Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Гингивит – қызыл иектің қабынуы.
456
Қызыл иектің қабынуы гингивит деп аталады. Тістің айналасына жиналған кірдегі бактериялар ферменттер (коллагеназдар) түзеді. Олар қызыл иектің тіндерін зақымдап, шірітеді. Инфекцияланған қызыл иек жағымсыз иіс шығарады, аздап қанайды, тістен ажырай бастайды. Тістің көп түсуі, тіс жегінің зақымынан емес, қызыл иектің ауырғанынан пайда болады.

Себептері
Гингивит пародонт ауруының бірден-бір формасы (тістің айналасын қоршап тұрған тіндер кешені). Пародонт ауруы – қабыну мен инфекциядан пайда болады. Тістерді ұстап тұрушы тіндердің бұзылуы, сондай-ақ қызыл иектің ауруы, т.б. пародон жіне тіс ұяшығы (альвеолярлық сүйек) байланысты .
Гингивит тістегі кірдің ұзақ уақыт тазаланбағанынан да болып жатады. Тіс кірі – тамақ қалдықтары мен шырыштар жиналан құрамында бактериялары бар жабысқақ материал. Ол тістің ашық жақтарына жабысып алады және ол тіс жиегінің зақымдануын болдыратын бірден бір себепкер.

Егер сіз тісті тазаламасаңыз, тіс кірі қалыңдап, қатайып тіске әбден жанасып, тіс тасына айналып кетеді. Тіс кірі мен тіс тасы қызыл иекті тітіркендіріп, оның қабынуына әкеліп соғады. Бактериялар мен токсиндер бүлініп, инфекция түзіп, қызыл иектің ісуіне себеп болады.

Мына жағдайларда гингивиттің даму қаупі туындайды:
• Кейбір инфекциялардан және жүйелі аурулардан;
• Ауыз қуысының гигиенасын нашар ұстанғаннан;
• Жүктілік кезінде (гармондық өзгерістер қызыл иектің сесімталдығын арттырады);
• Игере алмайтын диабеттен;
• Тістің дұрыс қойылмағанынан, тістің ұңғыл-шұңғылдары, тісті қаптағанда дұрыс қоймағаннан, жасанды тістерден (протез), тіс мостигінен;
• Фенитоин, висмут және кейбір өндірістік дәрілерді секілді кейбір дәрілерді қолданғаннан;

Гингивит көптеген адамдарда кездеседі. Ол әсіресе адамдардың өспелі кезеңдерінде, ағзада гармондық өзгерісстер пайда болғанда дамиды. Ол адамды ұзақ уақыт мазалауы да мүмкін, немесе сіздің қызыл иегіңіз бен тісіңізді күтімілдеуіңізге де байланысты дамиды, болмаса жойылады.

Симптомдары
• Қызыл иектің қанауы (тісті щеткамен немесе жай қолмен тазалағанда қан шығады);
• Қызыл иек ашық-қызыл, немесе қызыл-көгілдір түсті болып кетеді;
• Қызыл иекке бір нәрссе тисе тез ауырғыз, сезімтал болып кетеді;
• Ауыз қаусында ойық жара пайда болады;
• Қызыл иек ісиді;
• Қызыл иек жылтырап кетеді.

Диагностикасы
Ауыз қуысы мен тістерді тексеріс кезінде тіс дәрігері қызыл иектің қызыл-көгілдір түсті болып, жұмсақ түрде ісініп тұрғанын байқайды.
Қызыл иек әдетте ауыра бермейді, және орташа сезімталдыққа ие.
Тістің түп негізін тексере отырып, ондағы тістің кірі мен тіс тасын ажыратуға болады.
Тіс дәрігері қызыл иекті мұқият қарау үшін арнайы бұрғыны пайдалануы мүмкін. Себебі сол кезде ғана сізді мазалап жүрген гингивит пе, периодонтит па анықтай алады.
Әдетте мұны бір емдегеннен кейін қайта емделу қажет емес. Дегенсен кейін рентгенологиялық тексеріс жүргізгеніңіз абзал, себебі, бұл ауру тістің негізгі құрылымына орнығып алған-алмағандығын анықтауға көмектеседі.

Емдеу
Емдеудің басты мақсаты қабыну процесін азайту болып табылады.
Тіс дәрігері тісті тазалауы керек. Ол тістегі жабысқан қалың кірлерді тазалау үшін арнайы құралдарды пайдалануы мүмкін.

