Мазмұны

Жалпы ақпарат

Жанама әсерлері

Жалпы ақпарат
Анаболикалық стероидтердің құрамы ер адамдардың жыныстық гармондарына ұқсас болып келеді. Ерлердегі гормоналды бұзылыстарды емдеу, жыныс гормондары кеш жетілгенде және кейбір аурулардың себебінен бұлшық ет массасы жоғалған жағдайларда жүргізіледі. Культуристер мен спортшылар, оларды бұлшық еттерінің массасын көбейту үшін және спорттық қабілеттерін жақсарту мақсатында жиі пайдаланады. Алайда, мұндай мақсатта пайдалану қауіпті.

Жанама әсерлері
Анаболикалық стероидтерді шамадан тыс пайдалану денсаулыққа үлкен зиянын тигізуі мүмкін. Сыртқы келбетіңізді сұрықсыздандырып, мынадай басқа да әсерлерге тап болуыңыз мүмкін.
• Безеулердің пайда болуы
• Ерлердің кеуделері үлкейіп, жұмыртқа бездерінің кішіреюі
• Әйелдердің дауыстары жуарып, денелерінде түктердің пайда болуы
• Жүрек қызметі бұзылып, жүрек ұстамалары пайда болады
• Бауыр аурулары, қатерлі ісік
• Агрессивті мінез құлықтың пайда болуы

Дереккөз: АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институттарының дерекқорынан алынды: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/anabolicsteroids.html

Тегтер:
майдың қосалқы бөлігін азайту
сүйек тіндерін қатайту
күш көрсеткішін арттыру
бұлшық ет массасын шамадан тыс өсіру