Ми – бұл жұмсақ, кеуекті тін массасы. Ол бас сүйекпен және ми қабықшасы деп аталатын жұқа мембраналармен қапталған. Ми-жұлын сұйықтығы деп аталатын сулы сұйықтық мидың айналасын қоршап тұрады. Ми-жұлын сұйықтығы ми қабы мен қарынша деп аталатын ми қуысындағы бос жерлерде тұрады.
Нерв жасушаларының байланыстары арқылы ақпараттар мидан басқа мүшеге беріледі, және кері қайтады. Кейбір нервтер мидан тікелей көзге, құлаққа және өзге де бас мүшелеріне барады. Басқа нервтер жұлын арқылы ми мен дененің басқа бөліктерін жалғастырады. Бас ми мен жұлынның ішінде глиальді жасуша болады, ол жүйке жасушаларын қоршап тұрады, және олардың өз орнында мықты тұруына ықпал етеді.
Ми біздің саналы әрекеттерімізді басқарады (жүруімізді, сөйлеуімізді), сондай-ақ денеміздің қызметін, ойлануды қажет етпейтін жерлерімізге де (тыныс алу секілді) қатысы бар. Ми, сонымен қатар, біздің мүшелеріміздің сезімдерін де басқарады (көру, есту, түйсіну, дәм сезу және иіс сезу) есте сақтау, көңіл-күй, мінезіміздегі ерекшеліктерге дейін бәрі-бәрі мидың құзырында.
Мидың үш негізгі бөлігі іс-әрекеттің әрқандай түрлерін бақылайды:
• Ми сыңарлары (ми жартышары) – жартышарлар мидың ең үлкен бөлігі болып табылады. Олар жоғарғы жақта орналасқан. Олар біздің денеміздің айналасында не болып жатқандығын, сыртқы факторлар қалай игеріліп жатқандығы жайында басқа мүшелерден келетін ақпараттарды, сезімдерді пайдаланып, біздің болмысымызға білдіреді. Жартышар сондай-ақ біздің оқу мүмкіндігімізді, ойлануымызды, бірнәрсені ұғынуымызды, сөйлеу мен көңіл-күйімізді басқарады.
Ми екі жартышарға бөлінеді – оң және сол, әрқайсысы әртүрлі қажеттіліктерді игереді. Оң жақ жартышар ойлануды басқарса, сол жағы дененің қызметін реттейді. Сол жақ жартышар ойлануды басқарса, оң жағы денені бақылап тұрады.
• Мишық – Мишық мидың артқы бөлігінде, жартышардың астыңғы жағында орналасқан.Ол тепе-теңдік сезімін басқарады және қиын әрекеттерді, жүру және сөйлеу секілді әрекеттерді реттеп тұрады.
• Ми бағанасы – ми бағанасы ми мен жұлынды байланыстырады. Ол шөлдеу және ашырқану секілді сезімдерді бақылайды. Ол сондай-ақ тыныс алу процесін де, дененің қызуын да, артериялық қысым мен ағзаның басқа да негізгі функцияларын бақылайды.
Тегтер:
ми
бас миы