маңына шықпайды, бірақ обыр жасушалары жақын тұрған лимфа түйіндерден табылады; немесе
o Ісік ұйқы безінде немесе бүйректің айналасындағы майлы және фиброзды тіндерде пайда болады, бірақ ісік фиброзды тіндерден ары қарай таралмайды.
o Обыр жасушалары бір немесе бірнеше лимфа түйіндерден табылады;
o Немесе обыр ісігі жақын тұрған қанайналым тамыларына таралады. Обыр жасушасы жақын тұрған лимфа түйіндерде табылады.
• IV сатысы, төменде сараланады:
o Ісік ары қарай бүйректі қоршап тұрған фиброзды тіндерге таралады;
o Немесе, обыр жасушалары жақын орналасқан бірден көп лимфа түйіндерден табылады;
o Немесе, обыр жаушалары өкпе секілді басқа мүшелер мен тіндерге таралады.
Рекуррентті ісік – бұл емделгеннен кейін қайта пайда болатын ісік. Ол бүйректен қайта пайда болуы мүмкін немесе басқа мүшеден көрініс беруі ықтимал.
«Бүйрегінде қатерлі ісік бар» деп диагноз қойылған көптеген науқастар емдеу әдістеріне қажетті шешімдердің бәрін қабылдап, емделуге белсенді түрде кіріседі. Бірақ кейбіреулер қойылған диагнозын естігенде есеңгіреп, күйзеліп аурудың адекватты мағлұматтарын ескере алмай қалып жатады. Мысалы, науқастар өзіне білуі керек көптеген сұрақтарды дәрігерге қоя алмай қалады. Осындай себептерге байланысты науқастар дәрігер қабылдауына барған кезде қассына туысын немесе досын ертіп алғаны абзал, олар ауруға өздігінше көмек болады.
Дәрігер ауруды арнайы мамандарға бағыттауы мүмкін, мысалы, урологқа (несеп шығару жолдары ауруын емдейтін маман), немесе онкологқа (қатерлі ісіктерді емдеумен айналысатын маман).
Емге дайындық
Емдеу әдісін таңдау аурудың сатысына және ауру жанның жалпы денсаулық жағдайына байланысты, және оның жасы да қалыс қалмайды. Дәрігердің қажеттілігіне қарай дәрігер мен науқас ең тиімді емдеу тәсілін таңдауы керек.
Емдеу әдістері
Бүйрек обыры бар ауру адамға емдеудің мынадай түрлері тағайындалуы мүмкін: хирургиялық операция, артериальді эмбольизация, радиациялық терапия, химиотерапия және т.б.
Хирургиялық операция
Хирургиялық араласу бүйрек обырын емдеуде барынша кең таралған емдеу әдісі болып табылады. Бүйректі алып татауға бағытталған операция нефректомия деп аталады. Нефрэктомияның бірнеше түрі бар, оларыды бүйрек обырының сатыларына байланысты таңдалады.
• Радикальді нефрэктомия. Бүйрек обыры көбінесе радикальді нефректомия жолымен емделеді. Сондай-ақ, жақын лимфотүйіндері де алынып тасталады.
• Жай нефрэктомия: бұл кезде тек бүйрек алынып тасталады. Кейбір ауруларда І сатысында-ақ жай нефретомия жасатуға кеңес беріледі.
• Жиі нефрэктомия – бүйректің ісінген бөлігі ғана алынады. Мұндай операция, ауру жанның бір бүйрегі ғана қалған кезде ғана орындалады, немесе ісік екі бүйректе де туындай бастағанда жүргізіледі. Айта кетерлігі, мұндай операция 4 см-ден аспайтын азғантай тілу арқылы жүзеге асырылады.
Артериалдық эмболизация
Артериалдық эмболизация – бұл ісіктердің көлемін кішірейтуге бағытталған обыр терапиясының бір түрі. Кеде бұл әдісті хирургиялық операцияның бассында, ем жақсы әсер беруүшін жүргізеді. Және де хирургиялық операцияны жүргізге мүмкіндік болмай қалған кезде, аурудың симптомдарын жеңілдету үшін эмболизация жүргізіледі. Артериалдық эмболизацияны жүргізу мақсатында қысқа бүйтектік артериядағы қан айналымды бекітіп тұрған затты алып тастау шаптық артерия арқылы картетер енгізіледі. Оның көмегімен ісік жасушасына келетін оттек шектеледі. Ісіну процессі тоқтайды.
