Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Жалпы ақпарат
Кавасаки ауруы – қантамырларының қабынуынан туындайтын, сирек кездесетін ауру. Бұл ауру балаларда жиі кездеседі.

Себептері
Кавасаки ауруы – ең алғаш Жапонияда пайда болды, және сол жақта әлі де көптеп кездеседі. Бұл ауру қыздардан қарағанда ұлдарды көбірек зақымдайды. Зақымдалғандарддың көпшілігі 5 жастан төменгілер.
Кавасаки ауру толық таныла қоймады, әрі, оның себептері де нақтыланбады. Ол аутоиммундық ауру болуы да мүмкін. Ауру шырышты қабыққа, лимфа түйіндеріне, қантамырларының қабырғаларына, жүрекке жанасады.

Симптомдары
Кавасаки ауруы басталғанда көбінесе дене қызуы 38,8 °С – тан жоғары болып кетеді. 40°С-қа жеткенде қалтырау пайда болып, ұзақ уақыттан кейін қызу түседі. Еген қалтырау 5 күн қатарынан орын алса, бұл аурудың белгілері болып табылады. Ол қалыпты мөлшердегі парацетамол немесе ибупрофенді қабылдамаса, 2 аптаға дейін сақталуы мүмкін.
Аурудың басқа да симптомдары:
• Қан құйылу, көз қызарады (ірінсіз)
• Ерін қою-қызылданып жарылып кетеді;
• Ауыз қуысындағы шырышты қабық қызарып кетеді;
• Тіл қызыл-күреңденіп кетеді, тілдің артқы жоғарғы жағында кішкентай түйіршіктер пайда болады;
• Табан мен алақан қызарып кетеді;
• Аяқ пен қол ісиді;
• Теріде сүйелге ұқсамайтын бөртпелер пайда болады;
• Жыныс мүшелерінің, қол-аяқтардың терілері қабыршықтанып кетеді (тырнақтың айналасы).
• Мойынның липфа түйіндері үлкейіп кетеді (тек бір лимфатүйін ылғый іси береді).
• Дене жақтағы буындар ісініп ауырады.
Қосымша симптомдары:
• Тітіркенгіштік;
• Іш өту, құсу және асқазанның ауруы;
• Жөтел және мұрыннан су ағады.

Диагностикасы
Кавасаки ауруын арнайы зертханалық және құрал-сайманды әдістің көмегімен зерттемесе диагностикалау мүмкін емес. Көп жағдайда дәрігер бұған диагнозды негізгі таралған симптомдарына қарап қояды.
Кейбір жағдайларда балада қалтырау пайда болады, ол 5 күнге созылады. Бірақ, бұл кезде аурудың басқа симптомдары болмайды. Бұл кезде балаларға Кавасаки ауруының атипикалық формасы диагностикаланады.
5 күннен артық қалтыраудан айықпаған балалар Кавасаки ауруына байланысты дәрігер тексеруінен өтуі керек. Балалар үшін бұл аурудың бастапқы сатысында емделу маңызды болмақ.
Төмендегідей тексерулер өткізілуі мүмкін:
• Кеуде ағзаларындағы жасушаларға көлемді рентгенография өткізу керек;
• Қанның жалпы талдамасы;
• С-рактивті ақуыз (СРА);
• Эхокардиограмма (ЭхоКГ);
• Электрокардиограмма (ЭКГ);
• Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ)
• Сарысулық альбумин;
• Қан плазмасының трансаминазы
• Несеп талдамасы. Талдама нәтижесінде несепке ірің мен ағуыз араласып шығады.
ЭКГ және ЭхоКГ секілді әдістермен тексеру арқылы миокардиттің, перикардиттің, артританың, асептикалық менингиттің және қантамыр артериясының қабыну белгілерін анықтауға болады.

Емдеу
Кавасаки ауруына шалдыққан балалар емханаға жатқызылуы керек. Емдік шара басында-ақ қолға алыну керек, себебі сонда ғана қантамырлар мен жүректік бұлшықеттердің зақымдануын тоқтатуға болады.
Ішке гамма-глобулинді көп мөлшерде енгізу стандартты болып саналады.
Гамма-глобулинді енгізгеннен кейін 24 сағаттың ішінде баланың жағдайы жақсару керек.
Ішке гамма-глоубулинді енгізгенде аспериннің көп мөлшердегі дозасы тағайындалады.
Кейінгі кезде стандартты терапияны пайдаланғанның өзінде 1-ден 4 балаға дейін әлі де қантамырлар артериясымен зардап шегуде. Кейбір тексерулер нәтижесінде, стандартты емге стериойдты немесе некрозды ісіктерді тежегіш фактор Энбрел секілді дәрілерді қосқан жөн деген ұйғарымдар жасалып жатыр. Дегенмен, балалардың категорияларын анықтау үшін толық тестілеу жүргізіп көру керек, шынымен қосымша ем қажет етіле ме екен.

Болжамы
Баурудың бастапқы сатысында диагностикалап, емдеуді қолға алғаннан балалардың көпшілігі айығып жатады. Шамамен 100-ден 1 бала осы аурудің әсерінен пайда болаған жүрекке байланысты проблемалардан қайтыс болады. Кавасаки ауруына ұшараған адам жүрегінің мәселелерімен әр 1-2 жыл сайын эхкардиографияға түсіп тұрғаны жөн.

Мүмкін болатын асқынулар
Кавасаки ауруы артериядағы қантамырларының қабырғаларының қабынуын туындатады. Бұл көбінесе аневризмдердің пайда болуына соқтырады. Бұл жас кезде немесе ұлғайған жаста жүрек ұстамасына апаруы да ғажап емес.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Сізде Кавасаки ауруының симптомдары кездесе бастаса дереу дәрігерге тексеріліңіз. Дене қызуы көтерілгенде, ацетаминофенді немесе ибупрофенді қолданғанның өзінде 24 сағат бойы қызу түспесе дәрігер көмегіне жүгініңіз.

Алдын алу
Бұл аурудың белгілі бір алдын алу шарасы жоқ.

Тегтер:
дене қызуының көтерілуі
бала тітіркенгіш болып қалады
ұйқышылдық
денеде ошақты бөртпе пайда болады