Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері және симптомдары

Емдеу

Жалпы ақпарат
Өт қабы – бұл бауырдың астында орналасқан, алмұрт тәрізді мүше. Оның ішінде майларды қорыту үшін қызмет ететін, бауырда өндірілетін сұйықтық болады. Асқазан мен ішек тамақты айналдырып жатқанда, «жалпы өт түтігі» деп аталатын түтік арқылы өт қабынан сұйықтық жіберіледі. Бұл түтік өт қабы мен бауырды аш ішекпен жалғайды.

485

Іштің мүшелері: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.

4855
Бауыр - адам организміндегі ең үлкен мүше. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады – үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Бауыр қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Ол тағамдық заттектерді зат алмасуында, ағзаның өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр – бауырдың қақпа венасы. Екіншісі – бауыр артериясы.
45888
Өт қабы бауырдың астында орналасқан қалташа тәрізді болады. Ол бауырда өндірілетін өтке толған. Өт ішекке майларды қорытуға көмектеседі.

Себептері және симптомдары
Егер өт түтіктерінен өттің ағуына бірдеңе кедергі болса, онда жайсыздық пайда болуы мүмкін. Әдетте, мұндай жағдайға өттегі тастар себепкер болып жатады. Өт қабында тастың түзілуі өттің құрам бөліктерінің қатаюына байланысты орын алады. Өт тас ауруының ұстамалары әдетте тамақ ішкеннен кейін мазалайды. Өт тас ауруының симптомдары: жүректің айнуы, құсу, іштегі, арқадағы немесе оң қолдың астындағы ауырсыну сезімдері.
Өт қабының тастары көбінесе егде жастағы адамдарда, әйелдерде, артық салмағы бар адамдарда кездеседі .

Емдеу
Өт қабының тастары басқа ауруларды тексеру барысында жиі анықталып жатады. Егер симптомдары болмаса, арнайы емдеуді қажет етпейді. Жалпы бұл жағдайды оңтайлы шешудің кең таралған әдісі – өт қабын алып тастау. Адамдар өт қабынсыз да өмір сүре береді. Өт сұйықтығы аш ішекке басқа тәсілдермен де түседі.
Дереккөз: АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институтарының дерекқорынан алынды: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/gallstones.html
Көп қайталанбалы құсу (ерлерде | әйелдерде)
Асқазанның ауруы (ерлерде)

Тегтер:

тастар
өт
өт қабы
бауыр
өт қабындағы тастар