Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Жарық – бұл іш (ішастар) қуысының қабығынан түзілген қап. Жарық саңылау немесе бұлшықеттерді жауып тұрған ішастар қуысының әлсіз жерлері арқылы сыртқа шығады. Бұл қабық фасция деп аталады.
пах1
Жарық – іш қуысы мүшелерін орнында ұстап тұратын, жұқа бұлшықетті қабырғаның әлсіз жері арқылы мүшелердің бір бөлігі шыққан кезде пайда болады.

Жарық түрлері орналасуына қарай ажыратылады:
• Сан жарығы – шаптан сәл төмен орналасып, санның жоғарғы жағынан томпиып шығып тұрады. Жарықтың бұл түрі көбінесе еркектерден қарағанда әйелдерде жиі кездеседі.
• Өңештік тесік диафрагма жарығы – іштің жоғарғы бөлігін зақымдайды. Бұл кезде асқазаның үстіңгі бөлігі кеуде қуысына еніп кетеді.
• Иницизионды жарық – бұрын ішастар қуысы ағзаларына жасалған хирургиялық отаның ақаулы қалдығы.
• Кіндік жарығы – кіндіктің айналасынан томпайып шыққан жарық. Ол кіндік айналасындағы бұлшықеттер толық жабылмаған жағдайда пайда болады.
• Шап жарығы – шаптан томпайып шығып тұрады. Бұл әсересе ерлерде жиі кездеседі. Шап жарығы ұмаға төмен қарай салбырап түсіп тұруы мүмкін.
пах2
Шап жарығы іш қуысының жұқа бұлшықетінің әлсіз немесе жыртылған жерінен ішектің шошайып шығуымен көрініс береді. Шап жарығы кезінде ішектерге қанның қалыпты ағуы шектелуі мүмкін, бұл жағдайда шұғыл медициналық көмек қажет болады.

Себептері
Негізінде жарықтың пайда болуының нақты себептері жоқ. Жарық кейде ауыр көтерген кезде де, дәретханаға барғанда немесе іш қуысына қысым түсіріп, қатты күшенген кезде де туындап жатады. Жарық кейде адамда туа бітеді. Бірақ ол ұзақ уақыт бойы дамиды, яғни бірден көрініс бермейді. Ондай жарық кей бір отбасыларында, шамамен бір немесе екі адамда кездесіп жатады.
Жарық сәбилер мен жас балаларда да көрініс беруі ғажап емес. Бұл баланың құрсақ қабырғалары әлсіз бекігенінен пайда болады. Осы уақытқа дейін шамамен 100 баланың 5-де шап жарығы анықталған екен. Мұндай шап жарығы ер балаларда жиі кездеседі. Кей балаларда жарықтың симптомдары өскенше көрініс бермеуі мүмкін.
Кез-келген ішастар қабырғасының бұлшықеттерінің қысымын көтеруге бағытталған физикалық белсенділік немесе медициналық қиындықтар жарықты туындатады, мысалы:
• Созылмалы іш қату және дефекация кезінде қатты күшену
• Созылмалы жөтел
• Муковисцидоз (кистозды фиброз)
• Қуық асты безінің ұлғайып, зәр шығарудың қиындауы
• Артық салмақ
• Ішастарда сұйықтық жиналуы (асцит)
• Ауыр атлетикамен айналысу
• Перитонеальды диализ
• Нашар тамақтану
• Шылым шегу
• Денеге қатты күш түсіру
• Жыныс бездерінің түспеуі

Симптомдары
Негізі симптомдары болмайды. Кейбір адамдар жайсыздық сезінеді немесе ауырғанымен қиналуы мүмкін. Жайсыздық сезімі адам ұзақ уақыт тікесінен тік тұрған кезде, ширыққанда немесе ауыр заттар көтергенде күшейеді. Адамдарда ең жиі кездесетін, көп айтылатын шағымы – ауру сезімін тудыратын және мөлшері жағынан ұлғаятын томпаюдың пайда болуы.
Жарық ұлғайған кезде, ішектегі қалыпты қан айналатын саңылауды бітеп, ішектің бұл бөлігінің қанмен қамтамасыз етілуін тоқтатады. Бұл қысылу (странгуляция) деп аталады. Осы уақытта науқасдың жүрек айнуы және құсуы мүмкін, себебі ол ішекті босатып, іштегі газды шығара алмайды. Жарықтың қысылуы пайда болғанда, шұғыл хирургиялық емдеу қажет болады.

