Инфекциялық мононуклеоз немесе бездік қызба, сүйісу ауруы – бұл инфекция көп жағдайда Эпштейн-Барр вирусынан туындайды. Аталмыш вирус сілекей арқылы таралатындықтан, кейде мұны «сүйісу ауруы» деп аталады.
Мононуклеоз жастар мен жасөспірімдер арасында өте жиі кездеседі. Десе де, кез кезген жастағы адамда бұл ауруға шалдығуы ғажап емес.
Симптомдары:
• Қызу
• Тамақ ауруы
• Лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Кейбір жағдайларда көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Аурудың ауыр асқынулары өте сирек кездеседі.
Қан талдамасын өткізу арқылы өзіңізде мононуклеоз бар ма, жоқ па анықтауға болады. Адамдардың көпшілігі бір-екі апта ішінде емделеді. Дегенмен, емделгеннен кейін бірнеше ай бойы әлсіздік сезімімен жүруі мүмкін.
Емдеу жолдары аурудың белгілерін жоюға негізделеді және ауырсынуды азайтуға, дене қызуын түсіруге көмектесетін дәрілерді қабылдауға бағытталлған. Сондай-ақ емделу үшін, тамақты жылы тұзды ерітіндімен шаю қажет және жақсылап тынығып, көп мөлшерде сұйықтық қабылдау керек.
Тегтер:
қызба
жұқпа
вирус
тамақ
бадамшалар