Мазмұны

Жалпы ақпарат

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу


Жалпы ақпарат

Қан ұюының бұзылуы - бұл ағзадағы тромбтардың қалыптасу процессінің бұзылуынан туындайтын аурулар тобы. Бұл бұзылыстардың салдарынан жарақат алғаннан кейін ауыр және созылмалы қан кетулер орын алуы мүмкін. Сондай-ақ, ешқандай себепіз қан кету жағдайлары да орын алуы мүмкін.

Қан ұюының өзіне тән бызылытары мынадарлы қамтиды:

• Тромбоциттер функциясының өзіндік бұзылыстары;
• Туа біткен тробоциттер қызметінің бұзылысы;
• С немесе S белоктарының туа біткен жетіспеушілігі
• Тамыр ішінде таралған қан ұюы (DIC)
• Фактор II тапшылығы
• Фактор V тапшылығы
• Фактор VII тапшылығы
• фактор X тапшылығы
• Фактор XII тапшылығы
• Гланцман ауруы
• Гемофилия А
• Гемофилия B
• Гемофилия С (фактор XI тапшылығы)
• Идиопатиялық тромбоцитопендік пурпура (ITP)
• фон Виллебранд ауруы (I, II және III типтері)

730 1

Әдетте қанның ұю жүйесі тромбоциттер деп аталатын қан құрамдастарын және шамамен 20 түрлі плазмалық ақуызды қамтиды. Олар қанның ұйыма факторлары ретінде белгілі. Бұл факторлар қан кетуді тоқтатуға көмектесетін фибрин деп аталатын зат құруға арналған басқа химиялық заттармен өзара әрекеттеседі.

Алалмыш фактордың қан құрамындағы мөлшері төмен болса, немесе мүлдем болмаса айтарлықтай мәсле туындайды. Қан кету жеңіл өтуі де мүмкін және тоқтамай, ауырлы туғызуы да мүмкін.

Кейбір қанның ұю бұзылыстары адамның тумысынан болады және тұқым қуалайды. Басқалары мынадай себептерге байланысты дамиды:

• Витамин К тапшылығы немесе бауырдың салмақты аурулары сияқты аурулар;
• Қан ұйығышын бәсеңдететін (антикоагулянттар) дәрілермен емделу немесе антибиотиктерді ұзақ уақыт қолдану.

Қан ұюының бұзылыстары сондай-ақ, қан ұйытуға қатысатын (тромбоциттер) қан жасушаларының бұзылуынан, немесе соған байланысты қан жасушаларының азаюынан туындауы мүмкін. Бұл бұзылулар туа біткен немесе жүре туындаған болуы мүмкін. Кейбір препараттардың жанама әсерлеріне байланысты көбінесе қан ұюының бұзылуларының формалары дамиды.


Симптомдары

Аурудың симптомдары мынадай болып келеді:

• Буын қуыстарында немесе бұлшықеттерден қан кетеді
• Тері тез көгеріп қала береді
• Ауыр қан кету
• Ауыр етеккірлік қан кету
• Мұрыннан көп мөлшерде қан кету орын алады.
• Хирургиялық процедуралар кезінде шамадан тыс қан кету орын алады
• Туылғаннан кейін кіндігінен қан кетеді
Симптомдар қан ұюдың нақты қандай бұзылытары екеніне байланысты және олардың ауырлығына қатыты болып келеді.


Диагностикасы

Текеру әдістері мыналарды қамтиды:

• Жалпы қан талдамасы (ОАК)
• Қан кетудің белгілі бір уақытын анықтау
• Ішінара тромбопластиндік уақыты (PTT)
• Агрегациялық тромбоциттерді тестілеу
• Протромбиналық уақыт (PV)


Емдеу

Емдеу тактикасы аурудың түріне байланысты. Емдеу әдістеріне мыналар жатады:

• Ұйыма факторларының толығуы;
• Жаңа мұздатылған плазма құйу;
• Тромбоцитарлы массаны құю
• Басқа да емдеу әдістері


Болжамы

Болжамы аурудың түріне байланысты жобаланады. Көптеген бастапқы қан ұюының бұзылуын бақылауға болады. Қан ұюының бұзылуы басқа ауруға жалғасып бара жатса, мысалы, ДВС синдром секілді, онда болжамы, ауруға терапияның әсері қаншалықты болатынына байланысты жобаланады.


Мүмкін болатын асқынулар

Асқынуларға мыналар жатады:

• Миға қан құйылу
• Ауыр қан кету (асқазан-ішек немесе жарақаттану нәтижесінде дамыған)
Басқа асқынулардың дамуы қан ұйуы бұзылуларының түріне байланысты болады.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Егер сізде әдеттен тыс немесе ауыр қан кетулер орын алса дәрігерге хабарласыңыз.


Алдын алу
Тек бұзылыстың түріне байланысты алдын алу үшін шара қолдануға болады.


Дереккөз: https://medlineplus.gov/ency/article/001304.htm