Мазмұны

Жалпы ақпарат

Кімдер екпе салдыру керек

Кімдер екпе салдырмайды

Жанама әсерлердің қаупі

Егер мына жағдайлар орын алса дәрігерге хабарласыңыз:

Синонимдері

Жалпы ақпарат
В гепатитіне қарсы вакциналар ағзаны В вирустық инфекциясынан қорғайды. Себебі, В гепатиті бауырды зақымдайтын қауіпті ауру.
450
В гепатитіне қарсы мынадай адамдарға екпе енгізу керек: денсаулық сақтау салысының қызметкерлеріне, В гепатитімен ауыратындармен бірге өмір сүретіндерге, осы вирусты жұқтыру қаупі бар жандарға, В непатиті бауырды зақымдайды. Сондай-ақ иммунизация (екпе) жас сәбилерге және кішкентай кезінде салынбай қалған ересек баларға салынады.
В гепатиті – В гепатиттік вирустан туындайды.
В гепатитіне қарсы В вакцинасының құрамында ақуыздық фракция (гепатит вирусының иммунногендік ақуызы) бар. Вакцинаның құрамында вирус жоқ, сондықтан вакцина егілгенде жұғып кету қаупі болмайды. Вакцина егілгеннен кейін 2 апта өткен соң, ағза ақуыздан антиденелерді бөліп шығарады.
4500
В гепатиті сарысулы гепатит ретінде де танымал, себебі ол қан арқылы және жыныстық қатынас арқылы да таралады. Бұл сондай-ақ , есірткі қолданатындар, гомосексуалдар арасында да жиі жұғып жатарын ауру. Мына суретте – В вирустық гепатитінің ұсақ түйіршікті микроскоптық суреті бейнеленген. (Ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі орталығы ұсынған сурет)
В гепатитіне қарсы вакцина басқа вирустық гепатит түрлерінен қорғай алмайды. Қазіргі уақытта А вирустық гепатитіне қарсы вакцина бар. А вирустық гепатитіне қарсы тұру үшін, адам өзіне вакцина қабылдауы қажет.


Кім екпе салдыруы керек
Сәбилер
В гепатитіне қарсы вакцина – балаларға салдыруға міндеттелген бірден-бір вакцина (екпе).
Балаларға екпе үш кезеңде жүргізіледі (үш дүркін). Әр вакцина баланың жасына қарай салынады.
• Туылғаннан кейін, перзентханадан шығатын кезде. Егер баланың анасын В вирустық гепатитін тасымалдаушы болса, онда вакцина нәресте өмірге келген сәтте салынады.
• 1 және 2 айдың арасында.
• 6 айлығында.
Балалар мен жасөспірімдер
Вакцина салдырылмаған балалар мен жасөспірімдерге, гепатитке қарсы вакцинаны барынша ерте салдыруға тырысу керек.
Ересектерге
Ересектер төмендегідей жағдайларда вакцинациялануы керек:
• Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне;
• В гепатитін жұқтырған адамдармен тұрмыстық және жыныстық қатынас жасайтындарға;
• Еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектерге (гомосексуалистерге);
• Гемодиализ процедурасын жүргізетіндерге;
• Диабетке шалдыққандарға;
• Бүйрек жетіспеушіліктің терминалдық сатысындағыларға, созылмалы бауыр ауыруымен ауыратындарға немесе АИТВ-инфекциясы барларға;
• Көп адаммен жыныстық қатына жасайтындарға;
• Есірткіні ине арқылы қолданатындарға;
• Мүшелік ауыстыруларға дайындық жасап жатқандарға, химиотерапия сияқты.

Кімдер салдырмайды
• Ашытқыға аллергиясы бар адамдар;
• Бурын екпе қабылдағаннан ауыр формалы аллергияға ұшырағандар;
• Салмақты аурумен ауыратындар, суық тиіп, қызуы көтеріліп тұрған адамдарға, жалпы жағдай жақсарғаннан кейін салдырған дұрыс.

Қауіптер және жанама әсерлер
Көп адамдарды вакцинадан кейін ешқандай жанама әсерлер мазаламайды. Ал кейбір адамдарды болар-болмас мәселелер мазалайды, мысалы, вакцина салдырған жер ауырсыну, қызару, шамалы мазасыздану болады. Жағымсыз жанама әсерлер сирек кездеседі және негізінен вакцинаның компоненттеріне аллергиялық реакцлардан туындайды.
В гепатитіне қарсы вакцина аутизмнің дамуына ешқандай үлес қоспайды, әрі оған ешқандай дәлел де жоқ.
Ешқандай вакцина өмір бойы әсер етіп жүрмейді. Бұдан түйеріміз, В гепатитіне қарсы вакцина салдырғанның өзінде, гепатиттің жұғып кетуіне ол да толықтай қарсы тұра алмайды.

Мына жағдайлар орын алса, дәрігерге хабарласыңыз:
• Вакцина салдыруға сенімді болмасаңыз;
• Вакцинадан кейін ауыр салмақты симптомдар пайда болса;
• Вакцинаға байланысты қандай да бір мазалаған сұрағыңыз болса.

Синонимдері
НерВ – вакцинасы; В гепатиті – иммунизациясы; НерВ – иммунизациясы

Перзентханада жаңа туылған нәрестені вакциналациялау ұсынылады. Содан кейін бірінші вакцинадан бір айдан соң, вакцинациялау 0-1-6 тізбегіне сәйкес жүрсе, иммунитет 15 жыл бойы сақталатындықтан қайтадан вакцинациялау қажет емес.