Мазмұны

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері

Преэклампсиялар – деп, жүкті әйелдердің 20-сыншы аптасында (яғни, 2-ші және 3-ші үш айлығында) болатын артериялық қысымның көтерілуін және несепте ақуыздың пайда болуын айтады.

Себептері
Преэклампсияның дамуының нақты себептері әлі белгісіз. Болуы мүмкін себептерге мыналар жатады:
• Аутоиммундық аурулар
• Қантамырларының аурулары
• Тамақтану ерекшеліктері
• Тұқым қуалаушылық
Қауіпті факторлары:
• Алғашқы жүктілік
• Егіз көтеру (екеу немесе одан да көп)
• Семіру
• 35 жастан асқаннан кейін
• Қант диабеті, артериялық гипертония немесе бүйрек ауруы

Симптомдары
Әдетте, преэклампсиямен ауратын әйел өзінің ауыратынын сезінбейді.
Преэклампсия мынадай симптомдармен көрініс беруі мүмкін:
• Қол және беттің /көздің ісінуімен
• Салмақтың 1-2 күнде өзгеруінен, аптасына 1 кг қосып отыруынан
Ескерту: табандағы және балтырдағы існулер жүктілік кезіндегі қалыпты жағдай болып саналады.
Ауыр преэклампсияның симптомдары:
• Бастың ылғый ауруы
• Оң жақ қабырға астының ауруы. Сондай-ақ ол оң жақ иық ауырып тұрғандай сезімдер де болады, кейде оны қыжылмен, өт қабы жақтың ауруы, гастрит кезіндегі ауру немесе баланың қозғалуы кезіндегі ауырсынулармен шатастырып жатады
• Тітіркенгіштік
• Несеп аз-аздан жиі бөліне береді
• Жүрек айну және құсу (қауіпті симптом)
• Көру нашарлайды, уақытша көрмей қалу, жарықтан жасқану немесе көздің алдында түрлі-түсті дақтар пайда болу, сондай-ақ жарық жалтарғыштық және бұлдырап көру секілді жағдайлар орын алуы мүмкін

рука


Диагностикасы
Дәрігер жалпы тексеру жүргізеді, тексеру барысында мынадай белгілер көрініс беруі мүмкін:
• Артериалық қысымның жоғарғы көрсеткіші, әдеттегі 140/90 мм.рт.ст. жоғары
• Беттің және қолдың ісінуі
• Артық салмақтың жиналуы
Қан талдамасын өткізуі мүмкін. ол кезде мынадай өзгерісстер байқалуы мүмкін:
• Несепте ақуыз пайда болады (протеинурия)
• Бүйрек ферменттерінің көтерілуі
• Тромбоциттердің саны 100 000-нан төмендеп кетуі
Сондай-ақ тексерулер мынадай мақсатта да өткізілуі мүмкін:
• Қанның жылжымалығын тексеру
• Баланың денсаулығына мониторинг жүргізу

Жүктілік кезіндегі ультрадыбыстық тексеру нәтижесіне сүйене отырып, сондай-ақ басқа да тексерулерге қарай отырып, дәрігер, науқастың жедел босануына рұқсат беру-бермеуді шешеді.
Артериалық қысымы төмен әйелдер өзінің қалыпты қысымының көтерілуіне қарайды, сонымен қатар преэкламсияның басқа да симптомдарына назар салу керек.

Емдеу
Преэклампсияны емдеудің бірден-бір әдісі босандыру болып табылады.
Егер сіздің іштегі сәбиіңіз жеткілікті жетілген болса (37 аптадан асқан болса) дәрігер сізге мерзімінен бұрын босануға кеңес беруі мүмкін, преэклампсияның өршіп кетпеуі үшін бұл ең ұтымты нұсқа болып табылады. Сізге босануды жеңілдету үшін немесе Кесарь тілігі операциясын жасату үшін дәрілік препараттар тағайындалуы мүмкін.
Егер іштегі сәби қажетті деңгейде дамып-жетілмеген болса, және преэклмпсия жеңіл формада келе жатса, оны бала жетілгенге дейін үйде емдеу керек.
Сондай-ақ дәрігер сізге мынадай кеңестер ұсынуы мүмкін:
• Сол жақ қырымен ұзақ уақыт бойы төсекте жатуды;
• Суды жеткілікті деңгейде ішуді;
• Тұзы жеткілікті тағамдарды жақсы пайдалану;
• Балаңыздың және өзіңіздің денсаулығыңыздың дұрыстығын тексерту үшін дәрігерге жиі қаралып тұруы керек;
• (кейде) артериялық қысым деңгейін қалыпты деңгейде бақылап отыру үшін дәрілік препарттар пайдалану;
Кейбір жағдайларда жүкті әйелдерді ауруханаға жатқызуы мүмкін, себебі дәрігер сол кезде ана мен баланың жағдайын тұрақты бақылай алады.

