Мазмұны
Теңге қотыр (псориаз) - терінің қызаруы мен тітіркенуі пайда болатын тері ауруы. Мұндай ауруы бар адамдардың көпшілігінде терінің ісінуі, қызаруы, сондай-ақ тері үсті қабаттының қабаттануы, қабыршықтану деп аталатын күміс түсті ақ дақтардың пайда болуымен сипатталады.
Сурет: Тері құрылымы
Теңге қотыр өте кең таралған ауру. Мұнымен кез-келген адам ауыруы мүмкін, дегенмен ол 15-35 жастағы адамдарда жиі кездеседі.
Сіз алаңдамаңыз, ешкімнен сізге псориаз жұқпайды, әрі, сізде бұл арау болса, ол айналаңыздағыларға да таралмайды.
Теңге қотыр (псориаз) – тұқым қуалайтын ауру. Дәрігерлер мұны аутоиммундық ауру деп те санайды. Бұл кезде иммун жүйесі ағзадағы сау тіндерді қабындырады, бұзады немесе қате түрде шабуылдайды.
Қалыпты тері жасушалары теріге тереңдеп еніп, бір айдың ішінде бетіне шығады. Псориаздың даму процессі өте жылдам. Өлі жасушалар тері бетінде жиналады.
Төменде псориаздың өршуіне немесе оны емдеуге кедергі келтіретін факторлар көрсетілген:
• Бактериялық немесе вирустық инфекциялар, соның ішінде стрептококк және жоғары тыныс жолдарының жұқпалы аурулары
• Құрғақ ауа және құрғақ тері
• Тері зақымдалуы, соның ішінде кесектер, күйіктер және жәндіктердің шағуы
• Кейбір препараттар, соның ішінде антималярлық препараттар, бета-блокаторлар және литий препараттары
• Күйзеліс
• Күннің шуағының жеткіліксіздігі
• Ыстық күннің астында ұзақ болу (күн шуағы)
• шамадан тыс ішімдік ішу
Псориаз, иммунитеті әлсіреген адамдарда дамуы мүмкін. Бұл келесі факторларға байланысты болуы мүмкін:
• ЖИТС
• Аутоиммунды аурулар (ревматоидты артрит сияқты)
• Рак ауруын емдеуге арналған химиотерапия
Теңге қотырымен ауыратын кейбір адамдарда артрит (псориазиялық артрит) дамиды.
Псориаз кенеттен пайда болуы немесе баяу дамуы мүмкін. Көптеген жағдайларда ол жоғалып, қайтадан көрінуі мүмкін.
Аурудың негізгі белгілері - тітіркену, қызару және терінің қабыршықтануы. Терінің қабыршықтанатын жерлері көбінесе шынтақ, тізе және дененің ортасында кездеседі. Бірақ олар барлық жерде, соның ішінде бас терісінде де болуы мүмкін.
Тері мынадай болуы мүмкін:
• Қышығыш
• Құрғақ және күміс түсті қабыршықтармен жабылған
• Күлгін-қызыл түсті (лосось түсті)
• Релефті және ісінген
Басқа белгілері:
• Ерлердегі жыныстық жаралар
• буындардың ауруы
• Тырнақтардың өзгеруі, оның ішінде тырнақтардың қалыңдауы, тырнақ түсінің сарғыш-қоңыр түске енуі, тырнақтардың шырыштығы және тырнақтарды теріні үстіне көтерілуі
• Бас терісінің қабыршықтануы (қайызғақ)
Псориаздың бес негізгі түрі бар:
• Эпидермиялық - терінің зақымдалған аймақтарының қатты қызаруы;
• Тамшы тәрізді - теріде кішкентай қызғылт-қызыл дақтардың пайда болуы.
• Инверсті - Қол терісінің қызаруы мен тітіркенуі байқалады. Бұлшықет терілері тітіркеніп тұрады.
• Қабыршықты – Тері сыртын ақшыл-күміс түсті қабыршық жапқан қалың, қызыл түсті болып кетеді, Бұл теңге қотырдың кең таралған түрі.
• Пусулезді - теріде қызара бөрткен, айналасы қызарған, тітіркендіріп тұратын бөртпелер
Тексеру
Көбінесе дәрігер немесе мейірбике осы ауруды теріге қарап қарап-ақ анықтайды.
Кейде басқа ауруларды болдырмау үшін тері биопсиясы жүргізіледі. Егер сіздің буындарыңы ауырса, дәрігер сізге рентген тағайыдауы мүмкін.
Емдеудің мақсаты - ауруды бақылау және инфекциялардың алдын алу.
Қол жетімді емдеу параметрлері мыналарды қамтиды:
• Тері лосьоны, майлар, кремдер мен сусабындар. Бұл тақырыптық емдеу деп аталады.
• Иммундық жүйені жақсартатын препараттар, яғни мұның пайдасы тек теріге ғана емес, бірталай жерге әсер етеді. Бұл емдеу түрі жүйелік деп аталады.
• Фототерапия, яғни псориазды емдеуге арналған жарықты қолдану.
