Статистикаға сәйкес, әрбір әйел жыныстық қатынас туралы орташа есеппен екі-үш күнде, ал еркек кемінде күніне бір рет ойлайды екен. Алайда, өзіміздің кіндігіміздің төменгі жағындағы нәрсені талқылауға келгенде, қоғамдық санадағы кертартпалықты байқауға болады. Негізі, секс күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның денсаулығымызға және ұзақ өмір сүруімізге тікелей қатысы бар. Сондықтан, біз жыныстық қатынас туралы, мысалы, оргазм, эякуляция және белсіздік сияқты нәрселер туралы айтудан ұялмауымыз керек.
Секс - бұл денсаулықты нығайтуға және оны сақтауға арналған көптеген тәсілдердің бірі. 20-30 минуттық жыныстық қатынас кезінде ағзадағы 300-ге жуық калория жағылады, бұл бес шақырым тоқтаусыз жүгірумен тең. Алайда жыныстық қатынастың ұзақтығы 2-ден 6 минутқа дейін созылса, жиырма беске ғана жуық калория жойылады (бұл жарты километрге де жетпейтін жүгіріспен тең). Егер сіз тоқтауыз екі баспалдақ көтеріліп-түсе алмасаңыз, бұл сіздің жыныстық өміріңізге әсер ететін қиындықтарыңыз бар екенін білдіреді.
Біздің жыныстық өміріміз айтарлықтай күрделі. Бізде көптеген себептер бойынша жыныстық қатынасқа түсеміз. Айталық, біз балалы болғымыз келеді. Сондай-ақ өз сүйіспеншілігімізді ашып тұрып көрсеткіміз келеді. Шыны керек, жыныстық қатынас көңіл көтерудің де тамаша нұсқасы. Айта берсең себеп көп, мысалы теледидарда қызықты ешеңенің жоқтығы да жынысстық қатынас жасасуға ықпал етіп жатады. Бірақ бәрі біз қалағандай, жоспарлағанымыздай бола бермейді.
Біздің сексуалдық мәдениетіміз махаббат пен құмарлыққа ғана тән емес, сонымен қатар зақымдалған презервативтер, жыныстық жолмен берілетін аурулар, бедеулік және эректильді дисфункцияның да алатын орны бар. Біздің жыныстық органдармен байланысты мәселелер күрделі және ол жекеше, сондықтан оны талқылау қиын болуы мүмкін.
Әрине, махаббат пен құмарлық – күрделі эмоциялық жағдай болып табылады. Оның ішінде аздаған сәттіліктер, бір шама күш-жігер, және көзге көрінбес болса да «химияның» да үлесі бар. Бұл таза биологиялық тұрғыдан қарағанда, аталмыш химиялық қосылыстар - миға, сіздің махаббат сезімдеріне жоғары дайындықта екеніңізді білдіреді және одан басқа өмірге қажетті, саналы сигналдарды жібермей тұру үшін әрекет етеді. Бұл сигналдар сіздің миыңыздағы ойлау және логикалық қасиеттеріңізді айналып өтіп, сондай-ақ мидың эмоцияға жауап беретін, мидың шоғырландыру процессін реттейтін дән тәріздес денесін (Amigdala) бағындырып алады. Сондықтан күшті махаббат эмоциялары «іште көбелектер ұшын жүргендей» секілді сезімдерді тудыруы мүмкін.
Сән өндiрушiлер мен стилистерлердің бағындыра алмағын бір шыңы бар, ол сексуалды серіктестерді тартымды ететін бірден-бір фактор - иіс. Адам, табиғатынан феромондер деп аталатын химиялық байланыстарды өндіруге қабілетті, сол иіс, адамардың бір-біріне деген ынтық болу сезімдерне ықпал жасайды. Бұл химиялық процесс әсерден біз, қандай да бір себептермен өзімізге бір адамды сүйікті ете аламыз және, сонымен қатар, кейбір адамдарды өзімізден сол химиялық бөліндінің салдарынан жиеркендіріп қоямыз.
