Простатит – бұл ерлерде қуықтан төмен орналасқан жаңғақ тәрізді мүше қуық асты безінің қабынуы болып табылады. Қуық асты безінің көп бөлігі ұрық сұйықтығын бөледі.

Жиі простатиттің себебі белгісіз болып жатады. Простатиті бар ер адамдардың көбісінде қабыну белгілері болмайды, сондықтан оның нақты себебін анықтау мүмкін емес.
Простатиттің себебі инфекция немесе инфекциямен байланысты емес қабыну болуы мүмкін. Ол жедел (қысқа мерзімді) немесе созылмалы (ұзақ мерзімді) болуы мүмкін.

Простатит симптомдарына мыналар жатады:

• Жиі зәр шығару (аз көлемде зәр шығару байқалады). Сонымен қатар, зәр шығарғанда күйдіру сезімі туындап, қуықты толық босата алмау жағдайы пайда болады.
• Зәр шығарудың бастапқы кезіндегі қиындықтар, үзілмелі ағым (үздіксіз зәр шығару орнына толқын тәрізді зәр шығару), қалыптыға қарағанда өте әлсіз, тамшылатып зәр шығару.
• Бел аймағында, ұма мен анус аймағында, іштің төменгі жағында, ұмада, саннан жоғары, қасаға аймағынан жоғары ауырсыну сезімі мен жайсыздықтың болуы.
• Түнгі уақытта шектен тыс зәр шығару.
• Қуық асты безіндегі ауру сезімі немесе эякуляция кезіндегі белгісіз жайсыздық.

Простатитті емдеу оның пайла болу себептеріне байланысты. Көп жағдайда медикаментозды емді қажет етеді.


Тегтер:
қабыну
инфекция
ауырсыну
зәр шығару кезігдегі жайсыздық
эякуляция кезіндегі жайсыздық