Радиациялық терапия
Радиациялық терапия (радиотерапия) бұл – жоғары энергетикалық сәулелер арқылы қатерлі ісіктің клеткаларын жоятын жергілікті қолданатын ем түрі. Радиотерапия тек сәуле түскен жердегі қатерлі ісік клеткаларын жояды. Радиотерапияны жүргізу үшін пациент аптасына 5 күн бірнеше апта бойы емдеу мекемесінде болуы тиіс.
Кейбір ауруларға радиотерапия хирургиялық әсердің басында, ісіктің көлемін кішірейту мақсатында жүргізіледі. Басқа ауруларға радиотерапия жасушаларын жоюға, хирургиялық әсерден кейін қалып қойған ісік жасушаларын жою мақсатында қолданылады. Радиотерапия сондай-ақ, хрирургиялық операция жүргізуге мүмкін болмай қалған жағдайда тағайындалады.
Биологиялық терапия
Биологиялық терапия – бұл жүйелі терапияның бір түрі. Ол қан тамыр арналарында айналатын, барлық ағзаның жасушаларына жететін затты пайдаланады. Биологиялық терапия ағзаның обырмен күресуіне бағытталған табиғи күшін қолдануға негізделеді.
Метастазданған бүйрек обыры бар аурулар үшін альфа-интерферон немесе интерлейкин-2 (IL-2 немесе альдеслейкин деп те аталады) тағайындалады. Аталған зат инфекцияға жауап қайтару үшін ағзада біршама мөлшерде өңделеді және басқа ауруларға да тойтарыс беруге тырысады. Қатерлі ісіктің емі үшін рекомбинатты иммуномодуляторлар деп аталатын зертханалық жағдайда өңделген зат қолданылады.
Химиотерапия
Химиотерапия жүйелі терапияның бір түрі болып табылады. Ол обырға қарсы дәрілерді қолдануды қарастырады, яғни, қанайналымға түседі, қанайналым арналарда айналады, обыр жасушаларын жояды. Бұл әдістің басқа әдістерден айырмашылығы бүйрек обыры кезінде терапияның бұл түрі біршама сирек қолданылады. Бірақ, ғалымдар бүйрек обырымен өздігінен күресетін жаңа дәрі түрін іздестіруде.
БҮЙРЕК ҚАТЕРЛІ ІСІГІ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ
Обыр емін қаншалықты уақытымен қолданса да, обыр жасушаларынан басқа сау жасушалар да жойылып кетіп жатады. Қажет емес жағымыз әсерлер бәрібір орын алып жатады. Жанама әсерлер қолданылған обырға қарсы дәрілердің сатысына байланысты және түріне байланыты болады. Әр адамда жанама әсерлер әртүрлі болып келеді. Емдеудің алдында дәрігерлер ауруға жанама әсерлер жайлы және олармен қалай күресу керектігі жайлы ескертіп, жолдарын көрсетуі керек.
Хирургиялық операция
Хирургиялық операциядан кейін терінің жиналуы үшін белгілі бір уақыт керек, ол әр адамда әртүрлі болады. Аурулар операциядан кейін алғашқы апталарының ішінде біршама жағымсыздықты сезінеді. Бірақ ауру сезімдерін дәрі-дәрмектердің көмегімен бақылауға болады. Және хирургиялық араласуды бастар алдында дәрігер науқаспен операциядан кейінгі ауру сезімін азайту жайында кеңесіп, жоспар құрып алғаны дұрыс. Бұл жопар операциядан кейін бірнеше рет өзгеруі де мүмкін.
Операциядан кейінгі кезеңде аурулар өздеін тым әлсіз сезінеді. Дәрігерлер бүйректік бұзылыстардың өзгерістерін бақылауда ұстау керек, және сұйықтықтарды қабылдаулары мен несеп бөлінуін жіті назарда ұстауы қажет. Олар сондай-ақ, қан кету және инфекциялық асқынуларды және жедел араласулар қажет болып қалу мүмкіндігі бар жағдайларды қадағалап тексеріп жүруі керек. Зертханалық тесттер операциядан кейінгі кезеде айтарлықтай көмек беруі мүмкін. Бір бүйректі алып тастағаннан кейін, екінші бүйрек оның қызметін алып кетуге қабілетті болады. Бірақ, егер сақталып қалған бүйрек қажетті қызметті атқарып кете алмаса немесе қос бүйректі де алып тастау керек болса, қанды тазарту мақсатында бүйрек диализі қолданылуы мүмкін. Кейбір науқастарға бүйрек ауыстыруы қажет болуы мүмкін.