Диагностикасы
Тексеру барысында дәрігер жарықты көріп, оның нақты жарық екеніне көз жеткізеді. Сізден жөтелуді, еңкеюді, отыруды немесе аздап көтерілуді тадап етеді. Өйткені, осы кезде жарықтың мөлшері ұлғаяды.
Жарықты (томпаюды) нәрестелер мен балалардан байқау қйынға соғады, бірақ бала жылағанда немесе жөтелгенде кіші-гірім белгідерді анықтауға болады.
Жарықты көру үшін ультрадыбыстық зерттеу немесе компьютерлі томография (КТ) жүргізілуі мүмкін.
Ішек өтімсіздігі болған жағдайда құрсақ қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы өткізіледі.

Емдеу
Жарықты емдеудің жалғыз радикалды әдісі хирургиялық операция болып табылады. Алайда, ауыр сырқаты бар науқастарға операция жасау қауіпті болып табылады.
Операция кезінде әлсіреген құрсақ қабырғасын нығайту қамтамасыздандырылады, және барлық саңылаулар синтетикалық тормен жабылады.
Кіндік жарығы 5 жасқа дейін өздігінен жазылмаса, операция жасау қажет.

Болжамы
Жарыққа тиісті ем жүргізлсе, нәтижесі қолайлы болмақ. Әдетте, жарықтың қайта пайда болуы сирек кездеседі. Негізі ол көбінесе отадан кейін пайда болатын жарыққа тән құбылыс.

Мүмкін болатын асқынулар
Кей жағдайларда шап жарығын хирургиялық жолмен емдеу бездердің қызметіне қатысатын құрылымдардың зақымдануына әкелуі мүмкін.
Жарықты оперативті емдеудің тағы бір қауіпті жағы – жүйкелердің зақымдануы, бұл шап аймағында жансыздану сезімінің пайда болуынан туындайды.
Егер де ішектің бөлігі отаға дейін қысылып қалса, ішек перфорациясы немесе ішек тінінің өліеттенуі пайда болуы мүмкін.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Дәрігерге шұғыл қаралыңыз, егер:
• Жарық аймағында ауырсынуды сезінсеңіз және жарық қапшығының ішіндегі заттар оны жайлап басқан кезде құрсақ қуысына қайта кірмесе
• Лоқсу, құсу немесе қызбамен қоса жарық аймағында ауырсыну сезімі болса
• Жарық түсін өзгертеді және қызыл, күлгін, қою немесе бозғылт болады.
Дәрігерге қаралыңыз, егер:
• Сізде ауырсыну, ісіну немесе шап аймағында томпаю болса
• Сізде шап аймағында немесе кіндік айналасында томпаю немесе ісіну болса, немесе бұрынғы хирургиялық тігіс орнында томпаю туындаса

Алдын алу
• Ауыр затты көтергенде байқап көтеріңіз;
• Егер, бойыңызда артық салмақ болса, арықтаңыз
• Іш қатуды болдырмаңыз, талшыққа бай тағамды қабылдаңыз және көп сұйықтық ішіңіз, әжетханаға тұрақты түрде барыңыз
• Ерлер зәршығару жағынан қиындықтар туындаған жағдайда дәрігерге қаралғаныңыз жөн. Бұл қуық асты безінің ұлғаю симптомы болуы мүмкін.

Синонимдері:
Жарық; Шап жарығы; Тік және қиғаш жарық; Странгуляция; Инкарцерация

Тегтер:
томпаю
мүшелердің шығуы
кіндік жарығы
шап жарығы
жарықтың емі