Мазмұны
Алдын алу
Жалпы ақпарат
Ішек иерсиниозы және жалған туберкулез инфекциялық аурулар болып табылады. Олар Yersinia enterocolitica энтероколиттің қоздырғышы болып табылады. Энтероколит – балалық кезде жиі кездесетін аш ішек пен тоқ ішектің қабынуымен сипатталатын ауру.
Сурет: Жіңішке ішек асқорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі болып табылады, оның ұзындығы шамамен 6 метрді құрайды. Ол асқазанды тоқ ішекпен байланыстырады және көптеген қатпарлардан (құрсақ қуысына ыңғайластырылып) тұрады. Қабылданатын тағамдардың көп бөлігі аш ішекте сіңіріледі. Ол үш бөліктен тұрады: он екі елі ішек, мықын ішек және аш ішек.
Себептері
Бұл ауру адамда шикі немесе жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген шошқа етін жегенде және пастерленбеген сүтті пайдаланған кезде туындайды. Сондай-ақ, ауру жануарлармен байланысқаннан да, ласталған құдық суын пайдаланған кезде де немесе сирек жағдайларда - инфицирленген қан құю кезінде де осы аурудың жұғу қаупі басым болады. Аталмыш аурумен иммундық жүйесі әлсіреген балалар да жиі ауырады. Инкубациялық кезең шамамен 4-6 күнді құрайды.
Симптомдары
Yersinia enterocolitica аш ішек пен тоқ ішектің қабынуын ғана емес, сонымен қатар іш өтуі мен дене температурасының көтерілуі сияқты симптомдарды да тудырады. Науқас баланың үлкен дәретінен қан мен шырыш араласып шығуы мүмкін. Бұл симптомдар 1 аптадан 3 аптаға дейін, кейде ұзағырақ уақытқа созылуы мүмкін.
Осы кең тараған симптомдармен қатар, ағзасында темірдің жоғары мөлшері (қан құю кезінде) бар немесе иммундық жүйесі әлсіреген және басқа да аурулармен ауратын жас балаларда бактериемияның (бактериялардың қан ағымымен таралуы) дамуы мүмкін. Жасөспірімдерде аппендициттің симптомдарына ұқсас (жалған аппендицит синдромы), оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін. Сирек жағдайларда бұл ауру тамақтағы ауыру сезімімен, көздің қабынуымен, менингит және пневмониямен көрініс береді. Жұқтырылған инфекциядан кейін жасөспірімдерде буындарындағы ауырсыну сезімі және балтырында қызыл бөртпе (түйінді эритема) пайда болуы мүмкін.
Жалған туберкулезбен ауыратын балаларда температураның көтерілуі, бөртпе, іштегі ауыру сезімі және жалған аппендицит синдромы сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін. Кейбір балаларда іш өтуі, бөртпе және аяқ-қолдың ісінуі кездеседі.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Балаңыздың нәжісінен қан аралас шықса, жедел жәрдемге хабарласыңыз. Іш өтуден туындайтын ауыздың құрғауы, шөлдеу және зәр шығару жиілігінің төмендеуі сияқты сусыздану симптомдарына көңіл бөліңіз.
Диагностикасы
Дәрігер баланың нәжісінен Yersinia-ны анықтауға арналған анализдерді тағайындауы мүмкін. Сондай-ақ, қоздырғыштарды тамақтың шырышты қабатынан жағынды алу арқылы, несеп талдамасы және бактерияларға қарсы антиденелерді анықтау үшін қан талдамасын жүргізу арқылы анықтауға болады.
Иерсиниоз салыстырмалы түрде сирек кездесетін инфекция болғандықтан, аздаған зертханалар ғана нәжістен Yersinia-ны анықтай алады.
Емдеу
Бұл ауру көбінесе өздігінен жазылады. Кейбір жағдайларда иерсиниоз антибиотиктермен де емделеді. Іш өтуі кезінде, науқастарға сусыздануды болдырмау және емдеу үшін көп су ішу керек.
Алдын алу
Балаңыз шикі немесе шала пісірілген шошқа етін, пастерленбеген сүт пен ластанған суды қолданбауын қадағалаңыз. Шошқаның ішек-қарнын өңдегеннен кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
Иерсиниоздың алдын алуға бағытталған екпе жоқ.
Тегтер:
іштің өтуі
нәжістегі қан
сусыздану
аш ішек пен тоқ ішектің қабынуы
іштің ауырсынуы
жалған туберкулездің симптомдары
жалған туберкулездің еміделуі
иерсиниоз диагностикасы