Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Аяқтың бас бармақ бурситі (буынаралық қалтаның қабынуы) – бұл бас бармақтың басқа саусақтардан қарама-қарсы жаққа қарай ауытқуы. Бұл аяқтың бас бармағының үстіңгі жағына дөңестің түзілуімен сипатталады.
449
Табан сүйектері бір-бірінен ерекшеленіп тұр.

Себептері
Аяқтағы бас бармақ бурситі көбінесе әйелдерде кездеседі. Бурситің түзілуі туа біткен буын патологиясынан болады.
Біз өкшелі аяқ киімдер мен тар байпақтарды кигеннен де аяқтағы бас бармақ бурситі дамиды.
Аурудың өршуіне қарай (төмпешіктің өсуі кезінде) буын қалташығы сұйықтыққа толады. Соның әсерінен бас бармақта ауырсыну пайда болады.

Симптомдары
• Тері қызарады, аяқтағы бас бармақтың үстінгі жағында мүйізгектер пайда болады;
• Бас бармақтың сүйегі жарақаттанады;
• Аяқ киім кигенде ауырады;
• Бас бармақ қарама-қарсы жаққа ауытқиды.

Диагностикасы
Дәрігер әдетте, тексеру барысында аяқтағы бас бармақ бурситін анықтайды.
Ренген аяқтағы бас бармақ буынының қисайып, орнығып қалғанын анықтайды. Кей жағдайда артрит диагностикалануы мүмкін.

Емдеу
Егер аяқтағы бас бармақ бурситі бірінші рет мүжіле бастаса, онда аяқты мұқият күтімілдеу керек.
• Аяғыңызға ыңғайлы, кең байпақ киіңіз. Көп жағдайда осылай жасау мәселені шешіп, кейінірек емдеуді қажет етпеуі мүмкін.
• Арнай ыңғайластырылған ортопедиялық киімдерді пайдаланыңыз: жүннен тоқылған байпақтарды киіңіз, немесе әр саусаққа жеке-жеке киілетін кергіш деп аталатын арнайы құралдарды пайдаланыңыз.
• Үйде жүргенде домбықтар қажалмас үшін аяқ киімнің немесе байпақтың домбыққа тура келген жерен тесіп қойыңыз.
Бурситтер мен өспелер қатты дамып кеткенде хирургиялық жолмен шешуге тура келеді. Ота жасағанда, қисайған басбармақты түзеп, артық томпиып шыққан сүйекті кесіп алып тастайды. Бұл ауруды емдеу үшін жүздеген әртүрлі жедел әдістер бар.

Болжамы
Бурсит пайда болған аяғыңызды барынша күтімілдеңіз, және ақау пайда бола бастағанда емін дереу қолға алыңыз. Ересектерді емдегеннен қарағанда жасөспірімдерді емдеген қиынға соғады.
Аяқтағы бас бармақ бурситінің ауруын басу үшін, науқастарға жедел ем қабылдаған әлдеқайда жеңіл болмақ. Науқастарды хирургиялық жолмен емдегеннен кейін, заманауи түрлі аяқкиімдер кигенде бурсин көп мазалай бермейді.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Аяқтағы бас бармағыңызда бурсит пайда болған кезде, мынадай жағдайларға байланысты дәрігерге қаралсаңыз болады:
• Кең аяқ киім кисеңізде аяғыңыздың ауруы басылмаса;
• Ауру сіздің қалыпты өмір сүру дағдыңызға кедергі келтіріп жатса;
• Қандай да бір инфекция байқала бастаса ( мысалы, қызару немесе ісіну), әсіресе сіз аққан болсаңыз.

Алдын алу
Тар, қысатын аяқ киім кимеңіз

Синонимдері
Hallux valgus немесе бас бармақтың вальгустық ақауы

Тегтер:
жүргенде ауырсыну
ісіну
аяқтғы бас бармақта қызарған ісік пайда болуы байқалады