Артериалдық эмболизация
Артериалдық эмболизациядан кейін аурулар белдерінен ауру сезімдерін байқауы мүмкін. Және олардың дене қызуы да көтерілуі мүмкін. Басқа да жанама әсерлер жүрек айну және құсумен белгі беруі мүмкін. Бұл мәселелер тез арада жойылып кетуі де мүмкін.
Радиациялық терапия
Радиациялық терапияның жанама әсерлері қолданылатын радиацияның мөлшеріне және әсер еткен дене бөлшегіне байланысты болып келеді. Әдетте, аурулар радиотерапиядан кейін, әсіресе емдеудің соңғы апталарында өздерін тым жүдегендей сезінеді. Сол үшін оларға тынығу қажет, кейбір ауруларға белсенді болған дұрыс.
Бүйрекке және оған жақын орналасқан тіндерге жасалған радиотерапия әсерінен жүрек айну, құсу, диарея және дәрет сындырғанда жайссыздықтар туындауы мүмкін. радиотерапия кезінде ағзаны инфекциялардан қорғайтын сау лейкоциттердің саны азайып кетеді. Сонымен қатар, радиотерапиядан кейін тері қызарып, құрғап және серпімділігі азайып кетеді. Радиотерапияның жанама әсері айтарлықтай жағымсыз болғанымен, оларды бақылауда ұстауға мүмкіндіктер бар.
Биологиялық терапия
Биологиялық терапиядан қалтырап-дірілдеу, бұлшықеттердің ауырсынуы әлсіздік, тәбеттің жоғалуы сияқты тұмаудың белгілері және жүрек айну, құсу, диарея сипатындағы жанама әсерлері туындайды. Кейбір науқастарда тері бөрітпелері пайда болады. бұл мәселелер айрықша сипатқа ие болғанымен, емді тоқтатқаннан кейін жанама әсерлері бірден басылады.
Химиотерапия
Химиотерапияның жанама әсері, дәрінің түріне және оны қабылдау мөлшеріне байланысты болады.
Қатерлі ісікке қарсы дәрілер тез таралатын ағза клеткаларына әсері бар. Айрықша айтқанда:
Қан жасушалары: бұл жасушалар инфекциялармен күреседі, қанның ұйюына көмектеседі, және оттегіні түрлі мүшелермен тіндерге жеткізеді. Қан клеткаларына әсері бар дәрілерді қолданған кезде, инфекция, дененің көгеруі немесе қан кету, сондай- ақ, әлсіздік пен шаршау сияқты жанама әсерлері пайда болуы мүмкін.
Шаш түбіндегі жасушалары: химиотерапия салдарынан шаш түсуі мүмкін. Ем шара аяқталғаннан кейін, шаштың өсуі қайта қалыптасады, алайда жаңа шыққан шаштың сипаты мен түсі басқа болуы мүмкін.
Асқазан-ішек жолдарының жасушалары: химиотерапия тәбеттің бұзылуына , жүрек айну, құсу, диарея, ауыз қуысында және ерін айналасында ойық жаралардың пайда болуына әкеп соғады.
Мұндай жанама әсерлердің көптеген түрін дәрілер қолдану арқылы бақылауда ұстауға болады.
ҚОСЫМША ЖӘНЕ АЛЬТЕРНАТИВТІ МЕДИЦИНА
Обырға шалдыққан кейбір адамдар қосымша және альтернативті медицинаны таңдайды:
Қосымша әдіс деп - обырды емдеудің стандартты түрімен қатар жүргізілетін ем шара түрін айтады. Мысалы химиотерапия және радиотерапяны қолдану. Альтернативті әдіс –стандартты емдеу әдісінің орнына қолданатын медицинаның түрі болып табылады.
Акупунктура (ине терапиясы), емдік массаж, өндірілген шөптер,дәрумендер немесе арнайы диета, визуализация, медитация және рухани тұрғыдан емдеу қосымша және альтернативті медицина түрлеріне жатады.
Қосымша және альтернативті әдістерінің терапиясының нәтижесінде, кейбір анкологиялық науқастардың жағдайларының жақсара түскендері байқалады. Алайда қосымша және альтернативті әдістерінің кейбір түрлері химиотерапия және радиотерапияның әсерінің механизмін өзгертіп жіберуі мүмкін. Бұл өзгерістер науқасқа зиянын тигізіп жіберетінін ескеру керек. Сонымен қатар қосымша және альтернативті медицинаның кейбір түрлерін бөлек қолданған жағдайда да зиянды болып жатады. Кейбір қосымша және альтернативті медицинаның түрлерінің ақысы қымбат тұрады.
