Мазмұны
Дәрігерге қай уақытта көріну керек
Синонимдері
Жалпы ақпарат
Миалгия – көп кездесетін, бір ғана емес, бірнеше жерге әсер ететін бұлшықеттік ауру. Сондай ақ бұлшықет ауруы - бұлшықетпен байланысты байламдардың , сіңірлердің, сондай-ақ фассияның, жәнеде жұмсақ тіндердің, сүйектердің, ішкі ағзалардың ауруларымен де байланысты болып келеді
Бұлшықет ауыруы көбінесе шаршағаннан, дене белсенділігі артқаннан немесе дене жаттығуларынан кейін пайда болады. Мұндай жағдайларда, негізінде, бұршық еттің жиырылатын жері және қатты күш түскен жері ауырсынып тұрады. Әдетте, ауырсыну қандай іс-әрекеттің әсерінен туындағаны белгілі болады.
Бұлшықеттің ауырсынуы, сондай-ақ белгілі бір инфекциялар (тұмаумен қоса) және бүкіл ағзадағы дәнекер тініне әсер ететін жүйелік аурулар сияқты аурулардың белгілерінің бірі болуы мүмкін (мысалы, қызыл жегі).
Бұлшықет ауырсынуының ең көп тараған себептерінің бірі- фибромиалгия. Бұл бұлшықеттердегі және оны қоршаған жұмсақ тіндердің ауырсынуы, ұйқының бұзылуы, шаршау және бас аурулары сияқты симптомдармен сипаталады.
Себептері
Бұлшықеттегі ауырсынулардың ең көп таралған себептері:
• Зақымдану немесе жарақат алу, соның ішінде созылу;
• Бұлшықетке шамадан тыс күш салу;
• Күшену немесе стресс;
Бұлшықет ауыруы мынадай жағдайларда да орын алады:
• Кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдағанда;
• Артериялық қысымды төмендету үшін ACE тежегіштерін қолданғанда;
• Кокаин пайдаланғанда;
• Холестеринді төмендету үшін қолданылатын статиндер;
• Дерматомиозитте;
• Электролиттің тепе-теңсіздігі (қандағы калий немесе кальций деңгейінің төмендеуі);
• Фибромиалгия.
Инфекциялардың әсерінен, соның ішінде:
• Тұмау;
• Лайм ауруы;
• Безгек;
• Бұлшықеттің абсцессі;
• Полиомиелит;
• Жартасты таудың таңбалы қызбасы
• Трихинеллез (дөңгелек құрт);
• Қызыл жегі;
• Ревматикалық полимиалгия;
• Полиомиозит;
• Рабдомиолиз.
Үй жағдайында күтім жасау
Ауыр жұмыс жүктемесінен немесе жарақаттың әсерінен пайда болған бұлшықет ауырсынуларын басу үшін ауырсынған дене бөлігін демалдырып немесе ацетаминофенді немесе ибупрофенді қабылдау қажет. Ауырсыну мен қабынуды азайту үшін алғашқы 24 - 72 сағат ішінде жарақаттанған жеріңізге мұзды басыңыз. Содан кейін тыныштандыру үшін жылы нәрсе басуға болады .
Шамадан тыс денеге түскен салмақтан кейін және фибромиалгиядан болатын бұлшықет ауыруын массаж арқылы басуға болады. Сондай-ақ, ұзақ демалыс кезеңінен кейін жеңіл созылу жаттығулары пайдалы.
Тұрақты дене жаттығулары қажетті бұлшықет тонусын қалпына келтіруге көмектеседі. Жаяу жүру, велосипед айдау және жүзу де пайдалы. Физиотерапевт сізге жалпы әл-ауқатты жақсарту және ауырсынуды болдырмау үшін демалдыратын, аэробты жаттығуларды үйрете алады. Денеге шағын күш салуды бастаңыз және жаттығу кезінде оларды біртіндеп арттырыңыз. Бұлшықеттерде жарақат немесе ауырсыну болған жағдайда шамадан тыс аэробты жаттығу мен ауыр нәрсені көтеруден сақтаныңыз.