Өздерінің биологиялық табиғаты бойынша ер адамдар әрдайым өзінің ұрығын қабылдауға қабілетті серіктес табуға тырысады. Әйелдер бұл туралы біледі. Және де соған қарамастан ерлер бұл жайында айта алмайды немесе тіпті ойламауға тырысады. Ерлердің ойынша, әйелдер эволюциялық дәрежесінде «ерлердің жыныс мүшесінің көлемі олардың қауқарлығымен байланыс орнатады деп санайды» деген ойда. Егер бұл қателесу шын болса, онда ер адамдарда өте кішкентай пенис болар еді ғой. Ол тек қынаптың ішіне ұрықтың енуін талап етеді емес пе; тіпті пенис мөлшері кішкентай болса да, сперма өз функциясын орындау үшін «шапшаң» қимылдайды емес пе. Негізі үлкен еркектің жныс мүшесінің көлемінен гөрі, мықты ұрық ағыны маңызы болып табылады.
Эякуляция кезінде шамамен 300 миллиондай ұрық бөлініп, жоғары қарай, өзінің көздеген нысаны – аналық жасушаға атқылайды. Қынаптан жатыр мойны арқылы жатыр қуысына қарай жүреді. Фалопиев түтіктерінің ерекше шаш тәрізді формаларының көмегімен жұмыртқаның жасушасы ұсталып, төмен қарай жылжиды, сол кезде сперматозоидтар жоғарыға қарай жылжиды. Қалың қабырғалы жатыр пенисті қысып, бөлінген сперматозоидты ұрықтандыру үрдісін жалғастыру үшін процессі әрі қарай жүргізеді. Сол уақытта ұрықтар діттеген жеріне дамылдайды және олар аналық жасушаны ұрықтандыруға кіріседі. Бірақ барлық ұрық бірдей болмайды. Олар баскетболшыларға ұқсайды, мысалы, кейбіреулері допты себетке салып жатқанда басқалары қоршап тежегендей және шабуылшыға допты көтеріп, гол соғуға мүмкіндік туғызады, бұл жердегі үрдіс те дәл соған ұқсайды. Егер бұл процесс сәтті болса, ұрықтандырылған аналық жасуша кейін импланттанатын жатыр қабырғасына қарай жылжиды. Бұл процесс жүктілік және босану – біздің өміріміздің ең кереметі, тұқымның және эволюцияның жалғасы.
Эволюциялық тұрғыдан секс ең маңызды эволюциялық процесстердің бірі - дифференциалды көбеюдің қозғалтқышына пара-пар. Демек, сексуалдық-эволюциялық бейімделудің басты мақсаты - анатомиялық, физиологиялық және психологиялық болып отыр.
Әйелдердың жынстық әлемі еркектікіне қарағанда күрделі. Мысалы, әйелдер барынша контекстектуалды түрде, сексуалдық сигналдарға оңай назар аударады, олар айналасындағы болып жатқан нәрселерге назар аударады, бұл әйелдердің жыныстық әуестігі көп қырлы дегнді білдіреді. Сонымен қатар, әйелдер ерлермен салыстырғанда жыныстық сигналдармен аз байланысқа да түсе алады, эрекция кезінде ер адам жыныстық қозуды сезінеді және сол уақытта жыныстық қатынасқа түсу қажеттілігін түсінеді. Әйелдерде жағдай басқаша. Әйелдерде сексуалдық сигналдар елеусіз қалуы да мүмкін, тіпті олар жыныстық қатынасқа түсіп жатқанның өзінде, қатынасқа ынтасы бола бермейді. Бірақ, ер адамдар тек эрекциясын қанағаттандыру үшін ғана жыныстық қатынасқа түсуі мүмкін деп айтуға болмайды, бұл тек әйелдің денесі күрделі деген ұғымды жеткізу үшін салытырмалы түрде келтірген мысал.
Қазіргі уақытта әйел жыныстары туралы, әсіресе, жыныстық қызығушылығы туралы өте көп нәрсе білуге болады, ол қазіргі заманғы әйелдердің үштен бірі жыныстық қатынасқа қызығушылық танытпайтындығы дәлелденген. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардағы жыныстық ниетінің үйлесімсіздігі қарым-қатынаста әртүрлі мәселелерге әкелуі мүмкін екенін де есте ұстаған жөн.