АУРУЛАРДЫҢ КҮТІМІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
Қатерлі ісік секілді күрделі аурумен өмір сүру оңай емес. Кейбір адамдарға бұл аурумен байланысты эмоционалдық және практикалық мәселелерін шешу үшін көмек қажет. Ондай жағдайда ауруға қандай жағынан болсын көмек қолын созса да пайдалы болмақ. Бұл ұйғарым әсіресе батыс жақта жақсы дамыған. Қатерлі ісікпен ауыратындар мен аталмыш топтар бас қосып тұрады, әрқайсысы өз жағдайымен бөлісіп, аурумен күресуде және ауру салдарынан туындаған мәселелерді шешуде өздерінің білімі мен тәжірибелерімен алмасады.
Онкологиялық ауруы бар адамдар өз отбасы жайлы көп ойлайды, өзінің жұмыс орнының сақталуын, күнделікті тұрмыс-тіршілігін жиі уайымдап жүреді. Тексерілу, ем қабылдау, ауруханаға жату туралы уайымдар, онкологиялық науқас адамдарға тән болып келеді. Онкологиялық ауруларды алаңдататын көптеген сұрақтарына әдетте медицина қызметкерлері жауап береді.
ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІ
Онкологиялық науқастардың өздерін күтімілдеп жүрулері өте маңызды. Әрине, бұл жақсы тамақтану мен дене белсенділігінің максималды түрде қалыпта ұстауларын білдіреді. Мұндай науқастарға салмақтарын түсіріп алмау үшін, қажетті мөлшердегі калорияны тұтыну қажет. Жеткілікті мөлшерде ақуыздарды пайдаланған жөн. Жақсы тамақтану -жағдайларының жақсарып және көп энергия жинау үшін көмектеседі. Әсіресе, ем қабылдау кезеңінде немесе ем қабылдап болғаннан соң тәбеттерінің нашарлауы мүмкін. Олар өздерін жайсыз сезініп, шаршап немесе ауыздарының дәм сезуі өзгеруі. Сондай -ақ емдік шаралардың жанама әсерлерінен, маңызды мәселелер туындауы мүмкін. Дәрігер, диетолог немесе басқа да медицина қызметкері тамақтануға байланысты туындаған мәселелерді шешу түрлерін ұсынып көмектеседі.
Өз белсенділіктерін түсірмегеннің арқасында көптеген науқастар өздерін жақсы сезінеді. Жүру, йогамен айналысу, жүзу және басқа да жаттығулар мықты болуға, энергияны сақтап, өмірлік тоннуссты түсірмеуге көмектеседі. Жаттығулар жүрек айнығанды және ауырсынуды басып, сол арқылы ем жүргізу процесстеріне жеңілдік тудырады. Сонымен қатар, күйзелістен де арылтады. Физикалық тұрғыдан салмақ түсірмей тұрып өз дәрігеріңізбен кеңесіп алғаныңыз жөн. Егер физикалық жаттығулар ауырсынуды немесе басқа мәселелерді туындатса, дәрігеріңізге айтып, физикалық жаттығуларды өзгерту аясында кеңес алғаныңыз жөн.
КЕЗЕКТІ ТЕКСЕРІЛУЛЕР
Емдеу аяқталғаннан кейін науқастарды тексеріп тұру өте маңызды. Қатерлі ісікті жойылғаннан кейін де обыр працесі қайта басталып, обыр жасушаларының жандануы әбден мүмкін. Қайта басталу працесі болған жағдайда, дәрігерлер өз қаперінен жіберіп алмау үшін науқастың жағдайын үнемі бақылауда ұстап отыруы қажет. Кезекті тексерілуден өтіп тұру мұндай өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін кезекті лабораториялық сараптамалар жасатып, рентгеннен тексеріліп, компьютерлік томографияға түсіп және басқа да зерттеу түрлерінен өту керек болады.
Ғылыми зерттеулер
Ғалымдар хирургиялық емнің, биологиялық терапияның, химиотерапияның, және бұл әдістерді үйлестіріп қолданудың жаңа, әсері мықты әдістерін іздестіруде. Химиотерапиямен бағана жасушаларын көшіру сияқты жаңа әдісті біріктіріп қолданудың мүмкіндіктерін қарастыруда. Сондай –ақ обырға қарсы дәрілік дозаны көп мөлшерде қолданып, обыр жасушаларын және сүйеккемігіің қалыпты жасушаларын жойып, орнына донордың бағана жасушаларын көшіру арқылы жаңа жасушаларды қайта қалпына келтіру мақсатында қолданылатын әдіс түрі зеріттелуде.