Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Жалпы ақпарат
Бауыр ағзадағы қоректі қорытуға көмектеседі, денедегі әл-қуатты сақтап тұруға, зиянды қалдықтардан залалсыздандыруға атсалысады. Ал гепатит - бауырдың қалыпты жұмысына зиянын тигізетін ауру. Бұл ауру бауырда тыртық тіндердің түзелуіне әкеледі, оны «цирроз» деп атайды. Кейде гепатит пен цирроздың салдары қауіпті ісікке (рак) ұласады.

Себептері
Әдетте гепатит – вирустан пайда болады. Бірақ, аурудың салмағы, қандай вирустан пайда болғандығына байланысты. Себебі бірнеше түрлі вирустық гепатиттер бар: А гепатиті, В гепатиті, сонымен қатар С гепатиті. Зиянды есіркілік дәрі-дәрмектер мен алкогольдік ішімдіктер де гепатиттің қоздырушысы бола аладаы. А гепатиті кейде ағзадағы төл жасушаларға кең көлемде шабуылдайды. Бірақ, сіз арнайы екпелердің көмегімен өзіңізді бірнеше вирустық формдардан қорғай аласыз. Кей жағдайда гепатит өздігінен де жойылып кетеді. Алайда ондай қуантарлық жайт болмай жатса, дәрілердің көмегіне жүгінесіз. Кейде гепатит өмір бойы айықпас індет болып жабысады.

Симптомдары
Кейбір адамдарда гепатит ауруы симптомсыз дамиды. Ал кей адамдарды мынадай жайттар мазалауы мүмкін:
• Тәбет жоғалу;
• Жүрек айну және құсу;
• Диарея (іш өту);
• Несеп күңгіртеніп, нәжіс сұйылып кетеді;
• Асқазанның ауруы;
• Тері сарғайып, шелденіп кету.

Қосымша ақпаратты мына сілтемеден алсаңыздар болады:
Гепатит А: http://www.zdrav.kz/node/323
Гепатит В: http://www.zdrav.kz/node/324
Гепатит С: http://www.zdrav.kz/node/322

Тегтер:
бауырдың үлкеюі
асқазанның ауруы
несептің күңгірттенуі
сарғыштану
антивирустық дәрілер тағайындау