Ағзаның жеткілікті түрде ұйқтап демалғанына көз жеткізіңіз және стрессті азайтуға тырысыңыз. Йога және медитация сіздің жақсы ұйықтап, демалуыңызға көмектеседі.
Егер бұл шаралардың барлығы көмектеспесе, дәрігер сізге дәрілік препараттарды ұсынады. Сондай-ақ физиотерапия немесе арнайы мамандандырылған емдеу клиникаларына жолдайды.
Егер сіздің бұлшықеттеріңіздің ауруы басқа да бір аурулармен байланысты болса, дәрігеріңіздің ауруыңыздың алдын алуға бағытталған барлық жөн-жоралғысын орындауға тырысыңыз.
Қашан дәрігерге қашан тексерілу керек
Төмендегі жағдайлар орын алғанда дәрігеріңізбен кеңесіңіз:
• Бұлшықет ауыруы 3 күннен артық сақталуы;
• Түсініксіз ауырсыну бар болса;
• Бұлшықеттің айналасында ісік немесе қызару сияқты инфекцияның белгілері бар болса;
• Ауырған бұлшықет аймағында қанайналым бұзылған жағдайда (мысалы, аяқтарында);
• Сізді кене шақса немесе теріңізге бөртпе пайда болса;
• Бұлшықеттердегі ауырсынуы дәрілік препараттың дозасын өзгерткеннен кейін пайда болса мысалы, статиндерді
Төмендегі жағдайларда дәрігерге дереу жүгінген жөн
• Сіз кенеттен салмақ қоссаңыз, әдеттегіден аз дәрет сындырсаңыз;
• Сізде тыныс алу нашарлап немесе жұтына алмасаңыз;
• Сізде бұлшық ет әлсіздігі байқалса немесе денеңіздің кез келген бөлігін қозғалта алмай қалсаңыз;
• Құсу, мойын бұлшық еттерінің тырысуы, немесе жоғары температурада
Дәрігерге барғаннан кейін қандай жағдай орын алады
Дәрігер қарауынан кейін, бұлшықеттерде ауырсынудың пайда болуына байланысты сұрақ қояды. Мысалы:
• Ол қашан басталды? Қанша уақытқа созылды?
• Нақты қай жеріңізде ауырады? Ауыру ауқымы таралған ба немесе белгілі бір жерде ғана бар ма?
• Ауыруы әрдайым бір жерде ғана пайда болады ма?
• Ауырсынудың пайда болуына немесе бәсеңдеуіне не себеп болады?
• Бұлшықет ауруының пайда болуымен қоса, буындардың ауруы, безгек, құсу, әлсіздік, немесе зардап шеккен бұлшықетке уақытша күш сала алма? –деген сияқты басқа белгілер пайда болды ма?
• Бұлшықет ауырсынуының қайталану заңдылығы бар ма?
• Соңғы уақыттарда сіз жаңа дәрі-дәрмектерді қабылдадыңыз ба?
Тексеріс үшін қажет болатын әдістер
• Жалпы қан талдамасын өткізу;
• Бұлшықет ферменттерін (креатин фосфокиназы) және Лайма ауруы немесе дәнекер тінінің ауруларын зерттеуге арналған басқа қан сынақтары
Физиотерапия пайдалы болуы мүмкін.
Алдын алу
• Жаттығулардан бұрын денеңізді қыздырыңыз;
• Жаттығу алдында және кейін созылу жаттығуларын жасаңыз;
• Жаттығу алдында, жаттығу кезінде және кейін сұйықтықтарды көп ішіңіз;
• Егер сіз күннің көп бөлігінде бір дене бітіміңіз бір қалыпты жағдайда болса (мысалы, компьютерде отырсаңыз) бұлшықетті созу жаттығуларын кем дегенде әр сағат сайын орындаңыз.
Синонимдері
Бұлшықеттің ауырсынуы; Миалгия
Тегтер:
әртүрлі қарқындылықтағы бұлшықеттердегі ауырсыну,
солқылдау,
сыздап ауру,
қақсап аулу