Бұғана дегеніміз не?

Бұғана - иық буынының негізгі сүйектерінің бірі. Ол иықты ұстап тұрады және шынтақпен және топшы-бұғаналық буынмен бірге тұрақтылықты және иықты күшпен қамтамасыз етеді. Бұғаналар сонымен қатар мойын мен иық аймағындағы нервтер мен қан тамырларын қорғайды.

Бұғананың сынуына не себеп болады?

Бұғананың сынуы, әдетте, қолды тіреп құлағанда немесе бұғана не, иықпен тікелей байланыста болғаннан орын алып жатады.. Бұл көбінесе футбол, күрес немесе хоккей сияқты спорт түрлерімен айналысушылар арасында жиі туындап жататын жағдай.
Бұғана - жиі сынуға бейім сүйектердің бірі. Көптеген жағдайларда 13-пен 20 жас аралығындағы жастар бұғанасын сындырып алады, жас балалар да ойынап жүріп бұғанасын сындырып алуы мүмкін.

Сынған бұғананың симптомдары:

• Бұғана жақпен құлап түсіп немесе бұғана не, иық аймағын соғып алғаннан кейін дереу ауырсыну.
• Ауырсыну салдарынан зардап шеккен қолды көтере алмау.
• Зақымдалған қолды көтеруге тырысқанда қысым сезіледі.

Зақымдалған иық әрдайым орнынан кете бермейді, бірақ деформация орын алса, бұл томпақ болып көрінуі мүмкін немесе топша-бұғаналық буынның дәл үштінде ісік пайда болады. Сүйектің теніні тесіп өту жағдайлары сирек орын алады, бірақ ол теріні томпайтып итеріп алуы мүмкін, ол жерге қалқа тәрізді ісік жиналып қалады.

Бұғананың сынуы әдетте ауыр жарақат болып есептелмейді. Бұғананың ынуы кейде ғана өкпеге немесе қабырғаға зақым келтіруі мүмкін, немесе қолдың қозғалуына кедергі жасап қалуы ықтимал, ал кейде қолыңыздағы салқындық пен ұйымалық сезімдерін тудыруы мүмкін нервтерді немесе қан тамырларын қысып қалуы да ғажап емес.

Бұғананың сынғанын анықтау

Дәрігер әдетте сұрақтарды қою және науқасты қарау арқылы бұғананың сынығын анықтай алады. Дәрігер мыналарды тексереді:

• Зақымдалған аймақтан томпайған жерлер мен ісіктерді іздейді.
• Қан ағымы - импульсты есептеп, терінің түсін тексеріп және температураны өлшейді.
• Нерв және қан тамырларына зиян келген-келмегенін анықтайды.
• Иық пен басқа буындарды қозғалту мүмкіндігін қарайды.
• Иық бұлшықеттерінің күші тексереді.

Дәрігер әдетте сынықтың орнын және ауырлық дәрежесін анықтау үшін рентгеннен өткізеді.

Емдеу әдісі

Көптеген жағдайларда сынған бұғана өздігінен емделеді және сирек жағдайда операцияны талап етеді. Сүйекті емдеу кезінде қол мен иықтың қозғалмауын қамтамасыз ету үшін мықты байламмен байлап қояды.. Ересек адам бірнеше күннен, аптаға дейін мықты ұстап тұратын киім киюі керек; балаға 3-4 апта қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ, әсіресе балалар үшін, сегізге ұқсатып айқастырып таңғышты байлауға болады. Кейде кейде иықты дұрыс қалыпта ұстау үшін таңғышты түзету қажет болуы мүмкін.

Содан кейін қарапайым жаттығуларды бастай беруге және ауырсынуды туындатпаса жаттығуларды е бірте-бірте күшейте беруге де болады. Дәрігерден жаттығуды бастау туралы сұрап алыңыз. Егер ол ерте басталса, бұғананың сынығы дұрыс емделмеуі мүмкін. Егер иықты оңай жылжыту мүмкін болмаса және иық мықты болмаса, белсенді адамдар спортпен және басқа да іс-шаралармен айналыса алмайды.

Аспирин, ибупрофен немесе нафроксен сияқты ацетаминофенді немесе стериойдты емес қабынуға қарсы препараттарды ауруды жеңілдету үшін қолдануға болады. Рей синдромына байланысты 20 жасқа толмаған адамдарға аспирин беруге болмайды.

Ауыр сынықтарда хирургиялық араласулар ұсынылуы мүмкін.


Тегтер:

бұғананың сынуы
иық буыны
бұғана сынығының симптомдары
нервтің зақымдалуы
қолдың терлеуі
қолдың ұюы
бұғана сынуының емделуі