Ауруханада мынадай емдеу жолдары тағайындалуы мүмкін:
• Ана мен баланың жағдайына қатаң түрде мониторинг жүргізіп отыру керек;
• Ұстама, не болмаса басқа да асқынулар орын алмас үшін артериялық қысымды қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін дәрілік препараттар қолданады;
• Стероидтық препараттарды енгізеді (24 аптадан асқанда) баланың тез жетілуі үшін.

Балаңыздың қауіпсіз туылуы үшін дәрігеріңізбен жиі ақылдасып, өзгерістерді талқылап отырғандарыңыз жөн. Бұл келесідей факторларға байланысты:
• Босануға қанша уақыт қалғандығы. Босануға қанша жақын уақыт қалса, балаңызға соншалықты қауіпсіз болады.
• Преэклапсияның салмағына байланысты. Преэклампсия ауыр асқынып кетсе, ананың өміріне қауіп төнеді.
• Бала өзін жатырда қаншалықты жақсы сезінетіндігі жайында.
Преэклампсияның мынадай салмақты симптомдары орын алып жатса мерзімінен бұрын босандыруға тура келеді:
• Бала қажетті деңгейде жетіле алмай жатса, оған қажетті деңгейде ауа мен қан жетіспей жатса;
• Диастоликалық артериялық қысым сынап бағанысымен 110 миллиметрінен асып кетсе немесе ол 24 сағаттың ішінде сынап бағанысымен 100 миллиметрінен ылғи көтеріліп кете берсе;
• Бауырдың қалыпты функциясының бұзылысы;
• Бастың қатты ауруы;
• Іштің ауырсынуы;
• Қалтырау немесе естен тану (эклампсия);
• Өкпеден сұйықтықтың тамуы (өкпе ісігі);
• Несеп бөлінуінің нашарлауы, несеппен бірге ақуыз сияқты бүйректен қорытылмай түрлі нәрселердің шығуы.

Болжамы
Босанғаннан кейінгі алғашқы бірнеше күнде артериалық қысымның жоғарлауына қарамастан, преэклампсияның симптомдары босанғаннан кейін 6 ай өткенде кетеді.

Егер сізде преэклампсия диагностикаланған болса, және ол сіздің келесі жүктілігіңізде сізді тағы да мазалайтыны нақты болса,уайымдамаңыз, ол бұрынғысынан қарағанда жеңілірек өтеді.

Егер сіздің бір жүктілігіңізде артериалық қысым жоғарлаған болса, ол сіздің жас ұлғайған сайын кейін өміріңізде де ойнамалы болып қалады.

Мүмкін болатын асқынулар
Сирек кездесетін, аналар үшін ауыр соғатын асқынулар мынадай болып келеді:
• Қан кету;
• Толғаққа дейін бала жолдасының жарылуы;
• Бауырдың жыртылуы;
• Инсульт;
• Өлім (сирек жағдайда)

Дәрігерге қашан қаралу керек
Жүктілік кезінде преэклампсияның симптомдары көріне бастағанда дәрігерге қаралыңыз.

Алдын алу
Преэклампсияның ешқандай алдын-алу шарасы жоқ. Жүкті әйелге туу алды күтім мен жүктілік кезінде барынша күтіну қажет.

Синонимдері
Токсемия; Гипертензия, индуциролық жүктілік

Дереккөз: https://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000898.htm

Тегтер:
экмампсия
преээклампсия
жүктілік
жүктілік кезіндегі артерялық қысымның жоғарлауы
қалтырау
несептегі ақуыз
бас ауруы
қауіп