Тісті кәсіби түрде тазалап болғаннан кейін, ауыз қуысының гигиенасын мұқият қадағалау керек. Тіс дәрігері сізге тіс тазалайтын щетка мен жіпті қалай қолдану керектігін түсіндіріп береді.
Тісті кәсіби түрде тазалағаннан кейін, қосымша тіс щеткасымен және тазалағыш жіппен тазалау бір жылға жуық уақытта, не болмаса қызыл иектің ауыруы асқынған жағдайда орын алу керектігі айтылады.
Сондай-ақ, ауыз қуысын бактерияға қарсы шайып тұру да мақұлданатын жайт.
Немесе, дұрыс шықпаған тістер мен ауысқан тістердді емдеу керек.
Сонымен қатар кез-келген тісті жұлғаннан кейін, оны жақсылап емдеу керек.

Болжамы
Кейбір адамдарда тістегі кірі мен тастарды жойғаннан кейін бір жайсыздық кездеседі.
Тісті кәсіби түрде тазалағаннан кейін және мұқият гигиена сақталғаннан кейін қызыл иектің қанауы мен сезімталдығы 1 немесе 2 аптадан кейін азаятын болады.
Қызыл иектің ісінуін басу үшін жылы сұзды су не болмаса, бактерияға қарсы шайындымен жуып тұру керек. Қабынуға қарсы дәрілер де пайдасын береді.

Сауыққан қызыл иек ашық күлгін түске енеді. Гигиенаны қатаң түрде сақтаса қызыл иектің ауруы қайта мазаламайтын болады.

Мүмкін болатын асқынулар
Асқынған жағдайда мына ауруларға ұласады:
• Қайталанбалы гингивит;
• Периодонтит;
• Қызыл иектің немесе жақ сүйектерінде инфекция немесе абсцесс пайда болады;
• Ауыз құысында ауру инфекциясы тұрақтап қалады.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Сіз соңғы 6 ай бойы тісіңізді кәсіби түрде тазалатпасаңыз немесе ауыз қуысын тексертпесеңіз, сондай-ақ қызыл иегіңіз ашық қызыл түске еніп кетсе, ісінсе дереу дәрігерге қаралғаныңыз жөн.

Алдын алу
Тістің қабынуын болдырмау үшін, ең бастысы ауыз қуысының гигиенасын жақсы тұтыну керек.
Сіз тісіңізді күніне екі рет жуып тұруыңыз керек, күніне бір рет жіпті де пайдаланыңыз, ал тіпті болма жатса, күніне бір рет тісіңізді тіс пастасымен жуып тұрыңыз.
Тіс дәрігері сізге, әр тамақ ішіп болғаннан кейін және ұйықтап тұрғаннан кейін тісіңізді жуып тұруға кеңес береді. Жеке тіс дәрігеріңіз болса, немесе гигиенистіңіз бар болса тісті щеткамен және жіппен қалай дұрыс тазалауға болатындығын сұрап алыңыз.

Егер сіздің тісіңіз кірленуге бейім болатын болса, арнайы құрылғаларда пайдалансаңыз да болады. Оларға: тіс тазалағыштарын, тіс щеткасын, ауыз қуысын дымқылдандырып тұратын сулар жатады. Бірақ сіз, ең дұрысы тіс щеткасы мен тіс тазалайтын жіпті пайдаланғаныңыз дұрыс.
Тіс тасына және тіс кіріне қарсы ауызды шайып тұру, сондайа-ақ тіс пастасын қолдану дұрыс деген ұсыныс бар.
Тісті ылғи кәсіби түрде тазалап тұрғаннан тіс кірі жойылады. Ол үшін тіпті, тіс щеткасымен жіне тіс тазалағыш жіппен мұқият тазалық жүргізіп тұрса ба пайдалы болмақ. Көптеген тіс дәрігерлері кәсіби тіс тазалығын кемінде 6 айдан аспай өткізіп тұру керек деген кеңес береді.

Синонимдері
Қызыл иектің ауруы; Периодонт ауруы

Нәрестелердің және жас балалардың ауыз қуысының пробламалары (ерлерде / әйелдерде)
Тіс мәселесі (ерлерде / әйелдерде)
Ауыз қуысының мәселесі (ерлерде / әйелдерде)

Тегтер:
Гингивит,
Гингивиттің себептері,
Гингивиттің симптомдары,
Гингивиттің диагностикасы,
Гингивиттің емделуі