Жергілікті (топикалық) емдеу
Көп жағдайда, псориаз теріге немесе басқа тікелей қолданылатын дәрілермен өңделеді.
Оларға мыналар жатады:
• Құрамында кортизоны бар жақпалар мен майлар
• Жақпалар мен майлар, құрамында тасқышқылды шайыр немесе антидене
• Қабыршықтануды басатын крем
• Қайызғаққа қарсы сусабын
• Ылдалдандырғыз заттар;
• Құрамында Д немесе А дәрумендері бар дәрілік препараттар
ЖҮЙЕЛІК (КЕШЕНДІ) ЕМДЕУ
Ауыр псориаз үшін дәрігер иммундық жүйені күшейтетін дәрі-дәрмектерді ұсынады. Бұл препараттар, метотрексат немесе циклоспоринді қамтиды. Сондай-ақ, ацитретин сияқты ретиноидтер тағайындауы мүмкін.
Емдеудің осы әдістерінің ешқайсысы жұмыс істемесе, биолотерапия деп аталатын жаңа препараттар қолданылады.
Псориазды емдеу үшін мақұлданған биологиялық өнімдер:
• Adalimumab (Humira)
• Etanercept (Enbrel)
• Infliximab (Remicade)
• Стелара
ФОТОТЕРАПИЯ
Кейбір адамдар фототерапияны таңдаулы емдеу әдісі ретінде таңдай алады.
• Фототерапия - сіздің теріңіз ультра күлгін жарықпен мұқият жарықтандырылған емдеу әдісі.
• Фототерапияны дербес немесе дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін, теріңізді жарыққа сезімтал ете отырып жүргізуге болады.
• Псориаза үшін фототерапия үшін А (УК) және В (УК) сәулелерін қолдануға болады.
БАСҚА ДА ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ
Егер сізде инфекция болса, дәрігер антибиотиктерді тағайындайды.
ҮЙДЕ КҮТІМ ЖАСАУ
Үйде төмендегі кеңестерді орындау керек:
• Теңге қотыр кезінде күнделікті ванна немесе душ қабылдау, айығу үшін жақсы көмектеседі. Теріні тым қатты сүртпеңіз, бұл тітіркенуді тудыруы және аурудың шабуылына себеп болуы мүмкін.
• Сұлы жуатын ванналар тыныштандыратын әсерге ие және терінің қабыршықтан құтылуына көмектеседі. Сіз сұлы ванналарын қабылдау үшін арнайы өнімдерді пайдалана аласыз. Немесе сіз ваннадағы жылы суға 1 стақан сұлы үлпегін қоссаңыз болады.
• Теріні таза және дымқыл ұстау, нақты псориаз триггерлерін жою, аурудың санын азайтуға көмектеседі
• Күн сәулесі сіздің белгілеріңізді жеңілдетуі мүмкін. Сақ болыңыз. Ыстыққа қатты ұрынбаңыз.
• Әр түрлі релаксация және стресс басқару әдістері де пайдалы болуы мүмкін. Дегенмен, псориаз бен стресстің артуы жеткіліксіз зерттелген.
• Алкогольді азайту ауруларды емдеудің алдын алуға көмектеседі.
Болжамы
Псориаз – ылғи бақылауды талап ететін, өмір бойы жалғасатын ауру. Ол емдегеннен кейін ұзақ уақыт бойы көрінбей кетуі мүмкін, содан кейін қайта бой көрсетеді. Тиісті емдеу жүргізген кезде бұл жалпы денсаулық жағдайыңызға әсер етпейді. Теңге қотыры бар кейбір адамдарда артриттің дамуы да мүмкін.
Егер сізде псориаз симптомдары болса немесе емделгеніңізге қарамастан тері тітіркенуі басылмаса, дәрігерге хабарласыңыз.
Егер сізде псориаздың туындауымен қатар, буындарыңыз ауырып, дене қызуыңыз көтерілсе дәрігеріңізге хабарласыңыз.
Егер артрит симптомдары туралы алаңдасаңыз, дерматологпен немесе ревматологпен кеңесіңіз.
Егер зақымдану белгілері бүкіл дененіңізге жайылып бара жатса, дереу арада шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз.
Псориазды болдырмаудың ешқандай жолы жоқ. Теріні таза және дымқыл ұстау, теңге қотырдың нақты триггерлерін жою аурудың пайда болу санын азайтуға көмектесуі мүмкін.
Псориазбен ауыратын адамдарға дәрігерлер, күн сайын ванна немесе душ қабылдауды ұсынады. Сонымен қатар, теріні қатты тырнамауға тырысыңыз, себебі бұл терінің тітіркенуін тудыруы және аурудың пайда болуына соқтыруы мүмкін.
Қабыршықты теңге қотыр
Дереккөз: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000434.htm
Жалпы тері проблемалары (ерлерде / әйелдердерде)
Шаш пен бас терісінің проблемалары (ерлерде / әйелдерде)
Тегтер:
тері зақымдануы
қабаттануы
қышу
генетикалық тән