Минисктің жарылуы – бұл кең таралған жарақаттардың қатарына жатады, атап айтқанда буында амортизатор ретінде қызмет атқарып, сонымен қатар тізе буынын тұрақтандыратын шеміршектің қабы бұзылады. Бұл тін екі дисктен тұрады, оларды ішкі және сыртқы мениск деп атайды.
Орақ тәрізді менисктер ароматизатор ретінде әсер етіп, тізеге түсетін жүктемені көлденең бағытта біркелкі таратады. Менисктің жарылуы жиі тізені орнында тұрып бұрылғанда, жерде қатты тұрғанда болады. Жарақаттың бұл түрі спортпен айналысқанда, мысалы, тенниспен, шаңғы тепкенде кездеседі.
Мениск дегенерациясы кезінде де жарылулар болуы мүмкін. Дегенерация дегеніміз – қалыпты жүрудегі және қартаюдағы тіннің босаңсуы. Жасы 40-тан асқан адамдарда қалыпты қозғалыста мысалы, көтерілгенде немесе төмен түскенде менисктің жарылуы болуы мүмкін.
Менисктің жарылуының негізгі симптомдарына ісінуден және қоршаған тіннің жарақатынан болатын ауырсыну сезімі жатады. Тізе ішіндегі ауырсыну сезімі ішкі менисктің жарылуына, тізенің сыртқы бетінің ауырсыну сезімі сыртқы менисктің жарылуын сипаттайды.
Емі симптомдарды жеңілдетіп, науқасқа қозғалыс қабылетін мүмкіндігінше қайта қалпына келтіруге бағытталады. Еміне дәрілік препараттар,суық және ыстық компресстер, физиотерапияны жатқызады. Кей жағдайда хирургиялық арасулармен емделеді. Операциядан кейін қайта қалпына келуге демалыс, мұзбен компресс,көтеру және физиотерапияны қамтиды.