Панкреатит – бұл асқазанның жоғарғы бөлігінде орналасқан, ас қорфту ферменттері мен инсулин бөліп шығаратын асқазан үсті безі (ұйқы безінің) қабынуы. Панкреатит күтпеген жерден іште ауырсынуды, жүректің айнуын және құсуды және қалтырауды тудыруы мүмкін.
Панкреатиттің ең көп таралуының себебі – шамадан тыс ішімдік ішу мен ұйқы безінен аш ішектің басталған жеріне (он екі елі ішекке) дейін өт қабы тастарынің (тас түйіршіктерінің) арнаға жинатып, тіреліп қалуы болып табылады. Панкреатиттің басқа себептері инфекциялар, жарақаттар немесе белгілі бір дәрілер. Бұл ауру күтпеген жерден тап беруі мүмкін (өткір) немесе ұзақ мерзімді болуы мүмкін, мезгіл-мезгіл қайталанып та тұрады (созылмалы сипатта). Ұйқы безінің зақымдануы ауыр азаптан, ауыр есеңгіреуге дейін туындауы мүмкін. Пациенттердің арасында әйелдер көп: бұл, әдетте, холелитияс ауруы мен майдың метаболизмінің бұзылуына байланысты да орын алады. Пациенттердің едәуір бөлігі қарт және ұлғайған жастағы адамдар.
Панкреатиттің негізгі көріністері: ұйқы безінің бас жағы зақымдалғанда, іштің оң жақ жоғарғы жартысы ауырады; ұйқы безі айрықша зақымданғанда – төстің төменгі жағы ауырады; ұйқы безінің құйрық жағы зақымданғанда – сол жақ қабырғалар ауырады; егер ұйқы безі түгелдей дерлік зақымданса, өмірге қауіп төнеді.
Үлкен дәреті кезінде тітіркену сезімі болады. Үлкен дәретінде қорытылмаған тамақ қалдықтары болады және сыртқы көрінісі ботқа кейпіне ұқсап тұрады. Нәжіс көлемі жағынан көп болып көрінеді. Жағымсыз иісі мүңкіп тұрады. Дәретхана унитазына әбден шашырауы мүмкін, оны жууда оңайға соқпайды.
Емханалық жағдайда емдеуде ауруды басатын дәрілер мен сұйықтықтар тамыр арқылы ішке енгізіледі, клиникалық жағдайы оңалмайынша, ісінген ұйқы безі жойылмайды. Панкреатитті одан айын асқынырмау үшін, тамақ түтікше арқылы берілуі мүмкін, ал алдын алу үшін антибиотиктер қолданылады. Адамдардың көпшілігі панкреатитпен толық емделсе де, қан кету, инфекциялану, ағзалық жетіспеушілік сияқты асқынулар орын алуы мүмкін.
Тегтер:
өткір панкреатит
созылмалы панкреатит
алкогольді асыра пайдалану
панкреатит асқынулары
панкреатиттің емі