Мазмұны
Синонимдері
Жалпы ақпарат
Жаңа туған нәрестенің геморрагиялық ауруы – қанның ұйығыштығының бұзылуынан туындайтын ауру. Әдетте ол бала туылғаннан кейін көп ұзамай пайда болады.
Себептері
Жаңа туған нәрестенің геморрагиялық ауруы – қанның ұюы процесінде маңызды рөл атқаратын К дәрумен жетіспеушілігінен болады.
Баланың К дәруменінің жетіспеушілігіне бір қатар себептер болады. Аталмыш дәрумен анасынан баланың жолдасы арқылы балаға нашар берілген. Сондықтан нәресте туылғанда қан құрамында К дәрумені төмен болған. Одан бөлек, анасының сүтінде К дәрумені өте төмен жиналады.
Мынадай жағдайларда балада бұл ауру дамуы мүмкін:
• Босанардың алдында К дәруменінің иньекциясы салынбағаннан (егер К дәрумені ауыз арқылы берілетін болса, онда оны бірнеше мәрте беруі керек, әйтпесе ол әсер бермейді)
• Немесе белгілі бір қан сұйылтатын дәрілерді ішкеннен;
Бұл ауруда үш категория болады:
• Жаңа туған нәрестенің геморрагиялық ауруы ерте баста өте сирек кездеседі. Бұл бала туылғаннан кейін 24 сағаттың ішінде пайда болады. Аталмыш аурудың бірден-бір себебі, анасы жүкті кезде белгілі бір (кумадин) секілді қан сұйылтатын дәрілерді қолданғаннан болады.
• Ал бұл аурудың классикалық түрде басталуы, бала туылғаннан кейінгі алғашқы аптасында К дәрумені инъекциясын алмағаннан, немесе анасының сүтінен осы дәруменді ала алмағаннан болып жатады екен. Бірақ бұл түрі сирек кездеседі.
• Бұл аурудың кеш дамыған формасы, баланың 2 аптасынан 2 айлығына дейін көрініс береді. Бұл К дәруменді инъекцияны қабылдамаған және азиялық нәсілдегі балаларда көптеп кездесетін жағдай.
Осы аурумен ауратын нәрестелер мен жас балаларда мынадай жағдайлар тез дамиды:
• Дефицин альфа-1 антитрипсині;
• Өт айдау жолдарының артезиясы;
• Целиакция;
• Муковисцидоз;
• Диарея;
• Гепатиттер.
Симптомдары
Бұл ауру қан ағумен мазалайды. Көбінесе қанап тұратын жерлер:
Ұл баланың жыныс мүшесі, егер ол кесу процедурасынан өткен болса.
• Кіндік жағы;
• Асқазан-ішек жолдары (бала дәретке отырғанда қан кетуі мүмкін)
• Шырышты қабық (мысалы, ауыз бен мұрынның шырышты қабығы)
• Иньекция қабылдаған болса ине салынған орын
Мынадай да симптомдар кездесуі мүмкін:
• Несепке қан араласып шығады;
• Терісі жарылып тұрады;
• Баланың басында томпиған ісіктер пайда болады (бас сүйегінің бір жерінен қан кетіп жатады).
Диагностикасы
Қанның ұйығыштығын тексеру үшін зертханалық талдама жүргізу керек.
Егер ішке енгізілген К дәрумені қан кетуін тоқтатса, және тромбинді уақыт бұл кезде қалыпты көрініп тұрса диагноз қойылады.
Емдеу
Қан кеткен жағдайда тек К дәрумені тағайындалады. Ауыр қансырап жатқан науқастарған қан құйылады.
Болжамы
Қанағыш дертіне шалдыққан балаларың жағдайы уақыт өте келе тым нашарлап кетеді. Өкінішке қарай ішкі қан кету қауптілігі басым.
Мүмкін болатын асқынулар
• Бастың ішкі жағынан қан кетсе миды зақымдайды;
• Өлімге апарады;
• Көлемді қан кетулер болады.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Балада кез-келген түсініксіз қан кетулер пайда болса міндетті түрде дәрігерге қаратыңыз.
Алдын алу
Кез келген нәрестеге туылғаннан кейін К дәруменін енгізу керек. Бұл тәжірибе аталмыш аурудың дамуын тоқтатады.
Ауруды ерте бастан болдырмау үшін, әсіресе, қалтырауға қарсы дәрілерді қолданатын жүкті әйелдер К дәруменін енгізіп аллғаны жөн.
Синонимдері
К дәруменінің жетіспеушілігінен қан кету.
Тегтер:
қанның ұйығыштығы
жаңа туған нәресте