Мысалы, кейбір ерлі-зайыптылар жылына бес рет жыныстық қатынаста болудан бақытты болуы мүмкін, ал кейбір жұптар оны жиі жасауға дайын. Нақты проблема қарым-қатынаста бір адам, екіншісіне қарағанда жыныстық қатынасқа жиі бейім бола берген кезде туындайды. Және бұл өте қиын мәселе, себебі еркектер ерте, жасөспірім кезінде немесе ерте жастағы жиырма жасында жыныстық өмірінің шыңына жетіп алады, ал әйелдердікі 30-40 жасқа дейін тояттай қоямайды.
Тағы бір айырмашылығы, ер адамдар әр үш күн сайын секске баруға бейім, бұл уақытта жоғары сапалы шәует қайтен пайда болсын. Егер сіз сол факт жағында болсаңыз, әйелдердің кем дегенде үштен бірінде құмартуды жоғалту кезеңі болып тұрады, біресе ерлердің сексуалдық дисфункциясында түсінікссіз жайттар туындайды, бұл қарым-қатынастың жетіспеушілігін өтеу арқылы өтелуі мүмкін.
Сіздің барлық тілектеріңізді дереу орындауға болатын осындай сиқырлы таяқша жоқ. Тәжірибе, сенімділік, қарым-қатынас және ақылға қонымды тәуекелдер серіктес ниетінің артуына көмектеседі. Әйелдердің сипаттайтын ең көп мәселесі - олар сексуалдық әуестікті сезінбейді, өйткені олар өздерін сүйікті сезіне алмайды, сондықтан секс олар үшін әдеттегі үрдіс болып қала береді. Өзіңіз ойлап көріңізші, күнделікті таңғы аста да, түскі және кешкі аста да бір тағамды жей берсеңіз қандай күйде боласыз? Әрине жалығасыз. Сіз өзіңіздің жыныстық өміріңізге де сол ұстанымнан қарауыңыз керек. Ендеше, сәл түрлендіріңіз. Басқа «тағамды» да сынап көріңіз. Аздап «тұздық» қосыңыз. Сексуалдық қанағат алу үшін қажет нәрсені жасауға тырысыңыз. Бұл жаңа позицияларды ойлау керек деген сөз, үйіңіздің түрлі бөлмелерінде жыныстық қатынас жасасып көріңіз немесе жатын бөлмесін қиялдағы элементтермен түрлендіріңіз. Сексуалдық әуестікті арттырудың тағы бір жолы - жыныстық қатынасты жоспарлы түрде орындау болып табылады. Көптеген адамдар осындай жоспардан аулақ, себебі секс олар үшін бір уақытта бір уақытта пайда болады да, сосын жоқ болатын нәрсе. Шын мәнінде, жоспарлаудың өзара әсері болуы мүмкін. Сіздің серіктеспен жоспарланған кездесуіңіз бар екенін білу, оны күту, қиялыңызды оятады және құмарту сезімдеріңізді арттыруға мүмкіндік береді.
Негізі заң бар, ол жерде кім жыныстық қатынасқа түсе алады, немесе түсе алмайды, және кіммен түсе алады, кіммен түсе алмайтыны жайында жазылған. Әртүрлі мәдениеттердің адамдарында секске қызығушылық, құндылық және таңданудың түрлі себептері бар. Өмірдің сексуалдық саласы - бұл әлі де талқыланатын тақырып және біздің оған деген назарымызды басқа ешкім бұрып әкете алмайтын қызығушылық ол.
Ең алдымен, секс ең үлкен өмірлік құндылықтардың бірі - бұл сіздің қарым-қатынасыңыздың қазынасы, рухтың сергектігі және денсаулықтың кепілі. Бірақ жыныстық мүшелер нәзік мүше болып табылатындығын есте сақтаған жөн, олар көбінесе қолайсыздықты тудыруы мүмкін қиындықтар мен жыныстық өмірдің мүмкін еместігіне әкелуі мүмкін, кейбірі, аурулар мен түрлі жағдайларға ұшырайды. Сондықтан, іш киімімізді қалпына келтіріп, жыныстық қатынасқа және жақсы өмір сүруге мүмкіндік беретін жыныстық функцияға жауап беретін нәрселерді қарастырып көрейік.