Мазмұны

Жалпы ақпарат

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Жалпы ақпарат
Үрпі (несеп жолы) – бұл түтікше, оның бойымен несеп ағзадан ағып шығады. Еркектерде, бұл түтікше ұзын болады, ол сыртқы жағы жыныс мүшесімен жалғасады. Еркектерде ол түтікшеден шәует те шығарылады. Ал әйелдерде үрпі қысқа болады, және ол жатырдың үстінде орналасқан . Үрпі мәселелері ағза қартайғанда, түрлі ауруларға тап болғанда немесе жарақат алғанда мазалайды. Үрпі мынадай мәселелермен мазалауы мүмкін:
• Үрпінің тарылуы – үрпінің тесігі тарылады;
• Үрпінің қабынып ауруы – несепшығарғыш жолдың қабынуы, кейде ол инфекциядан пайда болды;
жен
Әйелдің несеп-жыныстық жүйесі
муж
Еркектің несеп-жыныстық жүйесі
Әйел мен еркектің несеп-жыныстық жүйесі үрпінің ұзын-қысқалығымен ажыратылады.

Симптомдары
Үрпінің мәселесі туындағанда, ол ауырады немесе несеп шығару қиындап кетеді. Сондай-ақ үрпіден қан ағуы мүмкін немесе несепшығару жолынан бөлінді шығады.

Диагностикасы
Дәрігерлер үрпінің туындаған мәселесін түрлі тексерулердің көмегімен анықтайды. Олар: несеп талдауы, рентген, цистоскоптың көмегімен несепшығару жолын тексеру.

Емдеу
Емдеу, үрпі мәселесінің неден туындағанына байланысты жүргізіледі. Ол дәрі қабылдаумен жазылуы мүмкін, немесе ауыр жағдайда ота жазалуы да ықтимал.

Тегтер:
Несеп шығару жолдарының ауруы