Себорея – терідегі майлы, сары қабыршақты қызыл бөртпелер пайда болатын экземаның бір түрі болып табылады. Себореяның пайда болу себептеріне терідегі май бездерінің шамадан тыс қызмет атқаруын жатқызады.
Бөртпелер дененің кез келген жерінде пайда болу мүмкін. Екі айға дейінгі нәрестелерде себорея көбінесе бас терісінде кездеседі, оны нәрестелердің себореялық дерматиті деп атайды. Нәрестелерде себорея көбінесе жөргектелген аймағында пайда болады. Себорея әр түрлі жастағы адамдардың бетінде (әсіресе қас және мұрын мен ауыз аймағындағы бүгілген теріде), құлағында, кеудесінде, қолтығында және жыныс мүшелері аймағында пайда болады.
Әр түрлі кремдерді қолдану және терінің күту әдістері арқылы себореядан емделіп кетуге болады.