Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Жалпы ақпарат

Бітелмелі тромбангиит – сирек кездесетін ауру түрі, аяқ-қолдың қантамырларының бітелуімен сипатталады.

Себептері

Бітелмелі тромбангиит (Бюргер ауруы) ұсақ қантамырлардың қабынуы мен ісінуінен туындайды. Сондай-ақ қан тамырлары тарылады немесе олар тромбпен (тромбоз) бітеледі. Көптеген жағдайларда аяқ-қолдың қантамырлары бітеледі. Көктамырға қарағанда артериялар жиі зақымдалады. Ауру белгілері шамамен - 35 жастағы адамдарда жиі кездеседі. Дегенмен бұл аурудан әйелдер мен қарттардың зардап шегуі сирек кездеседі.

Аталмыш ауруға көбінесе 20-40 жастағы темекі шегетін және табак қолданатын ер адамдар шалдығады. Әйелдердің 10-нан 1-і ғана осы ауруды шалдығатын көрінеді. Мұндай пациенттердің көпшілігінде кездесетін бір себеп, ауыз қуысының гигиенасын мүлдем сақтамағандығы, сондай-ақ, табак қолдануымен байланысты.

Бұл ауру кейде аутоиммунды аурулары бар балаларда да кездесіп жатады.

487

Бітелмелі тромбангиит - аяқ -қол қантамырларының бітелуіне әкелетін ауру. Бұл індет пайда болғанда қан тамырларының саңылауы тарылады немесе қабыну мен тромбтардың салдарынан толығымен бітеледі, бұл қанның тінге өтуін төмендетеді. Бітелмелі тромбангиитпен 20-40 жас аралығындағы темекі шегетін және табак қолданатын ер адамдар зардап шегеді.

Симптомдары
• Аяқ-қол саусақтарының бозаруы, қызаруы немесе көгеруі және мұздауы
• Аяқ-қолдардың ауырсынуы
• Өткір,күшті ауыру сезімі
• Күйгендей сезім болады немесе тер шыға береді
• Тынышталған кезде жиі пайда болады
• Эмоционалдық күйзелістен немесе суықтан кейін нашарлауы мүмкін
• Жүрген кезде (ара-кідік ақсаңдау)сандағы, тобықтағы немесе табандағы ауыру сезімі табан күмбезінде жиі пайда болады.
• Терідегі өзгерістер, аяқ-қолдың саусақтарында жаралардың пайда болуы
• Аяқ-қолдардардың екі немесе одан көп зақымданы.

Диагностикасы

Келесі тексерулер зақымданған аяқ немесе қол қантамырларының бітелісін анықтауы мүмкін:
• Плетизмография – аяқ-қолдарды арнайы ультрадыбыстық тексеру
• Аяқ-қолдардың ультрадыбыстық допплерографиясы
• Басқа ауруларды (васкулит, тромбозбен көрінетін) жоққа шығару үшін қан анализі керек. Оларға қант диабеті, склеродермия және атеросклероз жатады. Кей жағдайда диагноз қоюда қиындықтар туса қан тамырларының биопсиясын жүргізеді.

Емдеу

Бітелмелі тромбангииттің арнайы емі жоқ. Емдеудің негізгі бағыты аурудың симптомдарын бақылау және науқастың жағдайының нашарлауына жол бермеу болып табылады.
Пациент табакты пайдалануды тоқтату керек. Сондай-ақ, қол мен аяқтағы қан ағымын азайтатын суық температура мен басқа жағдайлардан абайлағаны жөн.
Жылыуды басу, массаж және жеңіл жаттығулар науқастың жағдайын жеңілдетуі мүмкін.
Қантамырларын кеңейтетін (вазодилаторлар) аспирин мен дәрілік препараттарды қабылдау көмектеседі. Ауыр жағдайларда аяқ-қолдардың ауырсынуы узақ уақыт басылмай қойса, зақымдалған жердегі жүйке тамырларын алып тастау көзеделеді (хирургиялық симпатэктомия) ол үшін хирургиялық операция жасалады.
Некроз немесе гангрена (тіннің инфекциясы мен өліеттенуі) болғанда, аяқ-қолдың ампутациясы қажет.

Болжамы

Шылым шегуді және табак қолдануды тоқтатқан кезде бітелмелі тромбангииттің симптомдары жоғалуы мүмкін. Табак қолдануды тоқтатпаған адамдарға аяқ-қол саусақтарының зақымданған жеріне қайтадан ампутация жасау қажет болуы ықтимал.

Мүмкін болатын асқынулар
• Гангрена (тіндердің өліеттенуі)
• Қол немесе аяқ саусақтарының ампутациясы
• Зақымдалған аяқ-қолдардағы қанайналымның тоқтауы

Дәрігерге қашан қаралу керек

Медициналық көмекке мынандай жағдайда жүгініңіз:
• Бітелмелі тромбангииттің симптомдары пайда болса;
• Сіз бітелмелі тромбангиитпен зардап шексеңіз және оның симптомдары ем жүргізілген жағдайда да күшейсе;
• Жаңа симптомдарпайда болса;

Алдын алу

Рейно ауруымен ауыратын, аяқ-қолдарында ойық жаралары бар және аяқ-қол саусақтарының көгеруі мен ауырсынуынан зардап шеккен адамдар шылым шегу және табак қолдануды мүлдем тоқтатуы керек.

Синонимдері:

Бюргер ауруы


Тегтер:

бітелмелі тромбангиит
Бюргер ауруы
қантамырлар
қантамырлардың бітелуі
аутоиммунды аурулар